Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі


Шаңжапырақтәрізділер бөлімі



бет11/16
Дата15.10.2023
өлшемі133,34 Kb.
#115348
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Дәріс тезистері (1)

Шаңжапырақтәрізділер бөлімі
Шаңжапырақ тәрізділер немесе Шаңжапырақтар (Pteridophyta немесе Polypodiophyta) бөлімі

  1. Шаңжапырақтылардың жалпы сипаттамасы

  2. Даму кезеңінің ерекшелігі және классификациясы

Жалпы сипаттама. Шаңжапырақтылар ең жоғары дамуға тас көмір кезеңінде жетті, ол кезде шаңжапырақтылар құрылықта үлкен территорияны алып жатты және бүкіл жер шарына таралды.
Олар алуан түрлі формада, соның ішінде үлкен сүректі өсімдіктер түрінде. Қазірге кезде шаңжапырақтылар негізінен шөптесін өсімдіктер түрінде сақталған. Сүректі өсімдіктер (ағаш) шаңжапырақтылар аздаған мөлшерде тропикада өседі.
Шаңжапырақтылардың тегі псилофиттерден шыққан олардың эволюциясында макрофилия (үлкен жапрақтылар) пайда болады. Алғашқы шаңжапырақтылардың жапырағы болмаған.
Шаңжапырақ тәрізділердің сабағы алуан түрлі. Көптеген түрлерінің сабағы жатаған, жіңішке. Шаңжапырақтылардың стелярлы құрылысы да алуан түрлі. Бұларда әртүрлі топтарда стельдің барлық типтері кездеседі (протостель, сифоностель, диктиостель, полициклия, эустель). Протостель – ксилемадан тұрады оның жан-жағында флоэма болады. Сифоностель (грек siphon – түтікше және стела). Сифоностельде ксилема және флоэма паренхималық өзектің айналасына орналасады. Диктиостель (концентрациялық флоэма ксилеманы қоршап жатады) торлы цилиндр тәрізді. Шаңжапырақтыларда камбии болмайды. Эустелла – көптеген бөлшектенген жабық өткізгіш шоқтан тұрады.
Шаңжапырақтыларда спорангии жапырақтың астыңғы жағында пайда болады, сирек олар жалғыз – дара, көпшілігінде спорангии үйме түрінде болады- сорус ерекше жабын (индузиямен) қапталып жатады.
Бірақ қарапайым шаңжапырақтыларда спорангилері қарапайым дара болып келеді де, псилофиттердікінде бұтаның ұшында орналасады.
Кейбір шаңжапырақтыларда спорангии жапырақтың үстіңгі және субэпидермалы жасушалар тобынан түзіледі. Бұл жағдайда ересек спорангилдің қабырғасы көпқабатты. Мұндай спорангиилер ертедегі шаңжапырақтыларға және бірқатар қарапайым қазіргі кездегі қатарларға тән.
Басқаларында спорангии бір жасушадан түзіледі және ересек түрінде қабырғасы бір қабатты болып келеді. Бұл шаңжапырақтылар өзінің дамуы жағынан жас.
Спорангиилер қабырғасында дамыған арнайы сақиналар біркелкі жуандамаған жасушалар тобы арқылы ашылады. Шаңжапырақтылардың қарапайым өкілдерінде мұндай бейімделу немесе құралдар болмайды.
Шаңжапырақтылардың арасында теңспоралы және әртүрлі споралы өсімдіктер кездеседі. Споралар дамығанда өскіндер (гаметофиттер) дамиды.
Теңспоралы шаңжапырақтылардың өскіндері (гаметофит) жасыл болады да, өзбетінше қоректенеді.
Әртүрлі споралы шаңжапырақтыларда гаметофиттің әсіресе аталық гаметофитті қатты редукциялануы байқалады. Аталық өскіндер өзбетінше тіршілік ету және қоректенуін жояды.
Даму циклінде спорофит айқын басым, жақсы дамыған, гаметофит керісінше қатты редукцияланған, әсіресе әртүрлі споралы шаңжапырақтыларда.
Шаңжапырақтылардың эволюциясы гаметофиттің әрі қарай редукциялану бағытында жүреді, спорофит өте қатты дамуда болады, бұл процесс тұқымды шаңжапырақтылардың пайда болуына әкеп соқты, бұларда жұмыртқа жасушаның ұрықтануы және әріқарай дамуы спорафитте өтеді. Тұқымды шаңжапырақтылар қазіргі уақытта жойылып кеткен, олар жоғары дамыған өсімдіктер – ашықтұқымдыларға бастама берген.
Шаңжапырақтылар қазіргі уақытта жоғары споралы өсімдіктердің арасында ең кең тараған бөлімі. Олардың 10000 аса түрі белгілі. Шаңжапырақтылар алғаш рет жоғары девонда пайда болады.
Шаңжапырақтылар бөлімі бірнеше классқа бөлінген.
1-класс Алғашқы шаңжапырақтылар (Primofilices). Бұл класқа тек жойылып кеткен, қазбаларда кездесетін өсімдіктер жатады. Алғашқы қарапайым шаңжапырақтылар псилофиттерге өте ұқсас болып келеді. Бұл кластың өкілдері. Протоптеридиум (Protopteridium) туысы. Тік сабақтары дихотомиялы тармақталған. Спорангиилері тармақталған. Спорангиилері тармақты ұшында. Споралы тең. Кладоксилон (Cladoxylon) туысы девонан төменгі карбонға дейін тараған. Ол аса биік емес 25 см дейін жететін бұта түрінде. Өркендері дихотомиялы тармақталып 4-6м жеткен. Жоғары бөлігінде тобымен спорофилл дамыған. Әрбір бұта бір спорангиямен аяқталған.
Стауроптерис (Stanropteris)туысының өкілдерінде – спорангииларында сақина болмаған сондықтан спорангии төбе тесігі арқылы ашылған.
2 –класс Ужовниктер (Ophiodlosfopsida) класы
Ужовиктер кішкентай шөптесін өсімдіктер. Оларда жерастында жататын тамырсабақ (корневища) болады. Тамырсабақтан жоғары қарай, жербеті жапырақтары кетеді, жапырақтары екі бөлімге бөлінген – споралық және жасыл, бедеу екеуіде бір сағаққа бекінген. Тамырсабақтан төмен қарай бірнеше жуан тамырлар кетеді.
Бұл класқа үш туыстан тұратын 1 тұқымдас 1 қатар жатады.
Ужовиктер (Ophiodlosales) қатары бұл қатардың өкілдері: ужовник (Ophiodlosum), ботрихиум (Botrychium), Гельмиинтостахис (Helmintostachys).
Ужовик туысының 45 түрі бар, көпшілігі тропикада кездесетін эпифитикалық өсімдіктер.
ТМД елдерінің солтүстік және орталық Европа бөлігінде кәдімгі ужовник кеңінен тараған (О.vuldatum). кәдімгі ужовниктің жеміссіз бөлігі сопақша бүтін пластинкалы жапырақ түрінде болады. Споралық бөлігі сабақ түрінде масақпен аяқталады. Масағында спорангиялар екі қатар болып орналасады.
Әрбір қатардың спорангиялары бір-бірімен өзара бірігіп, синангии түзеді.
Шартәрізді спорагниидің қабырғасы көпқабатты болып келеді. Онда көптеген бірдей (тең) споралар дамиды. Спорангиилеры сақиналы ұзын бойына жарылып ашылады. Ужовниктің өскіні түссіз, жер астында 2-10 см тіршілік етіп сонда дамиды. Ұзындығы 5-6 см, ені 0,5-1,8 см жетеді.
Өскіннің құрылысы радиальды және паренхималық жасушадан тұрады. өскінде ризодтар болмайды, сыртқы қабатында саңырауқұлақтың гифтары болады. өскінде көптеген мөлшерде антеридии және архегонии түзіледі. Сперматозоидтары көпталшықты.
Ұрықтанудың нәтижесінде пайда болған ұрық алғашында өскіннің ұлпасында болып сол арқылы дамиды. Кейін өскінде сабақ паайда болады, төменгі бөлігі тамыршаға айналады.
Өскіннің ұлпасын жарып шығып топыраққа бекініп әрі қарай өз бетінше тіршілік етеді. Жас өсімдіктің дамуы өте баяу жүреді. Жапырақтың толық жетілуі үшін 5-6 жыл керек.
Ботрихум туысында 35 түр бар. Олар барлық жер бетінде таралған. Ужовиктан тілімделген жапырағымен және бұталы споралы бөлігімен.
Спорангии бос, бірікпеген. Ботрихумның сабағында камби сақинасы бар. Камби сабақтың ортасына қарай екінші ксилема сыртына қарай-флоэма қабатын түзеді. Сондықтан сабағы жуандауға қабілетті, бұл ужовниктерді басқа өкілдеріне ерекше ажыратады.
Мараттиялықтар (Marattiopsida) класы
Мараттиялықтар қазіргі заманғы, жойылып жер асты өсімдіктер түрінде қазіргі кездегі мараттиялықтар тропикалық облыста тараған. Бұл класс 6 туыстан тұратын 1 тұқымдастан тұрады.
Дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

  1. Шаңжапырақтылардың басқа жоғарғы споралыдан айырмашылығы неде?

  2. Шаңжапырақтылардың бейімделу эволюциясы қандай?

  3. Теңспоралы шаңжапырақтылардың құрылысы қандай?

  4. Еркек шаңжапырақтың гаметофитінің құрылысы қандай?

  5. Әртүрлі споралы Сальвинияның даму кезеңінің ерекшелігі қандай?

1.Шаңжапырақтәрізділердің споралы масағы бар өкілі:


A) Еркек шаңжапырақ
B) Полушник
C)& Ужовник
D) Селагинелла
E) Сальвиния
2. Еркек шаңжапырақтың спорангиінің орналасуы:
A) Жапырақтың үстіңгі бетінде және масақта
B) Жапырақтың үстіңгі бетінде
C) Жапырақтың үстіңгі және астыңғы бетінде
D) Масақта
E)& Жапырақтың астыңғы бетінде
3. Жоғары споралы өсімдіктерде алғаш ерт әртүрлі споралық байқалатын қатар:
A) Плаундар
B) Қырықбуындар
C)& Селагинелалылар
D) Сальвиниялылар
E) Сфагнумдар
4. Сорусы жапырақтың астыңғы бетінде дамитын өсімдік:
A) Көкек зығыры
B) Маршанция
C) Сальвиния
D)& Еркек щитовник
E) Сфагнум
5. Шаңжапырақтардың табиғатта таралуы:
A) Тұқым түзумен
B) Жынысты көбеюмен
C)& Вегетативті көбею және спораның көмегімен
D) Зооспорамен
E) Конидиямен




12

Ашықтұқымдылар бөлімі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет