Дәріс аттестациялау


Тиісті деңгейдегі Комиссия аттестатталушының құжаттарын жылына екі рет (тиісінше ағымдағы жылғы 5 мамырға және 5 қарашаға дейін) немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде қа



бет2/35
Дата27.11.2023
өлшемі387,6 Kb.
#128772
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
тема 7-8-1

Тиісті деңгейдегі Комиссия аттестатталушының құжаттарын жылына екі рет (тиісінше ағымдағы жылғы 5 мамырға және 5 қарашаға дейін) немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде қарайды.

Конкурстық комиссияның хатшысы Комиссия отырысына материалдарды, қажетті құжаттарды дайындайды, хаттаманы рәсімдейді және оған қол қояды, оның мүшесі болып табылмайды.

Комиссияның отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Комиссия отырыстарында аудио- немесе бейнежазба жүргізіледі. Аудио бейнежазба аттестаттау рәсімін өткізген мемлекеттік органда кемінде үш жыл сақталады.

Аттестацияны кім қабылдайды?

Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын аттестаттау облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі, білім беру саласындағы уәкілетті орган деңгейінде жүргізіледі.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдарының басшыларын оларға қатысты білім бөлімдері мемлекеттік басқару органы болып табылатын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімдері аттестаттаудан өткізеді.

Білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары жоғарыда аталған Қағидалардың 4-тарауының 2-параграфына сәйкес кезекті аттестаттаудан өтеді.

Педагогтерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар келесі нысандар бойынша өтініш береді:

Ақпараттық жүйе бойынша Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларына, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдеріне, білім беру ұйымдарына;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет