Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі


Тркеспелі немесе коньюгаттар класы Хара және диатомды балдырлар бөлімі



бет3/16
Дата04.02.2023
өлшемі133,25 Kb.
#65144
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Дәріс тезистері

Тркеспелі немесе коньюгаттар класы Хара және диатомды балдырлар бөлімі.

  1. Хара және диатомды балдырлардың морфологиялық құрылысы

  2. Көбею ерекшеліктері, классификациясы

Бұл қатарға көп жасушалы жай және тарамдалған жіп тәрізді балдырлар жатады, кейбір түрлерінің талломы пластинка пішінденіп келеді. Хлорококты және вольвокстік балдырлардың жасушалары өте сирек жағдайда болмаса вегетативті күйінде бөлінбейді. Ал, улотриксті балдырлар вегетативті күйінде клеткалары үздіксіз бөлінуінің нәтижесінде талломдары ұзарып, өсе береді. Көпшілік улотриксті балдырлардың жасушалары бір ядролы. Жынысты көбеюі изогамия, гетерогамия, оогамия. Улотрикстердің вегетативті күйінде қозғалыс стратегиясы болмайды. Көбінесе субстратқа бекініп тіршілік етеді.
Улотриксті балдырлардың негізгі өкілі – улотрикс (Ulothrix) тұщы суларда, су астындағы затқа түссіз төменгі жасушасы – ризоиді арқылы бөлінеді. Олар суға ашық жасыл түс береді. Бұл жіп тәрізді созылып жататын балдырдың ризоидтерінен басқа жасушалары біркелкі цилиндр пішінді болады. Жасуша қабығы пектин заты араласқан целлюлозадан тұрады. Протоплазмасында бір ядросы, күпшек тәрізді хромотофорасы, онда пиреноиды болады.
Улотрикс балдыры жыныссыз да және жынысты жолмен де көбейеді. Жыныссыз жолмен көбейгенде кез келген жасыл түсті жасушалардан зооспоралар түзіледі. Зооспоралары құрылысы жағынан хламидомонадаға ұқсас, одан төрт талшығының болуы арқылы ажыратылады. Көбею және тарау қызметінде зооспоралар атқарады. Жыныстық процесс кезінде кейбір жасушалардан гаметалар дамиды. Гаметалар құрылысы жағынан зооспораға ұқсас, алайда олардан сан жағынан көп, ұсақ және өте сирек 4 талшықтың болуымен ажыратылады. әртүрлі жіп талшығынан шыққан гаметалардың қосылуы арқылы жынысты жолмен көбейеді. Сондықтан бұл құбылысты гетероталлизм (қарама-қарсы) деп атайды. Жіптердің бірін шартты түрде аталық, екіншісін аналық деп қараймыз. Аталық гаметаларды минус (-) белгісімен аналық гаметаларды плюс (+) белгісімен таңбалайды. Бұл жағдайда гаметалардың сырт көрінісі ұқсас келеді және олардың жыныс айырмашылығы байқалмайды. Демек, улотрикстің жыныстық процесі-изогамиялық. Екі гамета қосылғаннан кейін, бұлардан қалың қабықпен қапталған зигота түзіледі. Ол тыныштық кезеңнің өткізіп, редукциялық жолмен бөлініп, көп жағдайда 4 зооспора береді. Бұл зооспоралардың бірі аналық, екіншісі аталық гаметалар беретін жіптерге айналады. Улотрикс суда азот тұздары жетіспеген уақытта пальмеллевиттік күйге көшеді. Ол кезде жасуша қабықшасы бөртіп, кілегейленеді де жасушалар арасындағы байланыс үзіліп дөңгелектенеді, бірақ бөлінуін тоқтатпайды.
Ульва (Ulva) денесі ірі пластинкалы талломнан тұрады. Ол субстратқа төменгі жіңішке жағымен бекініп көбінесе теңіз суында мекендейді. Ульва да улотрикс сияқты, 4 талшықты зооспоралар арқылы жыныссыз және екі талшықты гаметалар арқылы жынысты жолмен көбейеді. Улотрикстен негізгі айырмашылығы – зооспоралар мен гаметалар әр түрлі особьтардан дамиды. Талломның кез келген жасушасы 4 талшықты бірнеше зооспоралар береді, олар өсе келе жаңа особьқа айналады, ал бұл жаңа особьтың жасушалары екі талшықты гаметалар береді. Ульва дара жынысты болғандықтан, қарама-қарсы жынысты гаметалар қослып зигота құрайды, ол тоқтаусыз өсіп жаңа пластинкалы особь береді. Бірақ бұдан енді тек 4 талшықты зооспора дамиды. Ульва өсімдігін гамета пайда болуына байланысты гаметофит, ал зооспора беруіне байланысты спорофит деп қарауға болады. Бірінші жағдайда особь гаплоидты да, екінші жағдайда диплоидты болады. Көпшілік улотриксті балдырлар вольвоксты және хлорококты балдырлар сияқты, барлық вегетативтік күйінде гаплоидты фазада болады, тек ульваның зооспора өсетін особы ғана диплоидты, ал гаметалар дамитын особь – гаплоидты болып келеді. Бұл қатардағы балдырларға тән қасиет жасушалардың бөлінуі арқылы особьтардың тоқтаусыз өсіп отырады.
Улотриксті балдырлар эволюциялық дамуы жағынан хлорококты балдырлардан жоғары тұрады. Кейбір улотрикс сияқты түрлерінде пальмеллевиттік күйінің байқалуы, бұлардың хлорококты және волвокстік балдырлармен филогенетикалық байланыстарының барлығын көрсетеді.
Улотриксті балдырлар өздерінің филогенетикалық дамуын қозғалыс стадиясын жоғалтқан бір жасушаы хлорококк тектес балдырдан алады. Бір жасушалы балдырдың үздіксіз бөлініп өсуінің нәтижесінде көп жасушалы улотриксті балдырлар шыққан.
Кладофоралылар (Cladophorales) қатары
Бұларға жіп тәрізді көбінесе тарамдалып келетін ірі көп ядролы балдырлар жатады. Хромотофорасы торлы пластинка пішінді, көптеген пиреноидттары болады. Төрт не екі талшықты зооспоралар арқылы жыныссыз көбейеді. Изогамия, сирек те болса гетерогамия жолымен жынысты көбейеді. Бұлардв да ульва сияқты ұрпақ ауысу байқалады. өкілі – кладофора (Cladophora) тарамдалған жіп тәрізді болып, әр түрлі экологиялық жағдайларда кездеседі. Ірі көп ядролы цилиндр пішінді жасушалары қалың целлюлоза қабығымен қапталған, хромотофорасы торлы болып, жасушаның қабығына жақын жатқан протоплазманың қабатына қарай орналасқан, дөңгелек пішінді пиреноидтары көп. Кладофорада гаметофит пен сапрофит бірдей ауысып айырады.
Сифондылар қатары (Siphonales)
Бұл қатар сифонды немесе жасушаланбаған, ірі бір клеткалы түтікше тәрізді болуымн сипатталады. Сонымен бірге көп клеткалы, көп ядролы болатын түрлері де кездеседі. Соңғылары аналық клетканың тең екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болмай, ерекше жағдайда түзіледі. Бірінші жағдайда ересек клеткалардан перделер арқылы сегменттер бөлінеді де, ол алғашқы клетканың мөлшерінедейін өседі. Екінші біреулерінде жетілген ересек клеткалардың бұрын бөлінбеген бұтақтары перделер арқылы бөлінеді. Сифондылардың басты ерекшелігі – хроматофорлары көп, дән тәрізді ұсақ және ядролары да көп, қор заты ретінде крахмал жиналады. Бұл балдырлар мұхиттар мен жылы теңіздерде тіршілік етеді. Олардың пішіндері алуан түрлі, ұзындығы 1 см – ден метрге дейін кейде одан да ұзын болып келеді.
Ірі сифонды балдырларға Жерорта теңізінде жиі кездесетін ұзындығы 0,5 м кейде 1 м жететін Каулерна (Caulerpa) жатады. Оның талломы тік бағытта жатқан іші қуыс «сабақшасы», «жапырақ» тәрізді жасыл пластинкалары және субстратқа бекініп тұратын «тамыр» тәрізді ризоидтары болады. Каулерна талломының қуысында көп ядролары, жасыл дән тәрізді хроматофорасы және целлюлозалы тіректері бар клеткаланбаған балдыр.
Сифонды балдырлар көп жағдайда жынысты жолмен көбейеді, жыныссыз көбею сирек, аздаған түрлерінде ғана белгілі. Біраз түрі жіпшелердің үзілуі арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Жынысты көбеюі – изогамия не гетерогамия. Перделерге бөлінген клеткалардан гаметангия дамиды. Олардан көптеген гаметалар өседі. Зигота тыныштық кезеңін өткізбей-ақ өсіп, диплоидты жіп тәрізді таллом береді. Гаметангияда гаметалар құрылардың алдында редукциялық жолмен бөлінеді. Сондықтан көпшілік сифонды балдырлар вегетативтік күйінде диплоидты болады.
Тіркеспелі немесе коньюгациялылар (Conjugatophyceae) класы
Бұл кластың басты сипаттамасы көбею кезінде қозғалмалы талшықты кезеңі болмайды, соған байланысты зооспора және апланоспора арқылы көбеюі жойылған, оның орнына клетканың екіге бөлінуі, ал жіп тәрізді түрлері талломның ұсақ бөлшектерге үзілуі арқылы вегетитивті клетканың бір-біріне тіркесуі арқылы клетка ішілік заттарының қосылуын коньюгация деп атайды. Клетка барлықтарында бір ядродан, пиреноидтан, пластинка не лента пішіндес хромотофорадан, клетка шырынына толы вакуолядан тұрады. Қоректік заты крахмал. Коньюгациялы (тіркеспелі) балдырлар вегетативтік күйінде ғана гаплоидты, тек зигота кезінде диплоидты.
Дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

  1. Спирогира балдырының жасуша құрылысы қандай?

  2. Спирогираның жынысты көбеюі –коньюгания қалай жүреді?

  3. Хара балдырының морфо- анатомиялық құрылысы қандай?

  4. Хараларда ядро фазаларының ауысуы қалай жүреді?

  5. Спирогира және хара балдырының қандай практикалық маңызы бар?

1.Коньюгация қандай балдырларға тән
A) Каулерпа, зигнема, кодиум
B) Ульва, улотрикс, спирогира
C) & Спирогира, зигнема, десмидиум
D) Зигнема, космариум, улотрикс
E) Спирогира, мужоция, каулерпа

2.Тіршілігін жойғаннан кейін жасыл түске боялатын балдырды ата


A) Жасыл балдырлар
B) Қоныр балдырлар
C) & Диатомды балдырлар
D) Қызыл балдырлар
E) Көк жасыл балдырлар

3.Апландоспораның зооспорадан айырмашылығы неде


A) Қозғалғыш көп талшықты
B) & Қозғалмайды, талшықсыз
C) Талшықты, қозғалғыш
D) Талшығы жоқ
E) Қозғалмайды
4. Дене құрылысының типіне және көректену тәсіліне қарай балдырлар:
A) Гетеротрофты, талломды ағзалар
B) Жапырақ сабақты, гетеротрофты ағзалар
C) Жапырақ сабақты, гетеротрофты ағзалар
D)& Талломды, автотрофты ағзалар
E) Талломды, сапрофитті ағзалар
5. Тұщы сулардағы балдырлардың реңі:
A) Қоныр
B)& Жасыл
C) Сары
D) Қызыл
E) Көк




4



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет