3 дәріске СОӨЖ тақырыбы . Ғылыми журналдардағы академиялық бағытта
жазылған бір жұмысқа талдау жасау, оның құрылымын айқындау
3 дәріске СӨЖ тақырыбы . Академиялық жазылым талаптарын сақтай
отырып, зерттеу тақырыбына байланысты сауалнама құру
4-Дәріс. ЭССЕ ЖАЗУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 1. Эссе жазудың мақсаты мен міндеттері.
2. Эссеге қойылатын талаптар мен олардың құрылымдары
3. Эссенің негізгі түрлері
Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai - тәжірбие, лат.т. exagium-құрау) – философиялық,
әдеби, тарихи, публицистикалык,әлеуметтанулық, саяси жене тағы баска
саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.
Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде эссеге: «Эссе - бір нерсенің әсерінен
болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма» деген аныктама берілген.
Классикалык эссе - бұл еркін такырыпқа жазылған, көркемдік қиялдан азат
қысқа көлемді шығарма. Эссенің мақсаты - әртүрлі дәйектер мен делелдер
келтіре отырып, берілген тақырыпты ашу. Онда нақты айғақтар беріліп, мысал
келтіріледі.
Эссе екіге бөлінеді: 1.
субъективті; негізгі мақсаты - авторды жан жақты ашу, таныту;
2.
объективті; негізгі мақсаты - белгілі бір ғылыми тақырып бойынша
автордың көзқарасын ашу, таныту.
Қолданылуына карай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, батыс
елдерінде ЖОО-та түсуде талап етіледі. Жазылу көлемі: 500 сөз, 1-2 беттен
кейде 20 бетке дейін.
Эссеге тақырыптардың шектеусіздігі, автордың өз тәжірибесіне негізделген
жеке ұстанымның еркін мазмұндалуы тән. Мұнда стиль маңызды рөл
ойнайды. Əртүрлі эссе байқауларында (оқуға пайдаланудың алдындағы
сынақтарда, сондай-ақ шығармашылық байқауларда) мәселен, 500 сөздің
көлемінде эссе жазу тапсырылады.
Мінсіз эссе жазудың дайын ережесі жоқ және болмайды да, бірақ эссе жазу
дағдыларын жүзеге асыруға көмектесетін ережелер мен нұсқаулар бар.
Ең алдымен, өзінің хабарлайтын, жазатын, ой толғайтын, талқылайтын
нәрсең туралы анық білуің керек. Сондай-ақ эссе жазуға итермелеген не нерсе,
эссені кім оқитыны түсіну өте маңызды. Оқырманның назарын өзіне
аудартатын, мүмкін болса, қарсы жауап реакциясын тудыратындай өз ойыңды,
сезіміңді, көңіл- күйіңді жеткізу үшін мәнерлі, мазмұнды, күшті сөздерді
дұрыс таңдай білу керек. Эссе жазатын адам үшін ең маңызды қасиет - тілді