Дәріс жартылай өткізгіштік физика негіздері. Жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігі. P-n ауысу теориясы. Негізгі және негізгі емес заряд тасымалдаушылар. Негізгі ақпарат


ДƏРІС 9-10 ОРТАҚ ЭМИТТЕРІ БАР КҮШЕЙТКІШТЕР. КІРІС ЖӘНЕ ШЫҒЫС КЕДЕРГІСІ



бет24/33
Дата25.12.2022
өлшемі1,04 Mb.
#59539
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33
ДƏРІС 9-10
ОРТАҚ ЭМИТТЕРІ БАР КҮШЕЙТКІШТЕР. КІРІС ЖӘНЕ ШЫҒЫС КЕДЕРГІСІ
ОРТАҚ ЭМИТТЕРІ БАР ТІЗБЕКТЕР.
ОРТАҚ КОЛЛЕКТОРЫ БАР КҮШЕЙТКІШТЕР.
ОРТАҚ БАЗАСЫ БАР КҮШЕЙТКІШТЕР.


Аналогты құрылғы дегеніміз – қабылдауға арналған құралдар мен аппараттарды, үзіліссіз өзгеретін аналогты сигналдардың таратылуы мен өңделуін айтады. Бұл құрылғы бірнеше бөліктерден тұрады, каскадтар мен тораптар. Сондықтан ерекше маңызды қабілетіне оларды бір-бірімен байланыстыруы жатады. Күшейткіштегі каскадты байланыс сұлбалары келесідей бөлінеді: дроссельді-сыйымдылықты, трансформаторлы, резисторлы-сыйымдылықты жəне тура байланыс.
Күшейткіш –көрсетілген шекарада сигналдың информационды қасиетін сақтай отыра кірістегі берілген сигналдың қуатына қарағанда жүктемеде үлкен қуат алуға арналған құрылғыны айтады. Жүктемедегі максималды қуат ─ Rн кедергісі мен күшейткіштің шығыс кедергісінің үйлесімділігімен ерекшеленеді.
Дроссель –сыйымдылықты байланыс
Дроссель-сыйымдылықты байланыс ─ кедергіні дроссель деп санайтын жүйеде қосылуын қамтамасыз етеді.


2.1-сурет. Дроссель-сыйымдылықты байланыс каскадының сұлбасы Дроссельді байланыс тұрақты ток бойынша аз кедергіде жəне төменгі


қорек кернеуінде қолданылады.
Берілген каскад жоғары ПƏК-ке ие болады , ал оның күшейткіш коэффициенті резисторлы каскадпен салыстырғанда аз ғана жоғары болады. Тар жолақты өткізу, үлкен габариттер жəне жоғары бағалы болуы сирек қолданылады.
Трансформаторлы байланыс
Трансформаторлы каскадта байланыс үшін трансформатор қолданылады. (2.2-сурет). Шығыс транзистордың үзілісті құраушысы бірінші обмоткадан өтіп,екінші обмоткада трансформацияланатын жəне келесі каскад кірісіне берілетін сигнал кернеуінің түсуін тудырады.

2.2-сурет. Трансформаторлы байланыс каскадының сұлбасы


Артықшылығы: резисторлы каскадқа қарағанда жоғары күшейту коэффициентін алу мүмкіндігі; шығысындағы симметрияны қамтамасыз ету; шуыл бойынша жəне кедергі бойынша жүктемемен үйлесімділігі; кірістегі берілген сигналдың қуатына қарағанда жүктемеде үлкен қуат алуға арналған. Кемшілігі: өткізу жолағы тар; габариті көп жəне бағасы жоғары; ішкі магниттік бөгеуліктерден қорғау қажет; жоғарғы жəне төменгі жиіліктегі трансформатордың реактивті құрамасына байланысты жиіліктік-фазалық


сипаттаманың нашарлауы;
Трансформаторлы байланыс көпарналы байланыстағы кіріс жəне шығыс тізбектеріндегі күшейткіш аппаратураларында жəне қуат күшейткішті каскадтарда қолданылады.
Резисторлы-сыйымдылықты байланыс
Резисторлы-сыйымдылықты байланыс айнымалы ток күшейткіштерінде қолданылады(2.3-сурет). Айнымалы ток күшейтілетін сигналының кернеуі
Rk резисторында беріледі. СР конденсаторының сыйымдылығы оның кедергісі келесі каскадта анықталатындай таңдалады.
Артықшылықтары: габариті аз; бағасы жəне салмағы; жиілікті-фазалық жəне өтпелі сипаттамалары жеткілікті.

2.3-сурет. Резисторлы-сыйымдылықты байланыс каскадының сұлбасы. Резисторлы-сыйымдылықты байланыс кемшілігі: ПƏК-і төмен; азаюы.


Тура байланыс
Бұрын қарастырылған байланыс тізбектері каскадтар арасындағы тұрақты құраушысы болатын, уақыт бойынша баяу өзгеретін сигналды таратуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан тұрақты ток күшейткіштерінде каскадтар арасындағы тура (гальваникалық) байланыс қолданылады.(2.4-сурет).

2.4-сурет.Тура байланысты каскадтың сұлбасы


Тура байланыс деп─ тұрақты ток (резистор, стабилитрон, гальваникалық элементтер жəне т.б) бойынша өткізу қабілетіне ие элементтер арқылы байланысатын байланысты айтамыз. Тура байланысты қолдану кезінде шығыстағы электродтың үлкен потенциалы күшейткіш элементтің басқарушы электродының кіші потенциалымен үйлесуі қажет.


Артықшылықтары:
— орташа жəне жоғары жиіліктерді күшейтуі болатын режимде өте аз жиілікті күшейтуге қабілеттілігі;
— тура байланыс каскадтар арасындағы интегралды технология бойынша күшейтуді дайындауға мүмкіндік береді;
Кемшіліктері:
─тұрақты ток бойынша жұмыстың қалыпты режимін қамтамасыз етудің күрделілігі;
— температураның , күшейткіш элементтер параметрлерінің жəне т.б. өзгерүі нəтижесінде шығыс кернеуінің еркінше өзгеруі.
Күшейткіш сұлбаларыны үш түрі бар: ортақ коллекторлы сұлба(ОК), ортақ эмиттерлі(ОЭ), ортақ базамен(ОБ).
Биполярлық транзистордан жасалған күшейткіштер үшін транзистордың кіріс өткелі əрқашан тура жалғанады,ал шығысы- кері бағытта жалғанады. Ортақ базамен қосылған биполярлық транзистор сұлбасы 3.1-суретте көрсетілген. Ікір айнымалы ток көзі бұл жағдайда тұрақты токты шамасы аз кедергімен қамтамасыз етеді.


2.1-сурет. Ортақ базамен күшейткішті каскад сұлбасы.


Rk резисторы тұрақты токтағы транзистордың жүктемесі болып табылады жəне күшейту мүмкіндіктерін анықтайды.ОБ-мен қосылған сұлбада кернеу жəне қуат күшейтіледі, бірақ ток күшейтілмейді.


Ортақ коллектормен қосылған биполярлық транзистор сұлбасы 3.2-


суретте көрсетілген.

2.2-сурет. Ортақ коллектормен күшейткішті каскад сұлбасы.


RЭ, RБ, EК элементтері арқылы тұрақты токтың жұмыс режимінің сұлбасын жəне транзистор параметрлерін анықтайды. Ортақ коллектормен қосылған сұлбада кіріс кедергі шамасы өте аз жəне шығыс кедергі шамасы өте көп болады. Сол себептен бұл сұлба келістіруші каскад сияқты екі каскад арасындағы əртүрлі параметрлерді қабылдайды. Бұл сұлба ток бойынша ең жоғарғы күшейту коэффициентіне ие, бірақ кернеуді күшейтпейді. Ортақ коллектормен қосылған сұлба кіріс жəне шығыс каскадтар ретінде қолданылады.


Ортақ эмиттермен қосылған биполярлық транзистор сұлбасы 3.3-
суретте көрсетілген.

2.3-сурет. Ортақ эмиттермен күшейткішті каскад сұлбасы.

Кернеу бойынша күшейту (ОЭ) сұлбасында кіріс жəне шығыс кедергі шамалас болады, көпкаскадты күшейткіштердегі тізбектей қосылған кернеу бойынша келесі каскадтағы кіріс кедергісінің алдыңғы каскадтағы шығыс кедергісімен байланысуына рұқсат етеді.


2.4-сурет. Ортақ бастау мен күшейткішті каскад сұлбасы.


Транзистордың қосылуының барлық үш сұлбасы өрістік транзисторға да таралады. 3.4-суретте ортақ бастаумен қосылған сұлба бойынша униполярлы транзистордың қосылу сұлбасы көрсетілген. Ортақ бастаумен қосылған сұлба кернеу бойынша күшейту коэффициенті 1-ден аз, ал ток бойынша 1-ден көп болған уақытта үлкен кіріс жəне төменгі шығыс кедергіге ие. Демек, ол эмиттерлік қайталағыш сұлбасына ұқсас жəне де төмен Омдық жүктеме мен жоғары ішкі кедергіден тұратын сигнал көзі арасындағы келісімді каскад ретінде қолданылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет