Дәріс энергетикалық қондырғылар. Іштен жанатын қозғалтқыштар (ІЖҚ)



бет7/28
Дата01.02.2023
өлшемі1,12 Mb.
#64369
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Байланысты:
daris konspekti

Ұсынатын әдебиеттер: 2 [10-19]; 20 [32-38]; 12 [19-22].
Тексеру сұрақтары

  1. Поршеннің өлі нүктесі деп қандай нүктені айтады?

  1. Поршеннің жүріс жолы қалай анықталады?

  1. Цилиндр көлемі дегеніміз не?

  2. Қозғалтқыштың литражы қандай көлемдерден құралады?

  3. Қысу (жану камерасының) көлемі цилиндрдің қайсы бөлігінде орналасқан?

  4. Қозғалтқыштың қысу дәрежесі дегеніміз не?

7. Іштен жанатын қозғалтқыштарда қандай барыстар журеді және олар қалай атқарылады?
8. Қозғалтқыштың жұмыс циклы не екенін айтып беріңіз!
9. Көп цилиндрлі қозғалтқыштың жұмыс реті деп нені айтады?
10. Іштей жанатын піспекді қозғалтқыштардың жұмыс принципін түсіндіріңіз.
11. Төрт немесе екі тактылы қозғалтқыштардың жұмыс принциптерінде қандай айырмашылықтар болады?
12. Сору тактысында қандай жұмыс жүреді?
13. Қысу тактысы не үшін керек?
14. Ұлғаю тактысында қандай жұмыс істеледі?
15. Жанған газ қайсы тактыда сыртқа шығарылады?
16. Карбюраторлы қозғалтқышардың жұмыс барысын түсіндіріңіз.
17. Дизельді қозғалтқыштардың карбюраторлы қозғалтқыштан айырмашылығы неде?
3 Дәріс. Піспекті қозғалтқыштардың жалпы құрылысы (4 сағат)
3.1 Қозғалтқыштардың жеке тұрқы бөлшектері

Заманауи піспекті және біріктірілген іштен жанатын қозғалтқыштар механизмдерден, құрылғылардан және жүйелерден тұратын күрделі агрегат болып келеді.


Қозғалтқыштың тұрқысы (остов) қосиінді-бұғақты механизмнің қозғалмалы бөлшектерін ұстап тұратын қозғалмайтын бөлшектерден тұрады: фундаменттік қаңқа немесе поддон, картер, цилиндрлер, цилиндрлер қақпағы (бастиегі).
Цилиндрлерді қондыратын бөлшекті жалпы қорап тәрізді құйылым – білік-станинаның қаңқалы мойынтіректерінің жазықтығында орналасқан картер немесе бөлек тіреулер түрінде жасайды.
Көп цилиндрлі қозғалтқыштарда барлық цилиндрлер картердің жоғарғы жағымен біріктірілген бір бөлшекте – блокта орындалады. Көлденең ажырату жазықтықтарының көп болуы тұрқының ірі элементтерін жасауды оңайлатады, жинастыру мен күтуді жеңілдетеді, бірақ оның жалпы қатаңдығын төмендетеді. Сондықтан орташа жүйріктікті (жүрдектікті) қозғалтқыштарда әдетте цилиндрлер мен картердің арасында ажырама жасамайды. Бұл кезде цилиндрлер мен картерді жалпы құйылым түрінде жасайды. Оны блок-картер деп атайды.
Блок-картер қозғалтқыштың негізі (остов) болып келеді. Онда қозғалтқыш механизмдері мен жүйелерінің барлық негізгі бөлшектері қондырылады.
Сұйықпен суытылатын автотракторлық қозғалтқыштарда блок-картердің келесі күш қабылдайтын сүбелері қолданылады:
1. Күш қабылдайтын цилиндрлер блогімен, мұнда газ қысымының күші біртұтас етіп құйылған цилиндрлер гильзалары мен каналдарына беріледі; бұл жағдайда цилиндрлер бастиегін блокқа цилиндрлер блогіна бұралған шпилькалар арқылы бекітеді.
2. Күш қабылдайтын көйлектер блогімен, мұнда газ қысымының күші тек қана цилиндрлер көлегіне беріледі; цилиндрлер гильзасын жиналмалы етіп жасайды, ал бастиекті бекітетін шпилькаларды көйлектер болгінің денесіне бұрайды.
3. Күш қабылдайтын шпилькалармен, мұнда газ қысымының күші бастиек пен блок-картерді тұтастырушы анкерлі күш қабылдайтын шпилькаларға беріледі; цилиндрлер гильзасын салынбалы, ылғал етіп жасайды.
Блок-картердің құрылымы, оның габариттік өлшемдері және соған сәйкес келетін күш қабылдайтын сүлбесі қозғалтқыштың қуатына, жұмыс істеу шартына және қызметіне байланысты анықталады. Блок-картердің құрылымына келесі негізгі талаптар қойылады:
1) жоғары беріктік пен қатаңдық;
2) қозғалтқыш тораптары мен агрегаттары жинастырылуының ыңғайлығы, сондай-ақ қозғалтқышты пайдалану кезінде оларды күту ыңғайлығы;
3) жеңілдігі, құрылымдық пішінінің қарапайымдылығы және дайындауының оңайлығы.
Бөлек цилиндрлер блогі және картермен салыстырғанда блок-картердің қосынды инерциялық және газ қысымының күштері мен олардың моменттерінің жазықтығында қатаңдығы жоғарырақ болады. Қатаңдығы жоғарырақ болғандықтан блок-картердің сыртқы қабырғалары мен ішкі қоршаулары жұқарак етіп жасалынады, соның салдарынан салмағы біршама төмендейді. Карбюраторлы қозғалтқыштың шойыннан жасалған блок-картерінің салмағы қозғалтқыш салмағынан жуықша 25÷36% құрайды, ал бірлік ұзындыққа келетін құрылымдық салмағы келесі аралықта жатады: клапандар бастиекте орналасқанда 0,9÷1,0 кг/см, клапандар блокта орналасқанда 1,15 ÷ 1,45 кг/см.
Блок-картердің қабырғалары мен қоршауларының қалыңдығы 5÷8 мм құрайды.
Таратушы білік өсінің блок-картерде орналасуы екі шартпен анықталады: білік тіректерінің бұлғақ бұрандамалары бастиегінің траекториясынан тыс өтуімен; клапанды механизм итергіштерінің орналасуымен және өлшемдерімен.
Клапандар төменде орналасқан кезде таратушы білік цилиндрлер өсінен ығысады, бұл клапандардың жақсы суытылуын қамтамасыз етеді.
Цилиндрлер бастиегі жану камерасын, кіргізу және шығару клапандарын, тұтандыру шамдарын немесе бүркігіштерді орналастыруға арналған және шойыннан немесе аллюминий қорытпаларынан жасалған құйылма болып келеді. Аллюминий қорытпаларын қолдану қозғалтқыштардың салмағын азайтуға, жылу шығаруды жақсартуға мүмкіндік береді, бұл қозғалтқыштың қуаты мен үнемділігін жоғарылатады.
Блок пен бастиектің арасын нығыздау үшін карбюраторлы қозғалтқыштарда болат-асбест төсемелерін салады, ал дизельдерде –қалайыланған болат төсемелерін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет