Дәріс энергетикалық қондырғылар. Іштен жанатын қозғалтқыштар (ІЖҚ)



бет5/28
Дата01.02.2023
өлшемі1,12 Mb.
#64369
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
daris konspekti

2.2 ІЖҚ теориялық циклдері

Теориялық циклда жанармайдың жану барысы жылудың басқа көзден лездік келтірілуімен, ал цилиндрден жану өнімін шығару барысы – жылуды сыртқа лездік алып тастаумен алмастырылған.


Нақты циклда жұмыс қоспасы сапалы өзгереді – жану өніміне айналады. Теориялық циклда бұл барыс мөлшері сапасы бойынша тұрақты жұмыс затының (газдың) шартты қозғалтқыштың цилиндрінде сығылуымен және ұлғаюымен алмастырылған. Цилиндрдің қабырғалары жылу өткізбейтін болып саналады. Теориялық цикл екі негізгі топқа бөлінеді: а) жұмыс затының көлемі тұрақты кезінде жылу енгізетін; б) жылудың бір бөлігін жұмыс затының көлемі тұрақты кезінде және екінші бөлігін қысымы тұрақты кезінде енгізетін. Цилиндрдегі жылу сыртқа тұрақты көлем кезінде алып тасталынады.
Теоретиялық циклдер графикада pV- диаграммасы күйінде салынады.

  1. суретте іштен жанатын қозғалтқышта болатын теориялық циклдер диаграммалары келтірілген: жұмыс затының көлемі тұрақты кезінде жылу енгізетін цикл диаграммасы (Сурет 3, а) және жылу аралас келтірілетін циклдің диаграммасы (Суретк 3, б).




а) көлемі тұрақты кезінде жылу енгізетін; б) жылу аралас келтірілетін
Рисунок 3 – Теоретические циклы двигателей внутреннего сгорания

Бірінші диаграмманы қарастырамыз. Циклдың басында піспек ТӨН-де тұрады, ол диаграмманың а нүктесіне сәкес келеді. Піспек жылжып цилиндр ішіндегі газды қысқан кезде, оның температурасы мен қысымы көтеріледі, оны диаграмманың ас сызығы бейнелейді. с нүктесінде жанармай тұтанады және тұрақты көлемде жануын z нүктесіне дейін жалғастырады (cz). zb сызығы бойынша жанып кеткен газдар ұлғайады, ba бойынша – жану өнімінің шығуына байланысты қысымдары теңейеді және де, ar бойынша – қалған жану өнімдері атмосфераға итеріліп шығарылады.


Төрт тактылы цикл. Іштен жанатын піспекді қозғалтқыштардың жұмыс принциптері мына төмендегідей ретпен жүретін барыстарға негізделген (4-сурет). Цилиндр ішіндегі піспек ілгері-қайтымды қозғалып тұрады. Соның қозғалысының салдырнан цилиндр ішінде неше түрлі құбылыс пайда болады. Цилиндрдің үсті цилиндр бастиегімен бекітілген, ал оның сыртпен қатысуы соратын, шығаратын клапандар арқылы жүзеге асады. Енді осы піспектің жүрісін рет-ретімен қарастырайық.
Піспек жоғарыдан төмен қарай жылжиды, яғни піспектің үстіндегі кеңістік көбейеді. Олай болса оның ішіндегі газ қысымы азайып, вакуум пайда болады. Сол кезде соратын клапан ашылады сырттан ауа немесе дайындалған жану қоспасы кіреді. Бұл барысты кіргізу барысы деп атаймыз (4а-сурет). Оның ұзақтығы піспек төменгі өлі нүктеге түскенге дейін созылады.



а – бірінші такты – сору барысы; б – екінші такты – қысу барысы; в – үшінші такты – ұлғаю барысы; г – төртінші такты – шығару барысы.
Сурет 4 – Төрттактылы қозғалтқыштың жұмыс атқару сүлбесі және оның индикаторлық диаграммасы

Піспектің ендігі жүрісі төменнен жоғары қарай бағытталады (4б-сурет). Сол кезде екі бірдей клапандар жабық болғандықтан, цилиндр ішіндегі газ қысылады, яғни көлемі азайады. Мұны сығу (қысу) барысы деп атаймыз. Қысылған газдың қасиеті бойынша оның көлемі азайып, температурасы көтеріледі.


Піспек жоғарыға жеткен кезде (4в-сурет) қысылып және қызып тұрған жану қоспасына электр ұшкынын беріп тұтандырады немесе қызып тұрған ауаға жанар май шашыратылады да ол тұтанып жанады. Сонымен, қысу барысының соңында жану барысы іске асады.
Жанған газ өте үлкен жылу бөліп шығарады да ол газдың температурасы көтеріледі, ал температура көтерілсе, оның қысымы да артады. Енді осы қысым піспекті төмен қарай итереді. Мұны ұлғаю барысы деп атаймыз. Бұл барысы да піспек төменгі өлі нүктеге келгенше созылады (4г-сурет).
Жанған газ ұлғайып біткеннен кейін піспек төменнен жоғары қарай қозғалады. Осы кезде шығаратын клапан ашылады да жанған газ сыртқа қарай піспекпен итеріліп шығарылады. Бұл барысты – шығару барысы деп атаймыз. Енді әрі қарай осы барыстар қайталана береді.
Сонымен, іштен жанатын піспекті қозғалтқыштардың жұмысы піспектің жүрісіне байланысты атқарылатын кіргізу, қысу, ұлғаю және шығару барыстарына байланысты болады екен. Олай болса піспектің бір жүрісін бір такт деп атасақ, мұндай қозғалқыштарды төрт тактылы қозғалтқыш деп атауға болады. Себебі, барлық жұмыс төрт тактыда атқарылып бітеді. Ал осы жұмыстар піспектің екі жүрісінде атқарылып болса, онда ондай қозғалтқыштарды екі тактылы іштен жанатын қозғалтқыш деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет