Тестілеу аяқталғаннан кейін педагог және білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшысы міндетті аттестаттау кезінде эссе жазады. Жалпы уақыт – 60 минут. Сөз саны – 250-300 сөз. Эссе тақырыбын жыл сайын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды. Жазылған эссе мұғалімнің/басшының жеке кабинетінде тиісті сілтеме бойынша немесе мұғалімнің профилінде көрсетіледі.
Жазылған эссе педагогтің/басшының жеке кабинетіне жіберіледі немесе ақпараттық жүйеде көрсетіледі.
Жазбаша эссе біліктілік санатын беруден бас тартуға негіз болып табылмайды.
Аттестатталушы Комиссия шешімімен танысады.
Комиссияның шешімі аттестатталушылардың аттестаттау парақтарына енгізіледі.
Аттестаттаудан өткен аттестатталушының аттестаттау парағы жеке іс парағында немесе цифрлық профилінде сақталады. Комиссияның шешімі аттестатталушының қызметтік тізіміне енгізіледі.
171. Комиссия шешімі аттестаттаушы органның бұйрығымен ресімделеді.
Жасы бойынша зейнетақыға дейін төрт жылдан аспайтын педагогтер аттестаттау рәсімінен босатылады. Қолда бар біліктілік санаты оның берген өтініші негізінде зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады. Біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы бұйрықты білім беру ұйымының басшысы шығарады. Бұйрықтың күші зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады. Зейнеткерлік жасы «ҚР зейнеткерлік қамсыздандыру туралы" ҚР Заңында белгіленген.
Зейнеткерлікке шыққаннан кейін педагогикалық қызметті жүзеге асыруды жалғастыратын зейнеткерлік жастағы педагогтер аттестаттау рәсімінен жалпы негіздерде өтеді.