Дәріс: Қазіргі педагогикалық технологиялар пәнінің міндеті мен мақсаты. Педагогикалық технология түсінігі



бет17/60
Дата11.03.2022
өлшемі0,86 Mb.
#27660
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   60
Байланысты:
ДӘРІС

Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалық оқыту технологиясының негізгі мақсаты – оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық жəне шығармашылық икемділіктерін дамыту.

Проблемалы оқыту технологиясының ерекшелігі де оқушының белсенділігін арттыру жəне оқу материалдарын баланы қызықтыратындай құпиясы бар мəнге жеткізу.

Себебі, оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді.



Тірек сигналдары бойынша оқыту технологиясы (В. Ф. Шаталов бойынша)
Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В. Ф. Шаталов.

Мақсаты: əр оқушының білім, білік, дағдыны қалыптастыру, жеке ерекшеліктерін ескере отырып, барлық балаларды оқыту, жеделдете оқыту.

Принципі:

  • үздіксіз қайталау, кезеңдік бақылау, ірі блоктар бойынша оқыту, тірек сигналдарын пайдалану, əрекет негізіне бағыттау;

  • жекелей əрекет жасау;

  • ізгіліктілік;

  • күш түсірмей оқыту;

  • түзету, жетістікке жетелеу, болашағын ашу, өсуге ұмтыл- дыру;

  • жетістіктің жариялылығы;

  • тəрбие мен оқытуды байланыстыру. Технологияның мазмұндық ерекшелігі:

  1. материалдар ірілендіріп беріледі;

  2. блоктық түрде беріледі;

  3. оқу материалын тірек сызбалары – конспектілеу арқылы беру;

  4. берілетін ақпаратты, ойды айқын бейнелейтін тірек конспектісі.



Мақсаты: əр оқушының қабілетін дамыту, еңбек етуге баулу ұйымшылдық қабілеттерін ояту, ынтымақтастыққа тəрбиелеу. Өзін- өзі басқаруға, байқампаздыққа жетелеу.

Ерекшелігі: 1. Жекелей оқыту. 2. Жұптық оқыту. 3. Топтық

оқыту. 4. Ұжымдық.



Оқушы-оқушы, оқушы-оқытушы, оқушы-үйретуші міндеттерін атқарады.

Талаптары:

  • Əр оқушының еңбегі пайдалы болуы керек.

  • Өзінің ғана емес, басқаның да еңбегіне жауапкершілікпен қарау.

  • Өзі оқи отырып өзгені оқыту.

  • Түсінбегенді түсіндіру, меңгергенше меңгерту. Технологияның жүргізілу кезеңдері:

  1. Тапсырмаларды даярлау кезеңі:

  • берілген тапсырмамен танысу;

  • шағын бөлімдерге бөлу;

  • əр бөлімдерге ат қою;

  • жоспар құру;

  • жоспарға сүйене отырып, текст мазмұнын меңгерту;

  • тексеру сұрақтарын даярлау.

  1. Тапсырман екінші оқушыға түсіндіру кезеңі:

  • тақырыптың мақсаты не?

  • жоспармен таныстыру;

  • мазмұнын түсіндіру;

  • бақылау сұрақтары бойынша түсінгенін зерттеу.

  1. Өз бетінше жаттығу жазу, тəжірибе жасау, есеп шығару, шығарма жазу, түсінгенін баяндау кезеңі.

Тəрбиелік мəні:

  1. өзін-өзі басқару;

  2. өзіне-өзі қызмет ету;

  3. жауапкершілікті сезіну;

  4. басқаның еңбегін бағалай білу;

  5. ұқыптылық;

  6. белсенділік;

  7. адалдық;

  8. байқампаздық;

  9. зейінділік;

  10. ынтымақтастық;

  11. ұжымдық;

  12. бірі бəрі үшін, бəрі бірі үшін принципінің орындалуы.


В. Т. Кабуш технологиясы
Тəрбиеленуді ізгілендіру жүйесі. (Т. М. Мəжікеевтің құрасты- руы бойынша)

Мақсаты:

  1. Оқушылардың бойында өзін-өзі жетілдіру, қабілетін, қызығушылығын дамыту жəне өзін-өзі тану қажеттіліктерін қалыптастыру.

  2. Адам + қоғам мүшесі + тұлға + азамат тізбегін жүзеге асыру.

  3. Азаматтық тəрбие, əлем мəдениетін, құқықтық мəдениетті қалыптастыру.

Тұжырымдамалық негізі:

  1. Тəрбиенің ізгіліктілік жүйесі.

  2. Тəрбиенің адамгершілікті жəне демократиялық сипаты.

  3. Тəрбиеннің мақсаты + оқушылар қызметі + ізгіліктілік қызметін жүзеге асыру.

  4. Ынтымақтастық-еңбектестік-серіктестік-достық жəне олар- дың постулаттары.

Мазмұнының ерекшелігі:

  1. Жанұялық тəрбие беру.

  2. Жалпыадамдық мораль жəне мəдениетке тəрбиелеу.

  3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

  4. Өзіне дұрыс қарым-қатынас орнату.

  5. Азаматтық жəне ұлттық, əлеуметтік мəдениетке жетелеу.

  6. Өмірге қабілеттендіру.


Əдістемелік ерекшелігі:

  1. Тəрбие негізгі рөл атқарады.

  2. Болжаған жетістікке жету жолында үздіксіз, тізбекті жұмыс жүргізіледі.

  3. Кез келген балаға сенімділікпен қарау.

  4. Күштеусіз, зорлықсыз тəрбиелеу.

  5. Тұлғаны өзіне-өзінің дұрыс карым-қатынасын орнату.

  6. Еркіндік.

  7. Шығармашылыққа жетелеу.

  8. Ізгілікті ойлауға үйрету.


Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
Деңгейлеп саралап оқытуда негізделген технология дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, ынтасын белсенділігін дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Мақсаты: əр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту. Оқытуды оқушының əр түрлі топтарының ерекшелігіне

сəйкес бейімдеу, ыңғайлау.



Ерекшелігі:

  1. Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан əрі бекіте түседі, əлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.

  2. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.

  3. Білім дəрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.

Міндетті нəтижелерге негізделген деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы мынадай ерекшеліктерімен – білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі, оқушыларға берілген тапсырманың саралануы, тапсырма оқушының күші жететіндей жəне қолайлы болуы шарт, білімнің базалық деңгейі оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиясының механизмі ретінде оқушының бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасау тиіс, оқушыға оқу деңгейін таңдауға ерік беру, оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға еріктілігімен сипатталады.
Саралап оқыту технологиясы
Саралап оқыту – бұл:

  • оқу үдерісінде мұғалімдердің, оқушылардың білімдерін есепке ала отырып, жұмыс істеуі;

  • əр түрлі топтарды оқыту үдерісінде жалпы дидактикалық жүйенің бөлімі;

когнитивтік ерекшеліктерін есепке алу мақсатында əр түрлі мектептер мен сыныптар, топтар үшін оқытудың жағдайларын құру. Оқу үдерісін саралау – педагогикалық жүйелер қатарында өзіндік айқын мақсат көздейтіндігімен ерекшелеп те аталып жүр. Саралап оқыту əдісі оқу үдерісінің белгілі бір білігін қамтитын саралап оқытуды ұйымдастырудың, құралдары мен əдістерінің жиынтығы болып табылады. Оқыту жүйесінің кез келгенінде қандай да болсын оқушыларды саралауы жүзеге асып отырады. Сондықтан саралап оқыту əдісінің өзі əр түрлі əдістемелік құралдарды қолдану

арқылы енген.



Сипат бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:

  • жас ерекшелігі бойынша;

  • жынысына байланысты;

  • қызығушылығы бойынша;

  • ақыл-ой деңгейінің дамуы бойынша;

  • тұлғалық-психологиялық типтері бойынша;

  • денсаулық деңгейі бойынша.

Мақсаты: əркімді мүмкіндігіне сай оқыту. Əр түрлі топтағы оқушыларды ерекшелігі бойынша оқуға бейімдеу.

Ерекшелігі:

  • үлгерімі жақсы оқушыға көңіл бөлініп, нашар оқушыларға көмектесу мүмкіндігі туады;

  • қиын балалармен тиімді жұмыс жүргізу мүмкіндігі болады;

  • жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады;

  • оқушылар қабілеті артады;

  • əлсіздер оқу мүмкіндігіне ие болады;

  • деңгейлері бірдей оқушыларды оқыту мен тəрбиелеуде қиындық кездеспейді.

Сынып ішілік саралау. Балалардың дамуы, қабілеті, қабылдауы əркелкі болғандықтан, бір сыныптың өзінде үздіктер, жақсы оқитындар жəне нашарлар пайда болады. Сондықтан мұғалім балалармен сабақ жəне оның барлық кезеңдерді жаңа материалды түсіндіру, ұсыну, сабақты қорытындылау, қайталау, білім, білік, дағдыны тексеру барысында саралау жұмысын жүргізеді. Жаңа материалды түсіндіру кезінде мұғалім мынадай мəселелерге көңіл аударады.

І. Ең басты негіз, ядро – білім мазмұны, пəннің теориялық мəні, тірек мəліметтері. Алғашқы деңгей əрбір тақырыптың ең негізгі де, басты қарапайым мазмұнын ашып, толық болғанмен, сол тақырыптың білуге міндетті тұтас бейнесін береді. Бұл базалық деңгей ретінде қабылданған.

ІІ. Қосымша мəліметтер алғашқы деңгейде алған білімді одан əрі кеңітіп, дəлелдеп, тиянақтайды, негізгі мазмұнын нақтылайды, ұғымдардың не үшін қалай қолданылатынын көрсетеді. Бұл деңгей мəліметтер көлемін арттырып, негізгі материалды тереңірек түсінуге көмектеседі.

ІІІ. Дамытушы мəліметтер – материалды біршама тереңдетіп, оған логикалық негіз береді, болашақ шығармашылықпен қолдануға жол ашады. Бұнда бала өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады. Мұғалім бүкіл сыныпқа берілетін материалды екінші деңгей көлемінде оқушылар білім мазмұнын, ең болмағанда бірінші деңгейде (стандарттық деңгей) меңгеруі міндетті екенін ескере отырып, өз бетімен жұмыс (барлық материалды қамтитындай) арқылы қорытындыланады.



Үшінші деңгей өз бетімен орындалатын жеке тапсырмаларды жалпылама қайталауды меңгеруді толықтырады.

Өз бетімен жұмыс үшін дидактикалық материалдың үш нұсқасы іріктеледі.

І. Нұсқа міндетті білім деңгейіне сəйкес келеді.

ІІ. Нұсқа оқулықтан есептер мен жаттығулар қосымша ұсынылады.

ІІІ. Нұсқа көмекші оқу-əдістемелік əдебиеттерден алынған тапсырмалардан тұрады.

Қандай деңгейдегі тапсырманы таңдау оқушылардың өз еріктеріне беріледі. Сөйтіп, барлық оқушылар үшін білімнің базалық минимумы қамтамасыз етіліп, сонымен қатар əр жеке тұлғаның шығармашылық қабілетінің дамуына кең жол ашады.



Білімді тексеру кезінде саралау тереңдеп, кеңейіп, əр оқушының жеке табысқа жетуін есепке алуға ауысады.
Іскерлік ойынның жүргізілу технологиясы
Дайындық кезеңі.

  1. Ойынды дайындау.

  • сценарийін дайындау;

  • жоспар құру;

  • жалпы сипаттау;

  • мазмұнын меңгеру;

  • материалмен қамтамасыз ету.

  1. Ойынға кіріспе:

  • проблемалық мақсат қою;

  • шарттарын білу;

  • топ құру;

  • рөлдерді бөлісу;

  • регламент белгілеу;

  • жалпы түсінік беру;

  • тиісті консультация беру. Ойынды жүргізу кезеңі.

  1. Топтық жұмыс:

  • əдебиеттермен жұмыс;

  • тренинг;

  • ойлану;

  • ойыншылармен жұмыс.

  1. Топ аралық жұмыс, пікірталас:

  • топтардың жұмыстарын баяндауы;

  • нəтижені қорғау;

  • пікірталас туғызу.

Талдау жəне қорытындылау кезеңі.

  • ойынға қорытынды жасау;

  • талдау, рефлексия;

  • баға жəне өзіндік баға;

  • қорытындылау, жинақтау;

  • ұсыныстар беру.


С. Н. Лысенкованың технологиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет