Дәріс академиялық жазылым пәні бойынша түсінік



Pdf көрінісі
бет32/48
Дата15.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#122711
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48
ПІКІР 
Пікір 
(рецензия) дегеніміз - ғылыми зерттеу жұмысына (реферат, мақала, 
монография, эссе, магистрлік/докторлық диссертация, курстық/дипломдық жоба т.б.) 
жүргізілетін шынайы талдау. Пікір беруші рецензент, пікір беру жұмысы рецензиялау деп 
аталады. Рецензенттің басты міндеті - жұмысты құр сипаттау емес, ғылыми еңбек 
авторкөзқарасын қолдау немесе оған қарсы аргументтелген фактілер керсету, зерттеудің 
жетістіктері мен кемшіліктеріне баға беру. Пікір әділ, нақты,шынайы, еңбектің ғылыми
практикалық маңыздылығы турасында, жеке көзқарастардан ада, эмоциясыз берілуі тиіс. 
Пікір бермес бұрын рецензент материалмен мұқият танысып шығуы қажет. 
Ғылыми ортада курстық/дипломдық жоба, диссертация (магистрлік/докторлық), 
монография, оқу құралы, әдістемелік құрал, мақала, ғылыми жоба сияқты зерттеу 
еңбектерге пікір талап етіледі. Ғылыми жұмысқа берілетін пікірдің құрылымы, негізінен, 
мына мәліметтерді қамтиды (пікір талап етілетін жағдайға қарай өзгерістер болуы мүмкін, 
кейде пікірдің дайын формасы беріледі): 
• ғылыми еңбектің атауы, авторының аты-жөні, лауазымы
• негізгі бөлім (зерттеу тақырыбының өзектілігі мен тақырыптың ашылуы; мәселенің 
теориялық тұрғыдан терең зерттелгенін дәлелдейтін дәйексездердің берілуі, мәтін 
құрылымының логикалық жақтан дәйектілігі; зерттеу мақсатына сәйкес әдістердің 
қолданылуы; қойылған мақсатміндеттердің орындалуы); 
• жетістіктері мен кемшіліктері; 
• жұмыстың ғылыми және практикалық құндылығы; 
• сауаттылығы, ресімделуінің талап етілетін нормаларға сәйкестігі; 
• ұсыныс (курстық/дипломдық жоба, реферат т.б. үшін қорытынды баға, кейде қорғауға 
жіберу/жібермеу туралы ұсыныс; мақала, тезис, бяндама т.б. үшін жариялауға 
жіберу/жібермеу туралы ұсыныс; магистрлік/докторлық диссертация үшін ғылыми дәреже 
беру/бермеу туралы ұсыныс); 
• пікір берушінің аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны, қолы (мекеме мерімен расталады). 
Кей жағдайларда ішкі және сыртқы пікір қажет болуы мүмкін. Ішкі пікірді, әдетте, 
ғылыми жұмыстың жетекшісі, автормен бір мекемеде жұмыс істейтін әріптес ғалым береді. 
Сыртқы пікір беру үшін өзге мекемелердің, ЖОО-лардың ғалымдары тағайындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет