Дәріс энергетикалық қондырғылар. Іштен жанатын қозғалтқыштар (ІЖҚ)



бет23/28
Дата01.02.2023
өлшемі1,12 Mb.
#64369
түріКонспект
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
daris konspekti

Іштен жанатын қозғалтқыштардың нақты индикаторлық диаграммалары. Қозғалтқыштардың мұндай диафаммалары жоғарыда айтылған теориялық диаграммалармен салыстырғанда аздаған өзгешеліктері болады. Оның негізгі себептерін қозғалтқыш жұмысы кезінде таза термодинамикалық барыстар бола алмайтындығымен түсіндіруге болады, яғни изохоралык, изобаралық немесе адиабаттық барыстар таза күйінде бола алмайды да цилиндр ішінде аралас барыстар орындалады. Ондай барысты политроптық барыс деп атайды, ал сол барыстың политроптық көрсеткіші адиабаттық барыстың көрсеткішінен әрқашан кіші болады. Соның салдарынан қысу немесе ұлғаю барыстары нақты барыс кезінде жатықтау сызық бойынша атқарылады.
Осыган қосымша нақты барысқа өзгеріс енуінің тағы бір себебі газдың кез-келген күйінің өзгеруі үшін міндетті түрде уақыт қажет болады. Мысалы цилиндр ішіндегі газдың қысымы бір барыстан, екінші барысқа ауысқан кезде шамасын өзгертеді, ал ол өзгеріс лезде болуы мүмкін емес. Өйткені табиғаттағы барлық заттың инерциялық касиеті болады да соның салдарынан міндетті түрде кешігу құбылысы пайда болады. Олай болса теориялық диаграммадағы осындай өтпелі кезеңдердің бәрінде де кешігу құбылысы пайда болғандықтан, олардың аралықтары тік сызықпен емес доға сызығымен жалғасуға тиіс.
Қозғалтқыштың нақты индикаторлық диаграммасын тұрғызарда тағыда бір ескеретін жағдайға жанармайдың немесе электр ұшқынының берілу озыктығы жатады. Яғни бұл құбылыс теориялық диаграммада кысу барысы аяқталған кезде беріледі деп есептесек, нақты барыс кезінде олардың берілуі піспек ЖӨН-не жетпей тұрып, ертерек берілетіндігін ескеруіміз керек.
Осы жоғарыда айтылған құбылыстарды есепке ала отырып, тұрғызылган индикаторлық диаграмманы қозғалтқыштың нақты индикаторлық диаграммасы деп атайды және ол 12 суретте көрсетілген.
Сонда көрініп тұрғандай, барыстардың бір-бірінен өту кезеңдеріндегі газ қысымының өзгерістері доға сызығымен жалғасқан, яғни барыстардың өзара орын алмастыруы шұғыл емес, жатық құбылыс түрінде болады. Осы суретте көрсетілген дизельдік қозғалтқыштың нақты индикаторлық диаграммасы теориялық диаграммасынан (10 сурет) онша өзгермегендігін байкауға болады. Олай болса карбюраторлы қозғалтқыштікі де онша өзгермеуге тиіс. Сондыктанда оны жеке көрсетудің қажеті жоқ сияқты.

12 сурет - Дизельді қозғалтқыштың нақты индикаторлық диафаммасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет