Бұл проблемаларды шешу мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді. - 1. мақсаттары (не үшін оқыту керек?);
- 2. мазмұны (нені оқыту керек?);
- 3. ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?);
- 4. құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?);
- Зерттеудің теориялық әдістері
- Жүйелі құрылымдық әдіс
- сабақтың мақсатын анықтауды, осы мақсаттарға байланысты оқытудың мазмұнын, әдістері мен құралдарын сұрыптап ала білуді, сабақтың тиімділігін бағалауды көздейді.
- Жүйелілік әдіс
- мұғалімнің бағдарлама бойынша бірнеше сабақты жоспарлап, дайындалуына мүмкіндік береді, әр сабақтың өзіндік ерекшеліктері мен мақсаттары, мазмұны, оқыту әдістері жағынан, оқушылардың танымдық әрекетінің сипаты жағынан өзара байланыстылығы сақталады.
- Типологиялық әдіс
- Бұл әдіс бойынша зерттелетін объектілер мен құбылыстар топталып, әр топтың негізгі белгілері анықталады. Типологиялық әдіс әдістеме ғылы-мының мәселелерін зерттеуде жиі қолданылады.
- Тарихи әдіс
- Бұл әдіс бойынша зерттелетін құбылыстар уақыт жағынан даму, өзгеру тұрғысынан қарастырылады.
- Зерттеудің эмпирикалық әдістері: мектеп тәжірибесін зерттеу және эксперимент әдістер
- Мұның алғашқысы іс жүзінде қолданылып жүргендерді анықтап, есепке алу мақсатымен жүргізіледі. Бұл мағлұматтарды білу бағдарламалар мен оқулықтарды жетілдіруде, мұғалімге ғылыми әдістемелік жәрдем беруде, озат тәжірибені зерттеп, көпшілікке таратуда зор маңызы бар. Мектеп тәжірибесін зерттеу әдістерінің мына түрлері белгілі: 1) оқыту процесіне байқау жүргізу; 2) мұғалімдер мен оқушыларға анкета тарату; 3) мектеп құжаттарын зерттеу; 4) әңгімелесу; 5) жазбаша тексеру жұмыстары.
- Эксперимент педагогикалық жаңа тәжірибе жасауға бағытталған.
|