Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі


Даражарнақтылар классы. Лалагүлділер, Қоңырбасгүлділер қатары



бет15/16
Дата04.02.2023
өлшемі133,25 Kb.
#65144
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Дәріс тезистері

Даражарнақтылар классы. Лалагүлділер, Қоңырбасгүлділер қатары
Гүлді өсімдіктердің екі класының бірі. Дара жарнақтылардың қос жарнақтылардан айырмашылығы жеміс ұрығындағы тұқым жарнағы біреу ғана болады. Дара жарнақтылардың 3 класс тармағы (алисмалар, лалагүлділер, арецидалар), 80-дей тұқымдасқа, 2600-дей туысқа және 60 мыңдай түрге жіктеледі. Бұлар гүлді өсімдіктердің 25%-ын құрайды. Көпшілігі шөптесін өсімдіктер, негізінен, қоңыржай белдеулердегі шабындықтарда, далалық аймақтар мен саваннада, ал ағаш тәрізділері субтропиктік, тропиктік аймақтарда өседі. Алисмалар (Аlіsmatіdae) – суда және батпақта өсетін шөптесін өсімдіктер (сукөрік, кербезгүл, т.б.). Гинецейі (аналықтар жиынтығы) тұтаспаған (апокарпты). Тұқымы эндоспермсіз (ұрықтың қоректенуіне қажетті ұлпа). Арецидалар (Аrecіdae) – шөптесін немесе ағаш тәрізді өсімдіктер (пальма, аронниктер, т.б.). Гүлі дара жынысты, шашақ гүлшоғырына топталған. Гинецейі – түйіні көп ұялы (ценокарпты). Тұқымы – эндоспермді. Лалагүлділер (Lіlііdae) – жуашықты және тамырсабақты көп жылдық шөптесін өсімдіктер (қызғалдақ, құртқашаштар, қияқөлең, орхидея, т.б.). Гинецейі – ценокарпты (сирек апокарпты). Гүлі – жай гүл серікті, тостағанша жапырақшалары болмайды, шашақ гүлшоғырына топталады, ірі гүлі жеке-жеке орналасқан, жәндіктер арқылы тозаңданады. Тұқымы – эндоспермді. Дара жарнақтылардың көпшілік түрінің (бидай, қарабидай, күріш, қант қамысы, пальма, т.б. сондай-ақ әсемдік үшін егілетін қызғалдақ, лалагүл, т.б.) шаруашылық маңызы өте зор. Дара жарнақтылар Қазақстанның барлық жерінде кездеседі.
Лалагүлдер тұқымдасы (лилейные — Liliaceаe)
Лалагүлдер тұқымдасының (лилейные — Liliaceаe) жалпы сипаттамасы. Лалагүлдер тұқымдасының өкiлдерi дара жарнақтылар класына тән өсiмдiктер. Бұл тұкымдастың өкiлдерi бiржылдық, екiжылдык жөне көпжылдық шөптесiн өсiмдiктер. Бұл тұкымдаста 10 туыс, 470-тей түр бар. Олардың көпшiлiгi тамырсабақты немесе баданалы (пиязшықты) көп жылдық шөптесiн өсiмдiктер. Жапырақтары қандауырша тәрiздi, таспалы пiшiндi болып келедi. Жапырақтары әдетте отырмалы болып кезектесiп орналасады. Көптеген түрлерiнiң гүлдерi жиналып гүл шоғырын түзедi. Аздаған түрлерiнiң ғана гүлдерi жалғыздан болады. Гүл серiгi қарапайым, жай күлте жапырақшалар түрiнде берiлген, қос жынысты, дұрыс гүл. Аталығы екi шеңбер түзiп орналасады (А. 3+3). Аналығы 3, сиректеу 4 жемiс жапырақшаларынан тұрады. Жоғарғы жатынды, жемiсi қауашақ немесе жидек. Осы тұкымдастың бiрқатар түрлерiмен танысамыз.
Қызғалдақ туысы (тюльпан — Tulipa). Туыста шамамен 100-дей түр бар. Қазақстанда 32 түрi кездеседi. Қызғалдақтар шөлдi, жартылай шөлдi және далалы аймактарда кең таралған өсiмдiктер. Кейбiр түрлерi сиректеу орманды жерлерде де кездеседi.
Қызғалдақ гүлдерi жалғыздан болады. Гүл серiгi қарапайым, бос орналасады. Күлте жапырақшалары екi шеңбер түзiп орналасады. Сырткы шеңбердi 3 күлте, iшкi шеңбердi 3 күлте құрайды. Олардың барлығының мөлшерi бiрдей және қанық боялған. Аталықтарының саны 6, ол екi шеңбер түзiп орналасады. Гүлдiң ортасын үлкен аналық алып тұрады. Ол мойны қысқа, үш телiмдi аналықтың аузымен аяқталады.
Қызғалдақ жемiстерi — құрғақ, көп тұкымды қауашақтар. Тұқымының
эндоспермi ұрықты қоршап тұрады. Гүлiнiң формуласы:
*♀♂ К3+3 А3+3 Ж(3)
Қазақстанда кездесетiн 32 түрдiң бiреуi Регел қызғалдағы (тюльпан Регеля – Tulipa regelii) жойылуға жақын түр ретiнде және 6 түрi сирек кездесетiн өсiмдiктер ретiнде Қызыл Кiтапқа енген. Қызғалдақтарды сәндiк өсiмдiктер ретiнде өсiредi. Қазiргi кезде қызғалдақтардың 800-дей сорттары белгiлi. Лалагүл туысына (36 сурет) қоныржай климатты аймақтарда өсетiн 80-100 түр жатады. Қазақстанда бұйра лалагүл (лилия кудряватая, царские кудри – Lilium martagon) деп аталынатын жалғыз түр өседi. Лалагүл пиязшықты және тамырсабақты өсiмдiк. Гүлдерi iрi шашақты гүл шығарын түзедi немесе жеке болады. Гүл серiгi қарапайым, күлте жапырақшылар түрiнде болады және қанық боялған. Күлте жапырақшыларының түсi арқылы: қызыл, сары, ақ түстi тағы басқаша болады. Ақ лалагүлдiң (лилия белая – Lilium candidum) шыққан жерi Кавказ. Күлте жапырақшыларының саны 6, олар 3-тен екi шеңбер түзiп орналасады. Аталықтарының да саны 6, оларда 3-тен екi шеңбер түзiп орналасады. Аналығы 3 бiрiккен жемiс жапырақшасынан тұрады, жоғарғы жатынды гүл. Сонымен лалагүлдiң гүлiнiң құрлысы қазғалдақпен бiрдей.
Лалагүлдердiң көпшiлiгi сәндiк өсiмдiктер. Оған Король лалагүлi(лилия королевская — Lilium regale) жатады. Қазiрiгi кезде бұл түрдiң 2000-дай сорттары бар. Шығыс Азияда лалагүлдi жеуге жарайтын пиязшығы үшiн, көкөнiс дақылы ретiнде де өсiредi.
Қазжуа туысы (гусиный лук — Gagea). Туыста шамамен 70-тей түр бар. Олар өте ұсақ көпжылдық шөптесiн өсiмдiктер. Жапырақтары жiңiшке, гүлдерi ұсақ, негiзiнен сары түст болады. Қазжуалар ерте көктемде гүлдеп, жемiс берiп, вегетациялық кезеңiн қысқа уақыттың iшiнде аяқтайды. Бiрақ олардың жер асты пиязшықтары сақталады. Келесi жылы көктемде осы пиязшықтардан қайтадан жаңа өсiмдiктер жетiледi. Жаңа өсiмдiктер шашылған тұқымдарынан да пайда болады. Қазақстанда 38 түрi кездеседi, олардың барлығы дерлiк шөлдi және далалы аймақтың өсiмдiктерi.
Сепкiлгүл туысында (рябчик — Fritillaria) 100 түр бар. Қазақстанда 5 түрi өседi. Олар сәндiк және дәрiлiк өсiмдiктер. Көптеген түрлерiнiң құрамында алколоидтар бар, сондықтан да олар улы өсiмдiктер. Аздаған түрлерiнiң, мысалы Камчатка сепкiлгүлiнiң (рябчик камчатский – Fritilaria kamtschatkensis), кавказ сепкiлгүлiнiң (рябчик кавказский – Fritillaria kaucasica) пиязшығын қышқылдығына қарамастан тамаққа пайдаланады.
Кандық туысында (кандык — Erythronium)
24 түрi бар. Қазақстанда сiбiр қандығы (кандык сибирский – Erythronium sibiricum) деп аталатын бiр ғана түр өседi. Қандықтың барлығы көктемгi сәндiк өсiмдiктер. Бiрқатар түрлерiнiң пиязшықтарын тамаққа және дәрi-дәрмек ретiнде пайдаланады.
Ллойдия туысында (ллойдия — Lloydia) 20 түр бар. Қазақстанда кеш ллойдия деген бiр түрi өседi. Сонымен бiрге қазақстанда ринопеталюм туысының (ринопеталюм — Rhinopetalum) 2 түрi кездеседi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет