Дәріс энергетикалық қондырғылар. Іштен жанатын қозғалтқыштар (ІЖҚ)



бет17/28
Дата01.02.2023
өлшемі1,12 Mb.
#64369
түріКонспект
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
α =Lн / Lo, (54)
мұндағы Lн пен Lo - жануға қатысқан нақты ауа мөлшері мен жануға қажетті ауаның теориялық мәні.
Нақты ауа мөлшері қажетті ауаның теориялық мөлшеріне тең, яғни α =1 болса, мұндай қосынды құрамын стехиометриялық деп атайды. Егер қосындыда нақты ауа мөлшері оның теориялық мөлшерімен салыстырғанда жеткіліксіз болса (α <1), оны байытылған қосынды, егер артық болса (α >1), сұйытылған қосынды деп атайды.
Қуаты сапалық әдіспен өзгертілетін дизельде α коэффициентінің орташа мәні күшсалмақ тәртібіне сай кең ауқымда өзгереді (α >1).
Қуаты мөлшерлік әдіспен өзгертілетін қозғалтқышта α өзгеру ауқымы ондай кең емес, карбюраторлы қозғалтқышта қолданылатын қосындының құрамдық коэффициенті α =0,8 ÷ 1,2. Арнайы тұтандыру жүйесі бар бензин қозғалтқышында (форкамералық) жану қоспасын α =1,5 шамасына дейін сұйылтуға болады.
Карбюраторлы қозғалтқыштың цилиндрі бензин буы мен ауадан тұратын қосындымен толтырылады. Жану қоспасының 1 кг отынға шағылған жалпы мөлшері
, (55)
Мұндағы mжмжанармайдың молекулалық массасы, кг /кмоль.
Іштей қосынды түзетін қозғалтқыш (дизель) цилиндріне толтыру барысында тек таза ауа ғана түседі, сондықтан сығымдау барысының соңындабүркелетін отын көлемін елемей, қоспаның жалпы мөлшерін таза ауа бойынша есептейді
кмоль. (56)
Көлемі 1 моль немесе 1 м3 газды жанар май үшін
кмоль/кмоль немесе м33.
1 кг кез-келген отын түрі үшін жану қоспасының массасы
кг/кг. (57
Жанармай толық жанғанда (α≥1) жану өнімдері көмірқышқыл газынан СО2, су буынан Н2О, артық оттегінен О2 және азоттан N2 (дизельдерде) тұрада. Жану өнімдерінің жеке компоненттерінің мөлшерлері Мi:
көмірқышқыл газынан СО2 (кмоль СО 2/кг жан.май) ;
су буынан (кмольН2О /кг жан.май) ;
оттегінің (кмоль О2/кг жан.май);
азоттың (кмоль N2/кг жан.май) .
Ал, α≥1 болғандағы жанармайдың толық жанғандағы жалпы жану өнімінің мөлшері М2 мына теңдеуден анықталады:
(58)
Тексреру
, молей/кг. (59)
Жанармай толық жанбағанда (α<1) жану өнімдері көміртегі тотығы СО, көмірқышқыл газы СО2, су буынан Н2О, бос суутегі Н2, және азоттың N2 (карбюраторлы қозғалтқыштарда) қоспаларынан тұрады. Бұл жағдайда (α<1) болғанда жану өнімдерінің жеке компоненттерінің мөлшері Мi:
көмірқышқыл газынан СО2 (кмоль СО2/кг жан.май)
(60)
көміртегі тотығының (кмоль СО/кг жан.май) (61)
су буынан (кмольН2О /кг жан.май) (62)
оттегінің (кмоль О2/кг жан.май) (63)
азоттың (кмоль N2/кг жан.май) (64)
Мұндағы k – жану өнімдерінде болатын, сутегінің көміртегі тотығына қатынасына байланысты тұрақты шама (бензин үшін қоспасының k=0,45÷0,50
Жанармай толық жанбағандағы (α<1 болғанда) жалпы жану өнімдерінің мөлшері М2
. (65)
Тексеру
М2 (66)
Жану қоспасының (жаңа зарядтың) молекулярлық өзгеруінің химиялық коэффициенті µо мына теңдеумен анықталады
(67)
Жұмыс қоспасының (жану қоспасы+қалған газдар) молекулярлық өзгеруінің нақтылы коэффициенті
(68)
µ шамасының өзгеру шектері:
Карбюраторлы қозғалтқыштар үшін ........................1,02÷1,12.
Дизельдер үшін............................................................ 1,01÷1,06.


5.2
Термодинамиканың бірінші заңына сай 1 кг отын үшін жану барысының жалпы теңдеуі
(69)
мұндағы Нu – жанармайдың төменгі жылу беру қабілеттілігі;
– жылуды пайдалану коэффициенті;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет