Дәріс энергетикалық қондырғылар. Іштен жанатын қозғалтқыштар (ІЖҚ)



бет6/28
Дата01.02.2023
өлшемі1,12 Mb.
#64369
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
daris konspekti

Екі тактылы цикл. Екі тактылы іштен жанатын қозғалтқыштарда клапандар болмайды (5-сурет). Олардың орнына цилиндірдің орта шенінен шығаратын және соратын тесіктер жасайды. Сол тесіктерді піспек өзі жауып, ашып тұрады. Сонда піспектің жарты жүрісінде бір барыс орындалады. Екі тактылы қозғалтқыштардың жұмысы мына ретпен атқарылады. Айталық цилиндр іші ауамен немесе жану қоспасымен толтырылған екен делік. Піспек жоғары қарай жүреді де цилиндр ішіндегі ауаны немесе қоспаны қысады (5-сурет). Піспек жоғары жеткеннен кейін дизельді қозғалтқыш болса жанар май бүркіледі немесе карбюраторлы қозғалтқыш болса оттықпен ұшқын береді. Сөйтіп, цилиндр ішіндегі қоспа тұтанып, жанады. Жоғарыда айтылғандай жанған газ қатты қызғандықтан көлемін ұлғайтады да піспекті төмен қарай итереді (5-сурет).
Сонымен, цилиндр ішіндегі газ ұлғаюы піспектің жоғарғы жиегі цилиндр қабырғасындағы тесіктерді ашқанша жүреді. Цилиндр керегесіндегі шығару тесігі ашылғаннан кейін оның ішіндегі әліде болса жоғары қысымда тұрған газ өз қысымымен сыртқа шығады (5в-сурет). Піспек одан әрі қозғалғандықтан цилиндр керегесіндегі кіретін терезе ашылады. Енді сол терезе арқылы сырттан ауа немесе жану қоспасы кіргізіледі (5г-сурет). Мұны екі тактылы қозғалтқышта үрлеу барысы деп атайды. Ол үшін қозғалтқыш арнаулы айдағыш қондырғымен (5-суреттегідей) жабдықталады немесе ол жұмысты қозғалтқыштың өз механизмі атқарады. Бұл барыс піспек қайтадан цилиндр керегесіндегі терезелерді жапқанша жүре береді. Піспек соратын және шығаратын тесіктерді жапқаннан кейін, қысу барысы басталады (5а-сурет). Ал сол барыстың соңында, жоғарыда айтылған төрт тактылы қозғалтқыштағы сияқты жану мен ұлғаю барысы іске асады. Ал ұлғаю піспектің жарты жүрісіне дейін, яғни шығару тесігін піспек ашқанша ғана жүреді. Әрі қарай ашылған тесіктен жанған газ өзінің қалдық қысымы арқылы сыртқа шығады. Одан әрі жоғарыдағы қимылдар қайталана береді. Яғни екі тактылы қозғалтқыштың төрт тактылы қозғалтқыштан айырмашылығы, барлық барыс піспектің екі жүрісінде аяқталады.



а) қысу; б) улғаю; в) шығару; г) үрлеп енгізу.
Сурет 5 – Екі тактылы іштен жанатын қозғалтқыштың жұмыс сүлбесі

Піспек жүрісінің Sn газ алмасу жүретін бөлігінде пайдалы жұмыс жасалмайды. Бұл көлем жоғалтылған Vж деп аталады.


Жұмыс көлемі V/h=Vh-Vж болып есептелінеді.
Сондықтан нақты сығу дәрежесі
. (6/)
Геометриялық сығу дәрежесі төрт тактылы қозғалтқыштардікіндей формуламен өрнектеледі, яғни
. (6)
Жоғалтылған көлемнің Vж жұмыс көлемге Vh қатынасы жоғалтылған көлем коэффициенті деп аталады, яғни
. (7)
Екі тактылы қозғалтқыштар үшін ψ=10-38%.
Сонымен, іштен жанатын қозғалтқыштар жұмыс принциптеріне қарай екі түрлі болады – төрт немесе екі тактылы қозғалтқыштар. Осы екеуінің көп қолдау тапқан түрі – ол төрт тактылы болып саналады. Себебі, оның тиімділік көрсеткіштері екі тактылы қозғалтқыштарға қарағанда жақсы болады. Әсіресе жанар май шығыны жөнінде төрт тактылы қозғалтқыш тиімді жұмыс атқарады. Себебі, екі тактылы қозғалтқыштарда сору мен шығару барыстары бір мезгілде жүретіндіктен, жанған газбен бірге сыртқа жану қоспасы да шығып кетеді де жанар май ысырабына әкеліп соқтырады.
Автомобильдерде осы дизельді және карбюраторлы қозғалтқыштардың екі түрі де қолданылады. Оларды өзара салыстырғанда мынандай кемшіліктері мен артықшылықтары болады. Дизельді қозғалтқыштар жанар майды аз жұмсайды. Мысалы, онда 1 кВт қуатқа 220-245 г жанар май жұмсалса, карбюраторлы қозғалтқыштарда бұл көрсеткіш 340-350 г жетеді. Бірақ, бірдей қуат шығаратын карбюраторлы қозғалтқыш, дизельді қозғалтқышқа қарағанда көлемі кішірек болады. Себебі, дизельді қозғалтқыштарда жану қоспасын тұтандыру үшін цилиндр ішіндегі ауаны 16-18 есе қысады. Ол үшін оның механизмдері берігірек етіліп жасалады да, оның мөлшерін арттырып жібереді.
Осыған байланысты, бұрынғы шығарылған автомобильдерде дизельді қозғалтқыштарды ауыр машиналарында, ал карбюраторлы қозғалтқыштарды жеңіл машиналарда пайдаланған. Бірақ, жанар май шығынының тапшылығына байланысты кейінгі автомобильдерде осы екі түрі де кеңінен қолдау тауып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет