Дәріс академиялық жазылым пәні бойынша түсінік


Кіріспе көлемі жазылатын эссе көлеміне тікелей байланысты



Pdf көрінісі
бет25/48
Дата15.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#122711
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48
Кіріспе көлемі жазылатын эссе көлеміне тікелей байланысты. 
Егер 
жиырма беттен тұратын ғылыми жұмыс жазылса, екі бет кіріспе жазылуы 
мүмкін. Сондықтан да кіріспені көлемді түрде жазуға болмайды. Егер 
кіріспеде тақырып жөніндегі әдебиеттерге кеңінен тоқталу қажет болса, оны 
әдебиеттерге шолу бөлімінде жазуға болады. 
Мүмкіндігінше ой анық болуы керек. 
Талқыланатын тақырып 
алғашқы сөйлемнен-ақ білінуі қажет. Ойды немесе тақырыпты алыстан қозғау 
жиі кездесетін қателік. Жоғарыда айтылғандай, кіріспе – жазба жұмыстың ең 
жиі оқылатын бөлімі, сондықтан бұл бөлім мүмкіндігінше жинақы әрі жүйелі 
болуға тиіс. Автор ойын кіріспеде анық білдіруі қажет болса, оны кіріспенің 
соңында беруіне болады, бірақ бұл міндетті емес.
Сонымен, кіріспені жазудың қарапайым жолдары мынандай: 

Оқырманды жұмысты оқып шығарлықтай құнды екеніне сендіру; 

Кіріспені жалпы ақпараттан бастау, бірақ алыстан орағытып әкелетін 
ауқымды мағлұматтардан бастамау; 

Кіріспені соңынан жазу; 

Алғашқы сөйлемге ерекше мән беру. 


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 

Кіріспені жазу барысында неліктен бірінші сөйлемге ерекше мән 
береміз? 

Кіріспе мен қорытынды арасында қандай айырмашылықтар бар? 

Кіріспеде жазба жұмысының құрылымы таныстырыла ма? 

Кіріспе бөлімінде статистикалық мәліметті қолданудың мақсаты неде? 

Жазылым үдерісінде кіріспені қай кезенде жазған дұрыс? 
 
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 

Кіріспені жазу барысында неліктен бірінші сөйлемге ерекше мән 
береміз? 

Кіріспе мен қорытынды арасында қандай айырмашылықтар бар? 

Кіріспеде жазба жұмысының құрылымы таныстырыла ма? 

Кіріспе бөлімінде статистикалық мәліметті қолданудың мақсаты неде? 

Жазылым үдерісінде кіріспені қай кезенде жазған дұрыс? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет