3) Аттестаттау нәтижелері бойынша жоғары қорытынды көрсеткіштер кезінде білім беру ұйымы (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшысының орынбасарлары білім беру ұйымдары (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшыларының кадр резервіне қабылданған сәттен бастап екі жылға қабылданады.
4) Аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады.
6) Аттестатталушы Комиссия шешімімен танысады.
7) Комиссияның шешімі аттестатталушылардың аттестаттау парақтарына енгізіледі.
8) Аттестаттаудан өткен аттестатталушының аттестаттау парағы жеке іс парағында немесе цифрлық профилінде сақталады. Комиссияның шешімі аттестатталушының қызметтік тізіміне енгізіледі.
9) Комиссия шешімі аттестаттаушы органның бұйрығымен ресімделеді.
10) Тиісті бұйрықтың негізінде біліктілік бере (растай) отырып, аттестаттау туралы куәлік беріледі.
11) . Біліктілік бере отырып (растай отырып) аттестаттау туралы куәлік куәліктерді тіркеу және беру журналында тіркеледі және аттестатталушының профилінде жарияланады. Бұл ретте біліктілік санатын беру туралы еңбек кітапшасына жазба талап етілмейді.
12) Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) педагогіне, басшыларына, басшыларының орынбасарларына, әдістемелік кабинеттердің әдіскерлеріне берілген (расталған) біліктілік санаты үшін қосымша ақы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес тиісті деңгейдегі комиссияның шешімі негізінде 1 қыркүйектен немесе 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.
Басшының орынбасары (басшы) бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына басқа лауазымға ауысқан жағдайда (басшының орынбасары немесе басшы лауазымына) басшы орынбасарының өзінде бар үшінші санаттағы басшы орынбасары немесе екінші санаттағы басшы орынбасары немесе бірінші санаттағы басшы орынбасары немесе басшы-ұйымдастырушы немесе басшы-менеджер немесе басшы-көшбасшы біліктілік санаты мерзімі өткенге дейін сақталады.