Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі



бет13/16
Дата15.10.2023
өлшемі133,34 Kb.
#115348
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Дәріс тезистері (1)

Жабықтұқымдылар бөлімі – Angiospermae

  1. Жабықтұқымдылардың жалпы сипаттамасы.

Вегетативтік мүшелерінің морфологиялық – анатомиялық ерекшелігі.

  1. Қосарынан ұрықтанудың биологиялық маңызы.

Гүлдің шығу тегінің проблемасы.

  1. Қосжарнақтылар класы.

Сарғалдақгүлділер, раушангүлділер, бұршақгүлділер қатары.
Жабықтұқымдылар немесе гүлді өсімдіетер жер бетінде пайда болу уақыты жағынан ең жасы бола тұра, сонымен қатар жоғары құрылымды өсімдіктер шотына жатады. Эволюция барысында бұл бөлімінің өкілдері басқаларға қарағанда кеш пайда болғанымен, олар жер бетінде тез шараланып жер шарында басымдылық көрсететін, өзінен бұрын пайда болған өсімдіктерді ығыстырады.
Жабықтұқымды өсімдіктерге тән ерекшелік оларды өзіне ғана тән басқа өсімдіктер топтарында кездеспейтін мүше гүлдің болуы. Сондықтан жабықтұқымдылар өсімдіктерді гүлдің өсімдіктерден атайды. Бұлардың тұқымбүрі жасырын, ол аналықтың ішінде, оның түйсінінде дамиды. Соныдықтан жабықтұқымды өсімдіктердің басқаша аналық өсімдіктер деп атайды.
Жабықтұқымдыларда шозаң ашықтұқымдылардан тұқымбүріне келіп түспейді, бұларда ерекше мүше аналықтың аузына келіп түседі. Жұмыртқа жасауша ұрықтанғанан кейін тұқым бүрінен тұқым түзіледі, ал аналық түйінен жеміс пайда болады. Жабықтұқымдыларда алдыңғы бөлімдеріндегідей екі ұрпақтың алмасуы болады. Көптеген жоғарғысатыдағы өсімдіктердегідей жақсы жетілген, басына түрде жыныссыз ұрпақ – спорофит басым болады, жынысты ұрпақ – гаметофит, ашықтұқымдылармен салыстығанда көп қысқарған.
Жабықтұқымдыларда өсімдіктер әлемінің басқа бөлімдерінде жоқ қосарынан ұрықтану процессі болады. Қосарынан ұрықтану нәтижесінде 2 зигота түзіледі. Олардың біреуі әрі қарай дамып ұрыққа бастама береді, екіншісінен ұрықытың қоректік ұлпасы – эндоскерлі түзіледі. Эндоспермге бастама беретін зигота жабықтұқымдыларда триплоидты өйткені оның түзілуінде гаплоидтты хромосома саны бар 3 жасуша қатысады. Тұқым ұрпағына бастама беретін (ұрпаққтанған жұмыртқа жасуша) зигота диплондатты.
Сыртқы орта жағдайына жақсы бейімделген жабықтұқымды өсімдіктер вегетативтік және репродуктивтік мүшелері – тамыр, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым жағынан алуан түрлігімен ерекшеленеді. Олардың анатомиялық құрылысы күрделі және жетілген болып келеді. Олардың ашықтұқымдыларда кездесетін трахеидтер мен салыстырғанда жақсы болады сол себепті жабықтұқымды өсімдіктердің жиі түтікті өсімдіктер деп атайды.
Жабықтұқымды өсімдіктер көлемі, мөлшері жағынан алуан түрлі. Олардың арасында өте кіші, майда бірнеше сантиметрден (ряска) үлкен алып, биіктігі 100 м-н асатын (эвкалинт) өсімдіктер кездеседі.
Жіктеулі (классификация). Жабықтұқымдылардың көптеген алуан түрлі өсімдіктері екі классқа бөлінеді; қосжапырақтылар және даражапырақтылар болып. Бұл класстардың аты айтып тұрғандай, олар біріншіден тұқым жарнағының санына байланысты. Қосжапырақтылар класының өкілдерінде тұқым ұрығында 2 тұқым жарнағы болады, ал даражапырақтыларды 1 тұқым жарнағы. Бірақ жабықтұқымды өсімдіктердің 2 классқа бөлінуі тек тұқым жарнағының соңына ғана негізделмеген, оданда басқа көптеген белгілеріне және биологиялық қасиетіне байланысты болуы, төменде класстардың белгілері келтірілген.



Қосжарнақтылар

Даражарнақтылар

Тұқым ұрығында 2 тұқымжарнағы.
Тұқымы эндоспермді немесе энросперімсіз.
Сабағында әрқашанда камбий бар, сондықтан жуандауға қабілетті.
Өткізгіш шоқтары ашық.
Өткізгіш шоқтары сабақты шеңбер бойында орналасқан.
Жапырақтар формасы жағынан алуан түрлі, жиі күрделі.
Жапырақтарының жапырақшасы бар.
Жапырақтарының жүйкеленуі шорлы немесе қаурсынды .
Гүлі көпшілігінде 5-мүшелі (5 тостағанша, 5- күлтеше аталығы немесе 10жеміс жапырақшасы 5)
Гүлсерігі көпшілігінде қосарлы.
Басты ұрпақтың тамыр жақсы жетілген.
Тамыр жүйесі кіндік тамыр.

Тұқым ұрығында 1 тұқымжарнағы
Тұқымы эндосперлерді.
Сабағында камбий жоқ сабағы жуандамайды.
Өткізгіш шоқтары жабық.
Өткізгіш шоқтары сабақта шашыраңқы оналасқан.
Жапырақтары көпшілік жағдайда таспа немесе лацент тәрізді, қарапайым.
Жапырақтарының жапырақшасы жоқ.
Жапырақтарының жүйкеленуі параллельді немесе доғалы
Гүлі көпшілігінде 3 мүшелі (аталығы 3 немесе 6, жеміс жапырақшасы 3, гүлсерігі 3 немесе 6).
Гүлсерігі көпшілігінде қарапайым.
Ұрықтың тармыры дамуын ерте тоқтатады және қосалқы тамырға алмасады.
Тамыр жүйесі шашақ тамыр.

Қосжарнақтылар және даражарнақтылар арасындағы жоғарыда көрсетілген айырықша белгілер абсолютті емес, өйткені қосжарнақты өсімдіктер арасында даражарнақты өсімдіктердің белгілері кездесетін өсімдіктер түрлер болады немесе керісінше.


Қосжарнақтылар арасында сүректі өсімдіктер көп кездесуі және қосжарнақтылар шығу тегі жағынан шөптесін өсімдіктермен салыстырғанда көне ерте пайда болған өсімдіктер. Демек қосжрнақтылар жабықтұқымды өсімдіктердің ішіндегі ең көнесі және даражарнақтылар өсімдіктерге бастама берген.
Қосжарнақтылар класы – Dicotylecloneae немесе Magnoliatae. Бұл класқа 200 мыңдай түр жатады.
Сарғалдақгүлділер қатары – Ranunculales. Қатардың анатомиялық және морфологиялық құрылысы сарғалдақтар тұқымдасына – Ranunculales өте ұқсас. Сарғалдақтар тұқымдасына 1200 аса түр жатады, олардың 500 ге жуығы ТМД елдерінде, Қазақстанда 176 түрге жуығы кездеседі. Тіршілік формасы бұталар, шөптесін өсімдіктер. Тамыр жүйесі кіндік тамыр, сирек шашақ тамыр. Көптеген көпжылдық түлерінде тіршілігінің 1 жылында тамыр жүйесі кіндік тамыр болады да, 2 және келесі жылдары пайда болған. Қосалқы тамырлардан шашақ тамыр түзіледі. Сабақтары тік жатаған, шырмалғысы. Жапырақтары қарапайым жапырақшасы жоқ, орналасуы кезектесіп, формасы алуан түрлі – бүтінен тілшеленге дейін, жүйкеленуі торлы. Гүлдер формасы жағынан алуан түрлі, әдетте дара, сирек жағдайда аз гүлді гүлшоғырына жинақталған, қос жынысты көпшілігінде дұрыс гүл, бірақ кейде бұрыс гүл. Күлтешелері 4-н 20-дейін ашық реңді: күлтешесі бөлінген. Аналығы (гинецей) бірікпеген. Түйсіні жоғанғы. Сарғалдақтар тұқымдасы әділ болса қалыптасу кезінде, тұқымдастың ішінде.
Дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



  1. Қосжарнақтылар класының морфологиялық белгілері

  2. Жабықтұқымды өсімдіктердің жіктелуінің прициптері

  3. Сарғалдақгүлділер қатары өкілдерінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

  4. Раушангүлділер қатары өкілдерінің морфологиялық және систематикалық ерекшеліктері

  5. Бұршақгүлділер қатары өкілдерінің құрылысындағы ерекшеліктер

1.Сарғалдақ тұқымдасының бұрыс гүлі бар өкілін ата


A) &Аконит, живокость
B) Калужница, купальница
C) Лютик, ветреница
D) Василистник, аконит
E) Василистник, живокость

2.Раушангүлдер тұқымдасының классификациясы қандай белгісіне негізделген


A) Тіршілік формасына
B) Гүлдің құрылысына
C) Қөбею әдісіне
D) Гипандийдің
E) &Гүлдің және жемістің құрылысына

3.Бүлдіргеннің жемісі қалай аталады


A) Листовка
B) &Біріккен тұқымша
C) Біріккен сүйекше (костянка)
D) Біріккен жаңжақ
E) Жемісті алма

4.Раушангүлдер мен бұршақгүлділер қатарын байланыстырушы тұқымдас қандай


A) Раушангүлділер
B) Цезальпиналылар
C) &Мимозалылар
D) Бұршақгүлділер
E) Сарғалдақгүлділер

5.Бұршақтұқымдастар топырақтүзілу процессінде қандай роль атқарады


A) Топырақтың структурасын жақсартады
B) Топырақты фосформен
C) &Топырақты азотпен байытады
D) Топырақты калимен байытады
E) Физикалық қасиетін жақса






14



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет