Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды тұлғаның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалады.
Көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды тұлғаның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды тұлғаның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскенде, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарға толық жауап беретін шешім немесе басқа әкімшілік шара қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Шағым тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер ҚР заңдарында өзгеше көзделмесе, ҚРӘкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Білім беру ұйымдарының басшылары мен басшыларының орынбасарларын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшыларын, басшыларының орынбасарларын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерін аттестаттауды білім беру ұйымдарында жауапты орындаушылар, аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметінің өткізуге
ДАЙЫНДЫҚ-ҰЙЫМДАСТЫРУ ІС-ШАРАЛАРЫ:
ақпараттық жүйе болмаған кезде:
1) осы Қағидаларға 21 және 22-қосымшаларда белгіленген өлшемшарттарды орындау бойынша растайтын құжаттарды, жұмыс тиімділігінің көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі кестені, ПББ өткендігі туралы сертификатты қамтитын құжаттарды дайындау. Көрсетілген құжаттар білім беру ұйымы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады;