Дәріс: Білім беруді оқытудың заманауи тәсілдері пәнінің міндеті мен мақсаты. Педагогикалық технология түсінігі


Білім беру жүйесінде қолданылатын қазіргі



бет15/60
Дата25.03.2022
өлшемі0,69 Mb.
#28763
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   60
Білім беру жүйесінде қолданылатын қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі ұстанымдары

Ғылыми-педагогикалық зерттеулерге жасалынған талдау жаңа педагогикалық технологиялардың бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік берді.

Енді солардың ішінен жоғары оқу орындарының оқу үдерісінде қолдануға ұсынылатын бірқатарына тоқталайық.

Бүгінгі таңда республикадағы жəне аймақтағы экономикалық нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуы қоғам өмірінің барлық саласында, оның ішінде мектепте оқыту мазмұны мен оқытудың қазіргі технологияларын жетілдіру өзекті мəселелердің бірі болып отыр.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (1999) білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі – жеке адамды қалыптастыруға бағытталған рөлі жəне педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамта- масыз етуге, олардың жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі қарастырылған.

Дəстүрлі оқыту технологиясының білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нəтижелерінен көрініс табуда.

Осыған орай, оқу-тəрбие үдерісін жетілдірудің қазіргі технологияларын жетілдіріп, мектепте сабақ беруде қолдану арқылы білім сапасын жақсартуға болатындығына басым бағыт берілуде.

Қазіргі кезде мектептің оқу-тəрбие үдерісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мəлім. Бұл технологиялардың бəрін бір сабақта қамту мүмкін емес.

Сондықтан, мектептегі əрбір пəнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу жəне оны іс-əрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының əрекеті технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.

Бастауыш сатыда «Математика» пəні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштер тəсілдері ретінде деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады.

Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке

танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тəсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс-əрекеттік модель ретінде қарастыруға болады.

Оқытудан күтілетін нəтижелер тізбесін негізге ала отырып, əртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық жəне еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.

Тапсырмалардың мұндай түрлері оқушының іс-əрекеттік – компетенттік тəсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін-өзі білім алуға тəрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік береді.

Əртүрлі əдістерді қолдану жəне оқушылар бірін-бірі тексеру арқылы есептің дұрыстығына көз жеткізулеріне болады, дамыта оқыту технологиясы (Л. С. Выготский, Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов) дамыта оқыту жүйесі жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапалармен сəйкестікте жан-жақты дамытуға бағытталған, оқытудың модульдік технологиясы (В. М. Монахов) оқу үдерісін мақсатты жобалап, құруға болады.

Оқытудың компьютерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру, сыныпта белсенділік көрсету, жеке жұмыс істеу, жекелеп көмек көрсету, проблемалық оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В. Ф. Шаталов) теория жəне практиканы блок түрінде топтау, тірек-схема, тірек- конспект түрінде берілген теориялық, материалдарды сыныпта меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу, түсіндіре басқарып, оза оқыту (С. Н. Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы бөлігін алдын ала оқыту, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы бірнеше деңгейде тапсырма беру жəне т.б.

Республикадағы ауыл мектептерінің оқу-тəрбие үдерісінде деңгейлеп оқыту технологиясы (Ж. Д. Қараев) жүйелік негізде оқыту технологиясы (Г. Г. Ғалиев), шоғырландырып-қарқынды оқыту технологиясы (Қ. А. Əбдіғəлиев, Н. Н. Нурахметов), блоктық- модульдық технологиясы (М. Н. Жанпеисова) қолдау табуда. Ғалымдардың пікірінше шағын комплектілі мектептер жағдайында оқу-тəрбие үдерісін ұйымдастыруда жүйелік негізде оқыту мен шоғырландырып оқыту технологияларының оқыту сапасын арттыруда дидактикалық мүмкіндіктері мол.

Оқу-тəрбие үдерісінде қолданып, айтарлықтай нəтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: Лысенкованың алдын ала оқыту, Хазанскиннің есептер шығару, Палтышевтың физиканы есептеп шығару, Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің мəселелік оқыту оқытудың белсенді əдісі, т.т.

Ал, соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясымен Дьяченконың оқытудың ұжымдық тəсілі, сондай-ақ про- фессор Қараевтің оқытуды дифференциялау жəне білім беру демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр.

Мəселен, Л. Б. Эльконин, В. В. Давыдовтың бірлесе жасаған

«Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты əрі мынадай ұстанымдардан құралады:

• Жоғарғы деңгейдегі қиындыққа оқыту

• Теориялық білімнің жетекші рөлі

• Оқу материалын жеделдете оқыту

• Оқу үдерісін оқушының сезінуі

• Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу

Л. В. Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның əлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргетасы қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу əрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.

Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың зерттеулері оқу əрекеті жəне оның субъектісін қалыптастыруға бағытталады.

Осыған орай, соңғы кезде оқытудың əр түрлі педагогикалық технологиялары жасальнып, мектеп өміріне енгізілуде. Олар: С. Н. Лысенкованың алдын ала оқыту, Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мəселелік оқытудың белсенді əдісі, т.б.

Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясымен В. М. Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тəсілі сондай- ақ, профессор Ж. Қараевтың оқытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясын еліміздің көптеген мектептерінде қолданып жүр.

Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тəжірибелік-сынақ жұмыстарының басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үдерісіне енгізу болып табылады.

Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың зерттеулері оқу əрекеті жəне оның субъектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның құрылы- мы төмендегідей: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары.

Қазіргі заманғы педагогикалық технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушының өздігінен танымдық іс-əрекетін жүргізе алатындай болуы керек.

Əрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік жəне шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға жəне өзін-өзі дамытуда қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті əдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.

Қазіргі кезеңде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне жататындар – əрбір оқушының жеке жəне дара ерекшеліктерін ескеру; оқушылардың қабілеттері мен шығармашылығын арттыру; оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.

Жаңа педагогикалық технология: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, проблемалы оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы, түсіндіру, басқарып оқыту технологиясы, деңгейлік саралап оқыту технологиясы, міндетті нəтижеге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, модельдік оқыту технологиясы, жобалап оқыту технологиясы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет