Динамикалық ішек жүрмеу. Клиника: Спастикалық түрінде ішінде түрақты орын алусыз ұстамалы ауырғандық болады. Нәжіс және газдар кідіреді. Паралитикалық түрінде бүкіл ішінде кернеген ауырғандық пайда болады.Құсық, газ бен нәжістің кідіруі болады.
Емі - консервативтік: зондтар арқылы асқазанда және ішекте кысымды түсіру. Сифондық клизмаларды орындау. Ішекті дәрілік белсендету мақсатында тамыр ішіне 5%-10% хлорид натрий ерітіндісің 100мл көлемінде және прозерин дәрісін енгізеді. Улану және сусызданумен күресу мақсатында қажеттілігне байланысты инфузиялық ем.
Шажырқай тамырларының тромбозы(эмболия) – шажырқайдың күре немесе көк тамырларында спазм, тромбоз немесе эмболия салдарынан дамитын өтімділігінің бұзылуы.Негізгі себептері:атеросклероз ауруы, іш жарақаттары.
Клиника: Ауырғандық эпигастрий немесе кіндік айналасында орналасады. Күштілігі жедел панкреатит немесе асқазан жарасының тесілуіндегі ауырғандығымен салыстыруға болады. Жалпы жағдайлары тез ауырланады. Ішінің ауырғандығына шағымданса да пальпацияда іші жүмсақ ауырсынуыда өте жәй болады. Перитонит белгілері,қанды нәжіс,гиперлейкоцитоз,шок немесе коллапс жағдайы – айқын, бірақ өте кеш табылатын белгілер.Мұндай науқастарға көмек көрсету мүмкін емес.
Емі : Консервативті емнін мақсаты - тамырларды кенейтіп қан ұйындыларын еріту. Ол үшін тамыр кеңейткіш дәрілер және гепарин енгізледі. Хирургиялық емінде - эмболэктомия операциясын орындау.
Іш жарықтары(грыжалар) - париеталды іш пердесімен қапталған іш мүшелерінің іш қабырғасының бұлшықет-апоневротикалық қабатының дефектісінен тері астына немесе көршілес қуысқа ығысуы. Жарықтар, туа біткен немесе жүре пайда болған жарық қақпасынан, жарық қапшығынан(жарық қақпасынан шыққан париетальды іш пердесінің бөлігі) және жарық құрамынаң(шыққан мүшелер) тұрады.
Жиі кездесетін туа біткен жарық қақпасына кіндік сақинасы, шап каналы, сан үшбұрышы жатады. Жүре пайда болатын қақпаларына операциядан кейінгі тыртықтар жатады.
Жарықтардың құрамын көбінесе жіңішке ішек ілімдері және іш майы құрайды.
Клиника: туа біткен жарықтар нәрестені алғаш рет тексерген кезде табылуы мүмкін. Олар шап-ұма тұсында немесе кіндік сақинасы тұсында орналасады. Балалар жылаған, күшенген кезде томпайып көрінеді. Ересек адамдарда жарықтар орналасуына байланысты кіндік,қыйғаш және тіке шап жарығы,сан жарығы болып бөлнеді. Кіндік жарығымен сан жарықтары көбінесе әйел адамдарда болады. Шап жарығы ер адамдарда кездеседі. Алғашкы кезде жарық орналасқан жерде ауыр жұмыс істегенде,көп жүргенде ауырсыну байқалады, содан соң сол жерде күшенген кезде томпаю пайда болады. Ұстап қарағанда консистенциясы жүмсақ, және горизонтальды қалыпта томпайған жері жоғалып кетеді. Осы кезде жарық қақпасын анықтауға қол жетеді. Ұзақ уақыт болған жарықтарда жарық қапшығымен жарық құрамының арасында дәнекерлену процессі өтеді. Сондықтан мұндай жарықтар үнемі томпайып тұрады, іш қуысына қайырылмайды. Жарықтардың асқынуы екі түрде өтеді: жарықтың қысылып қалуы және жарық қапшығының флегмонасы. Жарықтың қысылуында ауырғандық күшейіп, жарық құрамы қатайып, ішек жүрмеу белгілері дамиды. Жарық қапшығының флегмонасында томпаю тұсында қабыну белгілері анықталады(қызару, ісіну, ауырғандық).
Емі : Асқынбаған жарықтарды хирургиялық кабинетте есепке алып жоспарлы түрінде операциялық ем тағайындау. Асқынған жарықтар шұғыл түріндегі өткізілетін операцияны талап етеді.