Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі



бет14/16
Дата04.02.2023
өлшемі133,25 Kb.
#65144
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Жабықтұқымдылар бөлімі.
1. Қазтамақ гүлділер (Geramales) Шатырша гүлділер (Apiales), орталықтұқымыдылар (Centrospermes) қатарларының құрылыыс және биологиялық негізгі белгілері, классификациясы.
2. Киеуілдіктер (Capparles), Түтікгүлділер (Tubiflurales), Астрагүлділер (Altarales), Шамшатгүлділер (Fagales), Талгүлділер (Salicales) жалпы сипаттама.
3. Даражапырақтылар класының қатарларына жалпы сипаттама. Вегентативтік мүшелері. Гүлі және тұқымдыларының құрылысындағы ерекшеліктері.
Қазтамақ гүлділер қатараныың өкілдеріне тән белгілер, гүлдері көпшілік жағдайда актиноморфты, сирек жағдайда зигоморфты, гүл серігі қосарлы, бес мүшелі, аталығы екі немесе бір шеңберде орналасқан. Бесжеміс жапырақшасы жоғары түйіні бар ценокарпты гинецей түзеді. Тіршілік формасы көпшілігінде шөптесін, сирек сүректі және бұталы өсімдіктер. Қатар зығырлар, қазтамақтар, адыраспандар тұқымдастарына бөлінеді.
Шатырша гүлділер қатарының өкілдерінде гүлдері актиноморфты, гүлсергі қосарлы бес – төрт бөліктен тұрады, тостағаншасы өзгеріске ұшыраған. Аталықтары бір шеңберде және күлтешемен кезектесіп отырады. Ценокариты гинецейі әдетте екі жемісжапырақшасынан тұрады. Түйсіні екі ұялы төменгі, әрбір ұяда бірқабақты бір-бірден тұқымбүрі орналасады. Тіршілік формалары шөптері, бұталары, үлкен емес ағаштар және меандар, жапырақтары кезектесіп орналасады. Кең тараған өкілдері женьшень, барқыт шөп, армия, утамыр, тмин, балдырған, убалдырған, сосыр, аскок т.б.
Орталықтұқымдылар қатары. Бұл қатарға кіретін өсімдіктер көпшілгінде шөптесін өсімдіктер, бірақ сүректілерде бар. Олар құрғақ климатты субтропикалық аймақта тұзды топырақта кең таралған. Жапырақтары кезектесіп немесе қарама-қарсы орналасқан көбінде жапырақша болмайды. Гүлдері майда, ұсақ ренсі. Гүлсерігі қарапайым, бос және біріккен бөліктерінің саны 5-н бірге дейін. Кейде гүлдері жалаңаш. Андроцейі бес аталықтан, кейде одан аз. Гинецейі көпмүшелі, ценократы 2-3 сирек 4 жеміс жапырақшадан немесе апокариты. Қошарға бірнеше тұқымдастар кіреді. Солардың ішінде ең маңызыдылары: алаботалар, қалампылар тұқымдастары.
Киеуілдіктер қатарының гүлсерігі көпшілік жағдайда қосарлы, шеңберлі. Аталықтары әртүрлі саны, әдетте бос. Гинецейі паракариты, түйсіні жоғары. Тұқымы эндоспермді. Тіршілік формасы ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер, жапырақтары қарапайым жапырақшасы жоқ. Гүлдері қосжынысты, дұрыс гүл, сирек зигоморфты. Басты тұқымдасы орман жапырақтылар тұқымдасады. Көпшілік жағдайда біржылдық, екі және көпжылдық шөптесін өсімдіктер, өте сирек жартылай бұталар. Гүлдері дұрыс, қосжынысты. Гүл серігі қосарлы. Күлтешесі бос 4 күлтеден әртүрлі түсті: ақ, сары, фиолет т.б. Тостағаншасы 4 жапырақшадан. Күлтеше және тостағанша жапырақшалары крест тәрізді орналасады. Аталығы 6, оның сыртықы екеуі, ішікі 4-не қарағанда қысқа болады. Аналығы біреу екі жеміс жапырақшасынан тұрады, түйіні екі ұялы жоғары түйсін. Жемісі бұршақ. Тамыр жүйесі кіндік тамыр, көпшілігінде тамыр жеміс түзеді. Кең тараған өкілдері: орамжапырақ, қыша, шомыр, суренка.
Түтікгүлділер қатарының гүлдері түтікше тәрізді. Гүлсергі қосарлы күлтешесі біоіккен, гүлі актиноморфты немесе зигоморфты. Аталығы 5. Аналығы кейбір тұқымдастарда 5-3 көпшілігінде 2 жапырақшадан тұрады. Түйсін жоғары, кейде төменгі, ұяларының саны жеміс жапырағының санына сәйкес. Жемістері әралуан: қорабша, жидек, жаңғақша. Басым көпшілігі шөптесін өсімдіктер. Жапырақтары қарапайым, жапырақшасыз. Қатарға төмендегідей тұқымдастар жатады. Айлауықтар (Boraginalae) Алқа (Solanaclae), Ерін гүлділер (тау қалақайлары) – (Lamiaclae), Сабын көктер (Scrophlariaceae), Сұңғыл (Orobanchaclae).
Астра гүлдер қатары – бұл қатар қосжапрақты өсімдіктер арасында ең жасы және жоғары құрылымды өсімдіктер, қатардың өкілдерінде ертедегі қарапайым белгілер жоқ. Филогенетикалық жүйесінің ең ұшар басында орналасқан. Астрагүлділердің шығу тегі әлі толық анықталып біткен жоқ.
Астрагүлділер қатарына бір ғана, бірақ үлкен тұқымдас астралылар жатады. Жер шарындағы ең кең тараған тұқымдас 25 мынға жуық түрде біріктіреді. Тұқымдастық өкілдері жер шарының барлық зоналарында кездеседі.
Астралылар тұқымдасының тек өзіне ғана тән ерекше гүлшоғыры – себеп болады, формасы табақша, немесе конус тәрізді гүлтабада көптеген ұсақ, майда гүлдер оналасқан. Сырттан қарағанда себеп гүл шоғыры бір үлкен «күрделі гүл» тәрізді сондықтан тұқымдасты бұрын күрделігүлділер деп атаған. Гүлділер майда, ұсақ 5-мүшесі күлтелері біріккен, дұрыс немесе бұрыс, жиі қос жынысты, сирек дара жынысты және жыныссыз. Тостағанша жапырақтың орнына көптеген астралыларда хохолок (конусс) түзетін талшықтар дамиды, олар әртүрлі формада және мөлшерде. Хохолок әдетте жемісте сақталады, ол өсімдіетердің таралауына үлкен роль атқарады. Аталығы 5- тозандары біріккен. Аналығы 1-2 жеміс жапырақшадан тұрады, түйсіні төмен.
Астыралыларда гүлдің 4 типін бақылауға болады: түтікшелі, тілшелі, жалғантілшелі және ұра тәрізді.
Түтікшелі гүлдер дұрыс 5 күлтешелі. Күлтешелілер тұтасып қысқа түтіншеге айналады, жоғарғы жағында 5 тістелі гүлшоғыры себеттін ортасында (күнбағыс, ромашка) орналасады. Түтікшелі гүлдер қосжынысты және жеміс түзу қызметін атқарады. Гүлдің формасы Са(5)- рар о Са(5) А(5) G(2)
Тілшелі немесе нағызтілшелі гүл түтікшелі гүлден шыққан. Күлтешесінің төменгі бөлігі түтікше тәрізді, бірақ өте қысқа. Жоғарғы жағы жалпақ тілше түрде 5 тілшелі. Гүл зигоморфты (бұрыс) қос жынысты. Гүлдің формалары ↑Са(5) - рар - о Са(5) А(5) G(2) жеміс түзуші.
Жалған тілшелі гүл сырт жағынан нағызтілшелі гүлге ұқсас, бірақ тілшенің жоғарға жағы 3 тілшелі – тұтасқан күлтешенің санына қарай, 2 күлтеше жапырақ жайылып кеткен. Жалған тілшелі гүлдер аталықтың қысқаруына байланысты дара жынысты. Аналық толық жетілмеген сондықтан бұл гүл жеміс бермейді – бедеу, айқос төзенденуде буын сияқтыларды еліктіру қызметін атқарады. Мұндай гүлдер әдетте себептің шетінде орналасады. Гүлдің формуласы: ↑Са(5) - рар - о Са(5) А(5) G(2) .
Ұратәрізді гүлдер түтікшенің жоғарғы жағында күлтешелер ұра тәрізді кеңейген, тісшелер саны 5-тен көп. Бұл гүлдерде аталық пен аналық қысқарған, сондықтан жыныссыз және жеміссіз. Бұларда себеттің шетінде орналасқан буынақтыларды еліктіру қызметін атқарады. Гүлдің формасы ↑Са(5) - рар - о Са(5) А(о) Gо
Көпшілігінде себетте гүлдердің диморфизмі (екі формалық) байқалады: ішкілер-түктікшелі қосжынысты, шеткілері – жалғантілшелі жыныссыз.
Гүлдері әрқашанда дерлік рені арқылы ажыратылады: ішкілері – жиі сары түсті, шеткілері-ақ, сары немесе басқа түсті, шоғырында шеткі гүлдері ірі ашық реңді, себетті буынаяқтыларға алыстан байқауға мүмкіншілік береді. Гүл шоғырындп шеткі гүлдері біріші ашылады, орталық гүлдер санында ашылады. Жемісі тұқымша, кейде хохологы болады (бақ-бақ). Тұқымы эндоскермсіз. Жапырақтары қарапайым, әртүрлі, әдетте жапырақшасыз. Жапырағының орналасуы кезектесіп, кейде қарама-қарсы (итошаған). Көпшілігі буынаяқтылар арқылы тозаңданады.
Тіршілік формалары алуан түрлі. Бізде негізінен шөптесін өсімдіктер түрінде.
Гүлдің құрылысына қарай тұқымдас 2 тұқымдас тармағына бөлінеді: түтікшегүлділер және тілшегүлділер.
Дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

  1. Киеуілдіктер қатары өкілдерінің систематикалық айырықша белгілерін атау

  2. Түтікгүлділер қатарының тұқымдастарының морфологиялық, систематикалық белгілері

  3. Астрагүлділер қатарының тұқымдасы және тұқымдас тармағының басты систематикалық құрылысына сипаттама

1.Сәбіздің гүл шоғыры:
A) Қалқанша
B)& Шатырша
C) Себет
D) Шоқпарбас
E) Саусақ салалы
2.Тағамдық, техникалық және дәрілік мәні үлкен өкілдің тұқымдасын ата:
A)& Алқалар
B) Талдар
C) Қалампырлар
D) Жөкелер
E) Жыңғылдар

3. Темекі тұқымдасы:


A) Күрделігүлділер
B) Бұршақтар
C) Крестгүлділер
D) Шатыршагүлділер
E)& Алқалар
4.Төменде көрсетілген тұқымдастардың қайсысында гүлдің бірнеше типтері кездеседі
A) Бұршақгүлділер
B) Алқатұқымдастар
C) Астықтұқымдастар
D) &Астратұқымдастар
E) Лалагүлділе
5.Астралылардың гүл типтері:
A) Түтікшелі, тілшелі, аналық
B) Тілшелі, аталық, түтікшелі
C)& Тілшелі, жалған тілшелі, воронкатәрізді, түтікшелі
D) Түтікшелі, воронкатәрізді, аналық
E) Түтікшелі, воронкатәрізді




15



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет