6.2 Шығару барысы
Іштей жанатын қозғалтқыштардың шығару барысының да басқа барыстар сияқты маңызы бар. Себебі, осы шығару барысы ғылыми тұрғыдан ретке келтірілмесе, онда қозғалқыш жұмысына көптеген зиян келеді, яғни қозғалтқыштың жанып біткен газдан тазалануы толық болмайды және цилиндрден шыққан газбен бірге көптеген жылу шығып кетеді де, оның пайдалы жұмыс істеу көрсеткіштерін төмендетеді. Енді төменде осындай зиянды құбылыстардың пайда болу себептері мен оларды жөнге келтіру тәсілдерін қарастыруға болады.
Қозғалқыштың шығару барысы теориялық тұрғыдан қарағанда поршеннің ТӨН-ден ЖӨН-ге дейін жүрген кезінде іске асуға тиіс. Егер қозғалқыш осы көрсетілген теориялық барысы бойынша жұмыс істейтін болса, онда цилиндр іші жанып біткен газдан толық тазаланып үлгермейді. Себебі, жанып біткен газ массасының инерциялық қасиетіне байланысты, ол шығуға тиісті қозғалыс жылдмдығына жеткенше біраз уақыт жоғалтылады, ал осы шығару барысына тиісті уақыт өте аз болғандығын есепке алатын болсақ, онда шығатын газды бұлай кешіктіруге болмайтындығына көз жеткіземіз. Жұмыс істейтін қозғалтқыштарда әрбір барысқа небәры секундтың жүзден бір бөлігі ғана тиесілі болады.
Осы құбылысты есепке ала отырып, қозғалтқыштағы шығару барысы піспек ТӨН-не жетпей тұрып, бұрынырақ басталады. Сол кезде газ қысымы мен сырттағы ауа қысымының айырмашылығы жанып біткен газ өздігінен цилинрден шыға бастайды да, піспек те ТӨН-не жеткенше оның көптеген бөлігі цилиндрден шығып үлгереді. Оның үстіне бұл кезде шығатын газ инерция күшін жеңіп, үлкен қозғалыс жылдамдығына да жетеді. Енді піспек әрі қарай ЖӨН-нен жылжыған кезде қалған газды итеріп шығаруға энергия шығыны онша көп шықпайды.
Сонымен, іштен жанатын қозғалтқыштардағы нақты шығару барысы, теориялық барыстан ерте басталып, кеш аяқталады. Шығару барысы тиімді мөлшерінен бұрынырақ басталады. Шығару барысы кешігіп басталса, цилиндр ішінен газдың өздігінен шығуы төмендейді де, оның жанып біткен газдан толық тазалануына мүмкіндік бермейді. Сонымен, шығару барысының кешігу кезеңі де белгілі бір тиімді мөлшерде болуға тиіс.
Сондықтан, газ қысымы мен температурасы мына өрнек арқылы есептеуге болады
pr = рo+Δpr, (90)
Тr = , (91)
мұнда Δpr =Δpa – газдың шығару жолындағы кедергілерді жеңуге арналған қысым.
Осындай анықталған газ температурасының мәні алғашқы сору барысы кезінде анықталған цилиндр ішіндегі қалдық газдың температурасындай (Тr) болуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |