Дәріс Қазақстандағы «қайта құру» саясатының сипаты



бет1/2
Дата27.01.2023
өлшемі33,26 Kb.
#63328
  1   2
Байланысты:
Дәріс 8. Қазақстандағы «қайта құру» саясатының сипаты

Дәріс 8. Қазақстандағы «қайта құру» саясатының сипаты




8.1 «Қайта құру» саясаты және оның қарама-қайшылықтары


80-жылдарың ортасына қарай КСРО терең экономикалық, саяси және әлеуметтік дағдарыс жағдайында қалды. КСРО-да еңбек өнімділігі 1986 жылы АҚШ-пен салыстырғанда үш есе төмен болса, ауыл шаруашылығында небәрі 15 пайызды құрады. Жан басына шаққанда өнім өндіру мен қызмет көрсету көлемі бойынша КСРО дүние жүзінде 50-60 орындарда болды.
Ресми деректер бойынша, 1989 жылы КСРО-да 41 млн. адам өмір сүру деңгейінен төмен (78 сом) табыс тапты. Балалар өлімі бойынша КСРО дүние жүзінде 50-орында, ал орташа өмір сүрі деңгейі бойынша 32 орында болды.
1985 жылдың наурызында К.Черненко қайтыс болған соң КСРО КП Орталық Комитетінің Бас хатшысы болып М.С.Горбачев сайланды. 1985 ж. сәуірінде оның басшылығымен КСРО КП ОК кезекті Пленумы болып, ол елде ірі саяси, экономикалық идеологиялық және әлеуметтік қайта құруларға жол ашты. Бұл кезең 7 жылға созылып, тарихқа «қайта құру» деген атпен енді.
Қайта құру саясатын бірнеше кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең – 1985 ж.(КОКП-ның сәуір пленумы) – 1987 ж. жазы.
Ел экономикасы стагнация жағдайында, одан шығу үшін машина жасау саласын дамыту негізінде «элеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету» бағытын жүзеге асыру қажет деп табылды. Осы мақсатқа жету үшін мемлекет басшылығы маскүнемдікке қарсы және еңбек тәртібін бұзушылаға қарсы күресу, соның негізінде еңбек өнімділігін көтеру, дамуды жеделдетуді көздеді.
Дегенмен жеделдетудің басты факторы өндірістік аппаратты (станоктар, жабдықтар, технологиялық желілер және т.б.) жаңарту идеясы болды. Осыған байланысты кейбір белгілі экономистер елдің валюталық қорын қайтадан бөлу арқылы, оның басым бөлігін халыққа қажетті тауарлар сатып алудың (азық-түлік, киім, аяқ киім т.б.) орнына шетелден керек құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсау қажет деп тапты. Олардың ойынша осы шаралардың көмегімен 1990 ж. қарай ел экономикасың өндірістік аппаратын әлемдік стандарттарға дейін көтеру мүмкін болды. Сол арқылы еңбек өнімділігін арттыруға және жеделдете дамытуға жол ашылуы тиіс болды. Миллиардтаған долларға импорттық жабдық сатып алынды. Егер 1970 жылы 2,8 миллиаррд долларға машина жасау өнімі сатып алынгған болса, 1988 жылы оның көлемі 17,8 миллиардт долларға жетті, яғни машина жасау импорты 6,4 есе көбейді. Отандық машина жасауды дамыту да басым бағыт болып жарияланды.
Аграрлық салада жеделдете дамытуға қол жеткізу үшін ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін, ауыл шаруашылығын интенсивтендірудің басқа факторларын кеңінен пайдалану қажет деп танылды. Алайда, нарықтық қатынастар мен жеке меншік жоқ жағдайда алға қойған мақсаттарға қол жеткізу мүмкін емес еді.
Ол кезде еліміздегі кәсіпорындардың басым көпшілігі монополист болды. Тауар тапшылығын және бәсекелестіктің жоғын пайдаланып олар өздерінің сапасы төмен тауарларын жоғары бағамен сата алды. Осындай жағдайда оларға ешқандай жаңа технологиялар мен станоктар аса қажет бола қойған жоқ. Олар онсыз да табыс тауып отырған болатын. Сондықтан олар шамалары келгенше құрал-жабдықтарды импорттауға қарсылық көрсетіп бақты. Партиялық нұсқауға қарсы келуге батылы бармаған әкімшілік мемлекет сатып алған импорттық жабдықтарды мәжбүрлі түрде қабылдап алады, бірақ жәщіктер мен контейнерлерді тіпті ашпастан жабдықты зауыттың ауласына жинап қояды, мұнда оны жаңбыр мен қардың астында тот басады. Ал егер мұнда инновациялық станоктар мен механизмдер орнатылған күннің өзінде, еңбек өнімділігі бірден арта қоюы неғайбіл еді. Өйткені білікті жұмыс күшін қалыптастырмайынша, яғни адам факторы болмайынша ешқандай мәні болмас еді. 
Антиалкогольдік науқанға артқан үміт те толығымен ақталмады. Оның көмегімен еңбек өнімділігін тек бір пайызға ғана көтере алды. Керісінше бұл әрекеттердің кері салдары көп болды. Мемлекеттік бюджет тапшылығы өсті, өйткені оның үштен бір бөлігі арақ-шарап сатудан түсетін еді, осыған байланысты бюджет 67 млрд. сом жоғалтты. Мұның өзі оның тапшылық сипатын да ушықтырған еді. Есірткі құмарлар, уытқұмарлар, самогон қайнатушылар саны күрт көбейді.
Халықтың әл-уақытты да күрт нашарлап кетті, халыққа қажетті тауарлар тапшылығы артты, оның басты себебі – тұтыну тауарларынан орнына құрал-жабдықтарды импорттау болды.
Сапасыз өнім шығаруға тосқауыл қою үшін 1986 жылы экономика саласындағы басты жаналық – мемлекеттік қабылдау енгізілді. Ол бойынша дайын өнімді кәсіпорындардан тәуелсіз мемлекеттік комиссиялар қабылдап алуы тиіс еді. Алайда бұл қадам ойлағандай нәтиже бермеді. 1987 ж. өнеркәсіп –өнімінің 15-18% мемлекеттік қабылдаудан өтпей қалды.
«Қайта құру» тұжырымдамасы ұлт мәселесін одан әрі шиеленістірді. Қазақстанда Одақтың барлық жеріндегі сияқты басқару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар кеңінен орын алды. Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуміттік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы, барлық кеңес қоғамында сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселесін шешу партия комитеттерінің бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Көптеген басшылар ескіше қызмет етті. Осыдан келіп, аса маңызды мәселелерді шешуде принцпсиздік, тұрақсыздық, қоғамдағы жағымсыз жағдайларды жасыруға, болып жатқан істердің барлығын тек жақсы жағынан көрсетуге тырысты.
ХХ ғасырдың 80-жылдары Қазақстанда ұлттық табыс адам басына шаққанда одақтық деңгейден 12%-ға кейін қалды. Сондай-ақ республикада үй құрылысы, мектеп, балалар бақшасы және басқа да мәдени-әлеуметтік құрылыстар салуда да алға басушылық болған жоқ. экологиялық жағдай одан әрі ушыға түсті. қазақстанның бірқатар аудандары экологиялық апат аймақтарына айналды.
Екінші кезең - 1987 ж. жазы-1989 ж. мамыр аралығы. Қайта құрудың алғашқы кезеңі ел экономикасы алдындағы күрделі мәселерді шешіп бере алмады. Дағдарыс тереңдей түсті. Экономиканы реформалау үшін жеңіл-желпі өңдеу емес, терең өзгерістерді жүзеге асыру қажет болды. Ең алдымен өндірістік қатынастарды қайта құру, нарық пен жеке меншікті заңдастыру қажеттігі туралы ойлар қоғамда беки түсті. Дегенмен қоғамдық сана қозғалысқа түсіп, халықтың әл-ауқатын жақсартудың бірден-бір жолы нарық пен жеке меншік болып табылатыны айқындалды. Алайда ел басшылығы осы мәселелерді шешуде тайғанақтық танытып келді. Олар жоспар мен нарықтық қатынастарды қатар қолдануға әрекеттер жасады.
Тағы бір маңызды, бірақ тұтас алғанда, орындалмай қалған бағдарлама тұрғын үй бағдарламасы болды. Сол кезеңде КСРО-да алғашқылардың бірі болып Қазақстан «Тұрғын үй-91» бағдарламасын жасады. Бұл идея назар аударуға лайық іс болды және бағдарлама орындалды да, алайда бес жылдың ішінде ондаған жылдар бойы қордаланып қалған тұрғын үй мәселесін шешу мүмкін емес еді.
Үшінші кезең - 1989 ж. мамыр -1991 ж. тамыз аралығы. Қайта құру идеялары бюрократиялық аппарат тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады. Осындай жағдайда реформаторлық идеяларға қолдау көрсету үшін өкілетті органдардың рөлін арттыру қажет болды. 1989 ж. алғашқы саяси реформалар жүзеге асырыла бастады. Халық депутаттарының бірінші съезінің (1989 ж., мамыр) мінбесінен тоталитарлық импреия қалдықтарының орнына демократиялық, яғни азаматтық құқықтық қоғамды құрудың маңызды алғышарты болып нарық пен жеке меншікке өту жолындағы күрес басталды.
Сонымен «дертті» экономикаға жалған «диагноз» қойылды, сөйтіп оны ауруға қатысы жоқ дәрі-дәрмектермен «емдеді». Бұл жағдайды одан әрі ушықтырып жіберді, елде қалыптасқан жағдай тек тоқырау емес, нақты дағдарыс туралы айтуға мәжбүр етті. Бірақ елдің басшылығы өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі өзгерту туралы ойлағысы да келмеді.
Қайта құрудың кемшіліктерімен қатар жағымды жақтары да болғаны белгілі. Оның барысында қазақ халқы өзінің тарихы, ұлттық қайта даму, ана тілі, мемлекеттік егеменділік алу жөнінде талаптар қоя бастады.
1987 жылы Қазақстанда алғаш рет кеңестерге халық депутаттарын сайлау көп мандатты негізде іске асырылды. Сайлаушылардың басым көпшілігі бұл жаңа тәртіпті мақұлдады. Өйткені көптеген еңбек ұжымдарыдепутатттыққа кандидат етіп өздерінің қаулаулыларын ұсынуға, ал кандидаттар бұқара халықпен кездесу барысында өздерінің бағдарламаларын таныстыруға мүмкіндік алды.
Республикада бірте-бірте демократиялық үдерістер орнығып, дами бастады. Республикада орын алған әлеуметтік және ұлттық қайшылықтар жөнінде ашық айталатын болды. Соның бір айғағы ретінде Қазақстан Жазушылар Одағы жанынан Арал мен Балқашты қорғау жөніндегі қоғамдық комитеттің құрылуының маңызы зор болды. Араға 62 жыл салып қайтып оралған Наурыз мерекесі де жаңаша ойлаудың жарқын бір көрінісі болды.
Келесі бір оң қадам Кеңсетер Одағы өз іскерңн Ауғанстаннан шығара бастап, оны 1989 э. 15 ақпанында аяқтады. Ауғастандағы соғыс елге жыл сайын 5 млрд сом шығын әкеліп отырған болатын. Әскерді шығару кеңестер Одағының әлемде беделін біршама өсірді. Кеңес-Қытай қатынасы жақсарды. Бірақ КСРО әлі де болса бұрынғысынша орсан зор армия мен әскери-өнеркәсіп кешенін ұстап отырды.
Бес арыс: Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердиев мұраларымен танысу қайта құрудың арқасында мүмкін болды. қуғын-сүргін құрбандарын ақтап алу осы жариялылық тұсында жүзеге асырыла бастады.
Міне, осындай реформалық өзгерістердің әсерімен республикаларда ұлттық сана-сезімнің өсуі, халықтың өзін-өзі танып білуі, дербестікке ие болу, саяси митингілір, бас қосулар жиірек бой көрсете бастады. Орталықтың саясатына әлсін-әлсін қарсылықтар көрсетіліп жатты. Орталық ведомстволар жергілікті аймақтардағы жүргізіп отырған билігінен бірте-бірте айрыла бастады. 
1990 ж. наурызда Қазақ КСР Жоғарғы кеңесіне сайлау ұйымшылдықпен өтті. Онда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1-ші хатшысы НүӘ Назарбаев Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің төрағасы болып сайланды. Осыдан көп кешікпей-ақ орталықтағы сияқты біздің республикамызда да президенттік қызмет енгізілді. Сөйтіп, 1990 ж. 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі Н.Ә. Назарбаевты республиканың тұңғыш президенті етіп сайлады.
Елде іске асып жатқандемократиялық өзгерістер бірқатар саяси партиялардың құрылуына жағдай жасады. Мәселен, 1990 ж. Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. Бұл партия жеке меншікті және кәсіпкерлікті қолдап отыруды көздеді.
1990 ж. Қазақстанда «Азат» азаматтық қозғалысы қалыптасты. Оның басты мақсаты – Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін, заң алдында барлық азаматтардың тең құқықтылығын, әлеуметтік әділеттілікті, адамгершілік идеяларын қорғау болды. Одан басқа республикада «Алаш», «Желтоқсан», т.б. саяси қозғалыстар пайда болды. Мұның өзі Қазақстанда көп партиялық жүйенің және тоталитаризмнен демократияға өтпелі кезеңнің бастамасы екенін көрсетті. 1991 ж. Қазақстан халық конгресі партиясы құрылды. Оның жетекшілері болып Олжас Сүлейменов пен Мұхтар Шаханов сайланды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет