Дәріс жартылай өткізгіштік физика негіздері. Жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігі. P-n ауысу теориясы. Негізгі және негізгі емес заряд тасымалдаушылар. Негізгі ақпарат


Негізгі əдебиет : 1[120–128], 4[5–30], 10[332–344]



бет27/33
Дата25.12.2022
өлшемі1,04 Mb.
#59539
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33

Негізгі əдебиет : 1[120–128], 4[5–30], 10[332–344].


Қосымша əдебиет :1[83–87]. Бақылау сұрақтары.

  1. Дифференциалдық күшейткіш дегеніміз не?

  2. Көпірдің баланстық принципін түсіндіріңіз?

  3. Қандай кернеуді синфазды кернеу дейміз?

  4. Ненің есебінен дрейфті нөл пайда болады жəне дифференциалды каскадты қалай орнатылады?

  5. Неліктен ДК-тың берілген токтағы күшейту коэффиценті бірлік транзистордың күшейту коэффицентінен көп болады?

  6. Эммитерлік тізбектегі транзисторлардың дифференциалдық каскадындағы синфазалық күшейту коэффиценті генерптор сұлбасын қолданғанда төмендейтінін дəлелдендер.

  7. Дифференциалдық каскадтың параметрлерінің өзгеру қандай мүмкіншіліктерге ие болады ?



ДӘРІС 12.
ЖҰМЫС КҮШЕЙТКІШІ. ҚҰРЫЛЫС ПРИНЦИПІ, СИПАТТАМАЛАРЫ N
ЖҰМЫС КҮШЕЙТКІШІНІҢ ПАРАМЕТРЛЕРІ. ИНВЕРТОРЛЫ ЖӘНЕ ИНВЕРТОРЛЫЕМЕС КҮШЕЙТКІШТЕР.

Қазіргі заманғы электрониканың дамуы түрлі қажеттіліктерге арналған электронды аппаратураларды проекциялау кезінде дискретті жүйелерді емес, интегралдық жүйелер түрінде жасалған функционалдық түйіндерді пайдаланумен сипатталады. Бұндай қадам аппаратураның статикалық, динамикалық, эксплуатациялық жəне сенімділік қасиеттерін арттыруға мүмкіндік береді. Негізінен қажетті қасиеттері бар интегралдық системаларды қолдану ешқандай қиындықтарды туғызбайды. Сондай-ақ аналогты интегралдық жүйелерді қолдану өте спецификалық жəне жеке творчестваға мүмкіндік береді.


Қазіргі кезде жалпы қолдануға жəне арнайы жасалған көптеген аналогты интегралдық жүйелер кездеседі. Оларға тұрақты токтың АИЖ күшейкіштерін(операционды күшейткіштер), салыстыру сұлбаларын (компанаторлар) жəне қорек көздерін (кернеудің үзіліссіз стабилизаторлары) жатқызуға болады.
Бұл жерде тұрмыс аппаратураларын құруға арналған арнайы АИЖ-лар үлкен топты құрады. Бірақ, қолданылатын элементтік базаның айыршылығына қарамастан, бұл аппаратуралардың функционалды арналуы жəне дайындалу технологиясы дифференциалды күшейткіштердің схемотехникасына негізделген. Қазіргі кезде дифференциалды күшеткіш интегралды аналогты электрониканың негізгі элементі болып табылады.
Осы үшін де интегралды күшейткіштің қолданыстағы АИЖ-ның ең көп тараған түрі болып табылады.
Енді көп қолданылатын АИЖ-ның,яғни, операционды күшейткіштің құрылымының қасиеттеріне тоқталайық,
Операционды күшейткіш /ок/-келесі шарттарды қанағаттандыратын ku→∞; Rвх→∞; Rвых→0; fв→∞; тұрақты токтың унифицирленген көп каскадты күшейткіші.
ОК аталу тарихы əр түрлі математикалық операцияларды іске асыру үшін аналогты техникада қолданылған күшейткіштермен байланысты,мысалы қосындылау (суммирование), интегралдау жəне тағы басқа.Қазіргі уақытта бұлар өз мəнін жоғалтпаса да ОК-ның қолданылуы азайды.
ОК идеалды күшейткіш элемент болып табылады,ол барлық аналогты электрониканың негізі болып саналады,бұл қазіргі заманғы микроэлектрониканың жетістігі жəне ол бір кристалдағы интегралды қолданыстағы ОК-ң күрделі құрылымын іске асырды.
Бұның бəрі ОК-ны электронды сұлбадағы диод, транзистор т.с.с сияқты қарапайым элемент ретінде қарауға мүмкіндік береді.Айта кететін жағдай,практикада ОК-ның электрлік параметрлеріне жоғарыда қойылған талаптар толық орындалмайды,себебі,əр талаптар арасында келіспеушіліктер бар, бұларды жоғарыда жасалған дискретті элементтердегі күшейткіштер анализінен байқауға болады.ОК шартты белгісі 20.1 суретінде көрсетілген.Бұл үшбұрыш ретінде,екі кірісі оң жағында,жоғарғы бөлігінде шығысы бар.


    1. сурет. Операционды күшейткіш: а) шартты графикалық белгіленуі;б) қосылу сұлбасы.

«+» белгісі бар кірісі инвертирленбейтін, яғни кіріс сигналды кіріске берген кезде шығыста таңбасы өзгермейді.
«-» белгісі бар кірісі инвертирленетін, яғни, кіріске сигнал берген кезде шығыста оның таңбасы өзгереді.
Бүйір жақтарында екі сым шығып тұр, яғни мұнда қоректену көздері жалғанады.
ОК қызметінің принципі кəдімгі күшейткішке ұқсас. Ол кіріс сигналының кернеуі мен қуатын күшейтуге арналған.
Бірақ, ОК терең ОС бар сұлбаларда қолдануға арналған, себебі, құрылғы параметрлері негізінен ОС параметрлеріменанықталуы тиіс, ал ОК-ң өзі функционалды өзгермеуі керек. Бұндай ОК өзінің құрылымымен идеалдығы жақындайды.
Практикада бірде-бір ОК параметрлері іске асырылмайды, бірақ бұған жоғары дəлдікпен жақынжауы мүмкін.
Көп жағдайда ОК кері байланыспен қолданылады. ООС қолдану: кіріс кедергіні ұлғайтуға Rвх , Rвых азайтуға;бұрмалауды азайту; күшейту коэффициенті берілетін тұрақтылық пен дəлдікті көбейтуге мүмкіндік береді. Егер ОК-те оң ОС болса, онда автотербелістердің өз қозуы пайда болуы мүмкін: күшейткіш генераторға айналады, жəне бар ОК параметрлер сапасы
төмендейді.
ОК-ны тəжірибиелік қолдану əдетте күшейткіштің ішкі құрылымын білуін талап етпейді. Түйіндердің негізгі функционалды жəне схемотехникалық ерекшеліктерінің қызметінің принципін білу арқылы ОК-ң шеткі мүмкіндіктерін білеміз жəне сыртқы құрылғылардың көмегімен оның сипаттамалары мен параметрлерін бақылай аламыз.
Операционды күшейткіштердің параметрлері.
ОК күрделі электронды құрылғы болып табылады, оның дұрыс қолданылуы оның жұмысының ерекшеліктерін жəне негізгі параметрлерінің білуіне байланысты.
Төменде ОК-ң негізгі параметрлері келтірілген, бұл оның жұмысын сипаттайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет