Дәріс жартылай өткізгіштік физика негіздері. Жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігі. P-n ауысу теориясы. Негізгі және негізгі емес заряд тасымалдаушылар. Негізгі ақпарат



бет23/33
Дата25.12.2022
өлшемі1,04 Mb.
#59539
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
Байланысты:
Д ріс жартылай ткізгіштік физика негіздері. Жартылай ткізгіште

Күшейткіштерді классификациялау
Күшейткіштер көптеген белгілерімен ажыратылады: қолданылатын күшейткіш элементтердің түрлері және олардың арасындағы байланыстар; күшейтілетін жиіліктердің диапазондары; каскадтар саны, тағайындалуы және т.б. бойынша. Мысалы, шамдық және транзисторлық күшейткіштер деп бөлінеді. Олар бір немесе бірнеше каскадтардан түрады. Каскадтар бір-біріне тікелей трансформаторлар арқылы немесе резистор-конденсаторлық тізбектердің комегімен қосылады. Жиілік сипаттамалары байланыстың түрлерінен тәуелді болады.
Сигналдың түрлеріне қарай күшейткіштер төменгі, жоғарғы және аса жоғарғы жиілікті, кең жолақты және импульстік күшейткіштер, сол сияқты тұрақты тоқтың күшейткіштері деп болінеді (1-кесте). Дыбыс сигналдарының (сөз, музыка), мысалы өзінің қүрамында 20 Гң-тен 20 кГң-ке дейінгі жиілікті тербелістері болады. Оларды күшейту үшін төменгі (немесе дыбыс) жиілікті күшейткіштер қолданылады. Теледидар сигналдары 50 Гц- тен 5...8 МГц-ке дейінгі жиілік жолағын алып жатады, олардың күшейтілуі видеокүшейткіштермен жүзеге асырылады. Олар кең жолақты күшейткіштер тобына кіреді. Нөлден басталатын жиілігі өте аз сигналдардың күшейткіштері түрақты токтың күшейткіштері деп аталады.
Күшейткіштер есептеу техникасында қолданылатын кез-келген радиоэлектрондық құрылғылардың бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып табылады. Олар автоматтық басқару жүйелерінде, дәрігерлік және тұрмыстық құралдарда, ғылыми-зерттеу аппаратураларында кеңінен қолданылады.
1-кесте

Күшейткіштің түрі

Төменгі жиіліктің шекарасы

Жоғарғы жиіліктің шекарасы

Тұрақты ток

0

10...108

Төменгі жиілік

20...50

104 ...204

Жоғарғы жиілік

104...105

107...1011

Жалпақ жолақ

20...50

107...108

Қазіргі танда күшейткіштер техникасы интегралдық орындалған күшейткіштерді кеңінен кіргізуге негізделген. Сондықтан күшейткіштердің өзін жасау актуальды емес, қайта олардың автоматика, басқару және өлшеудің әр түрлі функциональдық түйіндерінде, іске асырылуы және қолданылуы актуальды болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет