Отырғызғаннан кейін тестілеу басталғанға дейін тестілеу және эссе жазу кезінде мінез-құлық қағидалары бойынша нұсқама жүргізіледі.
Тест тапсырмаларының жауаптарын бағалау келесі түрде жүзеге асырылады:
ұсынылған тест тапсырмаларының ішінен бір балл, қалған жағдайларда нөл балл беріледі.
Уәкілетті орган айқындаған ұйым педагогтердің деректер базасын қалыптастырады (өтініштерді қабылдау, ақпараттандыру үшін дербес деректерді енгізу: Жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), өтініш берілген біліктілік санаты, тапсыру тілі, жұмыс орны, пәні).
Тестілеу аяқталғаннан кейін педагог компьютер экранында көрсетілетін тестілеу нәтижелерімен танысады.
ПББ нәтижесі – осы Қағидалардың 20-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ПББ өткені туралы сертификат педагогтің жеке кабинетіне жолданады. Апелляция өткізілген жағдайда ПББ өткені туралы сертификат апелляцияны ескере отырып, педагогтің жеке кабинетіне жіберіледі.
Уәкілетті орган айқындаған ұйым ПББ-дан өткен тестіленушілердің электрондық деректер базасын бес жыл бойы сақтауды қамтамасыз етеді.
Уәкілетті орган айқындаған ұйым өңірлік білім басқармаларына және білім беру саласындағы уәкілетті органға тестілеу нәтижелері бар электрондық сертификаттарды және эсселердің болуын тексеру үшін қолжетімділік береді.
ПББ аяқталғаннан кейін педагог нәтижелермен (дұрыс және дұрыс емес жауаптармен) танысады және келіспеген жағдайда тестілеу залынан шықпай-ақ ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы апелляциялық комиссияға негіздемелермен апелляция береді. Педагог тестілеу залынан шыққаннан кейін берілген апелляцияға өтініштер қабылданбайды.