Желілік деңгей (NetWork layer)
Желілік деңгей қатынастық деңгей арқылы абоненттік және әкімшілік жүйелерді қосатын арналарды жүргізуді, ең тиімді және жылдам жол бойынша маршрутты таңдауды қамтамасыз етеді.
Желілік деңгей екі жүйе арасындағы есептеуіш желіде байланысты орнатады және олардың арасына виртуалды арналарды жүргізеді. Виртуалды және логикалық арна – әсерлесуші құрамдастарға олардың арасына қажетті трактты жүргізгендей әсер қалдыратын желінің құрамдастарының жұмыс істеу қабілеті. Бұдан басқа желілік деңгей транспорттық деңгейге пайда болған қателерді хабарлайды. Желілік деңгейдің хабарламаларын десте (packet) деп атау қалыптасқан. Оларда деректердің үзінділері орналасқан. Желілік деңгей олардың адресациясына және жеткізілуіне жауап береді.
Деректердің оңтайлы берілу жолдарын маршрутизация деп атайды, оның орындалуы желілік деңгейдің басты міндеті болып табылады. Бұл қысқа жол әрдайым дұрыс еместігімен қиынға соғады. Жиі жағдайларда маршрутты таңдау критериі болып осы маршрут бойынша деректердің берілу уақыты табылады; ол байланыс арналарының өткізгіштік қабілетіне және уақыт бойынша өзгеретін трафиктің белсенділігіне тәуелді. Маршрутизацияның кейбір алгоритмдері жүктемеге бейімделуге тырысады, осы кезде басқалары ұзақ уақытта орташа көрсеткіштердің негізінде шешім қабылдайды. Маршрутты таңдау беріліс сенімділігі сияқты басқа да критерийлер бойынша жүзеге асырылады.
Арналық деңгейдің хаттамасы сәйкес типті топологиясы бар желілердегі кез келген түйіндер арасында ғана деректерді жеткізеді. Бұл өте қатал шектеу, ол дамыған құрылымды желіні, мысалы, бірнеше желілі өнеркәсіптерді бір желіге біріктіру немесе түйіндер арасында көп байланыстары бар сенімділігі жоғары желілер сияқты желілерді құруға мүмкіндік бермейді.
Осылай, желі ішіндегі деректердің тасымалдануы арналық деңгеймен реттеледі, ал желілер арасында деректерді тасымалдауды желілік деңгей жүзеге асырады. Желілік деңгейде дестелерді жеткізуді ұйымдастыру кезінде желі нөмірі деген түсінік қолданылады. Осы жағдайда алушының адресі желі нөмірінен және осы желідегі компьютердің нөмірінен тұрады.
Желілер өзара маршрутизатор деп аталатын арнайы құралдармен байланысады. Маршрутизатор – желі аралық байланыстардың топологиясы туралы ақпаратты жинайтын және оның негізінде желілік деңгейдің дестелерін тағайындалу желісіне жіберетін құрал. Бір желідегі жіберушіден хабарламаны келесі желідегі алушыға жеткізу үшін сәйкес маршрутты таңдап, желілер арасында бірнеше транзитті берілістерді (hops) жүзеге асыру керек. Осылай, маршрут дестелер өтетін бірнеше маршрутизаторлардың бірлестігі болып табылады.
Желілік деңгей пайдаланушылардың топтарға бөлінуіне және желілік адрестерге МАС-адрестердің түрленуі негізінде дестелердің маршрутизациясына жауап береді. Желілік деңгей сондай-ақ дестелердің транспорттық деңгейге көрініп берілуін қамтамасыз етеді.
Желілік деңгейдің қызметтері:
желілік байланыстарды құру және олардың порттарын идентификациялау;
қатынастық желі арқылы беріліс кезінде пайда болатын қателерді табу және түзету;
дестелер ағымын басқару;
дестелердің тізбегін үйымдастыру (қатарластыру);
маршрутизация және коммутация;
дестелерді сегменттеу (бөлшектеу) және біріктіру.
Желілік деңгейде хаттамалардың екі түрі анықталады. Бірінші түрі түйінен маршрутизаторға және маршрутизаторлар арасында соңғы түйіндердің деректері бар дестелердің берілу ережелерін анықтауға жатады. Желілік деңгейдің хаттамалары туралы сөз болғанда осы хаттамаларды айтады. Бірақ кейде желілік деңгейге маршрутты ақпаратпен алмасу хаттамаларын да жатқызады. Осы хаттамалардың көмегімен маршрутизаторлар желіаралық байланыстардың топологиясы туралы ақпаратты жинайды.
Желілік деңгейдің хаттамалары операциялық жүйенің бағдарламалық модульдерімен, сондай-ақ маршрутизаторлардың бағдарламалық және аппараттық құралдарымен де жүзеге асырылады.
Желілік деңгейдің хаттамалары:
ІР (Internet Protocol) – Internet хаттамасы, адрестік және маршруттық ақпаратты ұсынатын TCP/IP стегінің желілік хаттамасы;
Х.25 – дестелері коммутациялануы бар ауқымды коммуникациялар үшін халықаралық стандарт (бұл хаттама 2 деңгейде жартылай жүзеге асырылған);
CLNP (Connection Less Network Protocol) - байланыстарды ұйымдастырмай-ақ жүргізілетін желілік хаттама.
Достарыңызбен бөлісу: |