Рухани-жаңғыру Қазақстан Республикасындағы сана мен ойлаудың жаңа моделінің стратегиясы



Дата10.03.2023
өлшемі166,67 Kb.
#73016
Байланысты:
Рухани Жаңғыру


Рухани-жаңғыру Қазақстан Республикасындағы сана мен ойлаудың жаңа моделінің стратегиясы
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» – ол 2050 жылға дейін әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру бағытындағы бірыңғай мақсатымызға жету жолындағы Қазақстанның саяси, экономикалық және құқықтық түрленулерінің логикалық жалғасы және өзегі болып табылатынбағдарламалық мақала. Бұл мақсатқа бұрынғы сана-сезім мен ойлау үлгісін сақтау арқылы жету мүмкін емес. Әлемдегі заманауи экономикалық, әскери-саяси ахуалды ескере отырып, қоғамдық сананы жаңғырту – бұл өмірлік маңызы бар және қажетті қадам.
Рухани жаңғыру – ұлтымыздың ұлт болып ұйысуының, тарихымызды сақтаудың, тұлғаларымызды танытудың, өткенімізді білудің, болашаққабағдардың, келешекке кемел ғибратты із қалдырудың мәйегі болатын бастама. Бұл бүгіннен бастау алмағандығының тарихи куәгері ретінде Алаш зиялыларының «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» деп аңсауы ұлт тәуелсіздігі, сана еркіндігі екендігін аңғарамыз. Себебі ХХІ ғасыр қазақ халқы үшін, жаңа дәуірдің, еліміздің өркендеуі үшін жаңа белестің басталған уақыты. Ақпараттар ағыны толассыз жаңарып, жаһандану заманында өзгеніңжетегінде кетпес үшін еліміздің ертеңіне алаңдап, ұлт болашағының жарқын өмір сүруі, сол үшін істеген бүгінгі қызметімізге байланысты.
Тәуелсіздік алған жылдардан бастап мемлекетіміз саяси және экономикалық жаңғырудан өткендігі елге айқын, алайда біртұтас ұлт ретінде қалыптасу үшін рухани жаңғырудың маңызды екендігіне тарихи куә және де рухани жаңғыру алдыңғы жаңғырудың өзегі болмақ.Саяси, экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені баршаға мәлім. Ол адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында 6 бағытқа басымдық берілген.
6 БАҒЫТ:
  • Бәсекеге қабілеттілік;
  • Прагматизм;
  • Ұлттық бірегейлікті сақтау;
  • Білімнің салтанат құруы;
  • Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;
  • Сананың ашықтығы.

Соның бірі - білім беру жүйесін жаңаша жетілдіру. Осы жүйе бойынша ауқымы кең жұмыстар атқарылып келеді. Құндылықтар жүйесінде тек білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана зор табысқа жетеді. Жастар басымдық беретін межелердің қатарында білімнің үнемі бірінші орында тұруы шарт. Бұл – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ой. Іргелі ілім үйрету арқылы шәкірттерді шынайы патриот қылып қалыптастыруға болады, - дейді шара бастамашылары. Бүгінгі әлемдік бәсекелестік заманында бізге сергектік пен серпіліс керек.Президент ұсынған тың идеялар - жаңа нәтижелі көкжиектерге бастайтын серпіліс. Бұл ретте барлық оқу орындары қоғамдық сананы жаңғыртудың қозғаушы күші болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының жаһандану, рухани жаңғыру сипатын дамыту жолында, қоғам алдында ұрпақты заман талабына сай интеллектуалды, жоғары мәдениеттілігі имандылықпен ұштасқан ұлтжанды етіп тәрбиелеу жолын дұрыс жолға қою міндеті тұр. Елбасы Н.Назарбаев «Кешегі бабамызбен ғана емес, бүгінгі бағамызбен, ертеңгі шамамызбен де мақтана алатын ұлт болуды ойлауымыз керек» - деп нақтылағанындай, атабабамыздан қалған ұлттық тәлімтәрбиені болашақ ұрпаққа ұғындырып, түсіндіруді мақсат тұтқанымыз жөн
Ұлттық тәрбиедегі адам баласын тәрбиелеудегі маңызы мен мәні салтдәстүрлік нақыш тұрғысынан сараланып, тәжірбиелік қырымен байланыстыра талданылады. Ата-баба мұрасындағы салт-дәстүрдіңтқолданылу аясы мен пайда болу негізін, тәрбиелік мәнін білу жастарды өзтелінің ұлттық қадір қасиетін терең меңгеруге септігін тигізеді. Ұлттық сана-сезімді жастарға өз ұлтының әлеуметтік мәнін түсінуі, ұлтаралық қатынастарда қандай жағдайға ие екендігін, жалпы адамзат дамуында қандай үлесі бар екендігін ұғындыра отырып, әрі өзге халықтармен бірдей бостандықта өмір сүруін және т.б. жағдайларды жете түсіндіру қарастырылады
Жастарды оқытуға, оларға кәсіби білім беруге, мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы да сондықтан. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім беру кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты - өзгермелі білім жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлғаны даярлау
Еліміздің әлеуметтік жағынан дамуы оның азаматтарының адамгершілік және шығармашылық белсенділігінің дамуымен тығыз байланысты. Қоғамдағы жетістіктердің негізгі күші - адам, оның тәрбиесі мен білімі, шеберлігі, еңбектегі табандылығы, санасы, ойлауы мен адамгершілік қасиеттері. Еңбектің қай түрі болмасын адамның тәрбиесін, білімін, психологиялық мүмкіндіктерін мейлінше толық, жан-жақты ескеріп, соған сәйкес ұйымдастырылса ғана жақсы нәтиже берері сөзсіз. Адамның жан дүниесімен сырласып, оның психологиясын зерттеп жүрген мамандар, психологиялық көмектің әрбір тұлға үшін қажет екенін айтады
Қазіргі тәрбие мен білім беру жүйесін қайта құру мен ұйымдастырудың басты жұмыс жоспарында тұлғаның өзіндік ерекшелігін танып білу, дамыту және өз мүмкіндігін пайдалы істерге қолдана білуге жағдай жасау мәселесі қойылған. Психологтың жұмысы балалардың белгілі жастағы психикалық жаңа түзілімге, сонан соң олардың дамуындағы потенциалды мүмкіндіктерін пайдалануға негізделіп құрастырылады.
«Рухани жаңғыру» идеясы ұзақ мерзімге жоспарланған жоба. Елбасы осынау жобаны жүзеге асыру арқылы халықтың санасын жаңғыртып, өркениетті қоғам құруды көздеп отыр. Бұл ретте жастарға үлкен жауапкершіліктің артылып отырғанын айта кету керек. Атадан қалған мына жерді, тіл мен дәстүрді,ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу өз алдына, қазіргі ұрпақ Қазақстанды әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына қосуы тиіс. «Рухани жаңғыру» болса осы міндетті жүзеге асыруға сеп болатын басты құралға айналмақ.
Балаларға тәрбиелік мәні бар халықтық мұралар аз емес. Қазақ халқыныңөнерін, іскерлігін, өнер шеберлерінің қолынан шыққан алуан түрлі заттар менбұйымдарды айтып, бұрынғысымен бүгінгісін салыстыра отырып, ұлттық өнерді сүюге, кұрметтеуге баулу, бүгінгі шәкірттерді ертеңгі еңбекқор, жанжақты жетілген азамат етіп тәрбиелейді, балалардың жүрегіне жол тауып,олардың бойында еліне, жеріне, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін, балабақшада оқып, үйренуге деген ынтасын, құштарлығын арттыру, қазақ колөнерін жас жеткіншектердің санасына жеткізудің құралы.Әлемдік өркениетке бет бұрған еліміз үшін ұлттық құндылықтарымызды сақтауда жас жеткішектерге тәлім-тәрбие беру басты парызымыз деп ойлаймын.
Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі - үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерілеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың роліне баса назар аударып,бірнеше міндеттерді айқындап берді. Оның ең негізгісі ұлттың терең тари хынан бастау алатын рухани ұстынды сақтап қалу. Тарихтың белестерінен сүрінбей өткен құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді табысты жаңғыртудың алғы шартына айналдыра білу.
Сана мен білімді дамытатын, ол – кітап. Қазақ тілінде оқылатын кітаптар санын көбейтіп, шет елдердің рухани құндылықтардың қадірін көрсеткен кітаптарды қазақ тіліне аударып, сонымен қатар, қазақ халқынан шыққан ұлы ойшылдар мен жазушылардың кітаптарын өз елімізде жетік меңгерту керек. Өз халқынан шыққан білм сәулесін жарқын шашқан ғалымдар мен жазушыларды, классиктер мен реалисттерді өз ұрпағы оқу және ұстану, сана мен ішкі патриоттық сезімдердің алғышарттары.
Қорытынды
Рухани тәрбиемен нұрланбаған адам өзінің алған білімін қара басының пайдасына жұмсап, өз мүддесі үшін адамзатқа апат әкелуі мүмкін. Оныңмысалы тарихта аз емес. Тек сол арқылы ғана халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған бай рухани мұрасымен жастардың бойына адамгершілік ізгі қасиеттерді қалыптастырып, сіңіртіп, өзінің Отанына адал азамат етіп тәрбиелеу ата-ана мен ұстаздар қауымына жүктеледі.Халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды дәріптеп, білімге ден қойып көп ізденіс жасамайынша оқыту мен тәрбиені бірге ұштастырып ,ықпалдастыру мүмкін болмайды. Оқыту мен тәрбиені ықпалдастырып қажымай еткен еңбек арқасында әлемдік деңгейдегі дарынды да тәрбиелі оқушы тұлға шығатынына сеніміміз мол.
Назарларыңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет