басқаларымен бірлесіп әрекет ете алады, мысалы, I компьютерде жұмыс істейтін А қосымшасы,
2 компьютердегі В қосымшасымен байланыс орнатқысы келеді.Сол уақытта 3 компьтердегі С
қосымшасын 2 компьютердегі D қосымшасымен байланыстыру қажет. В және D қосымшалары
үшін 2 компьютерге бірнеше IP-адрестер қолдануға болады. Бірақ бұл кеңістіктегі адрестік
шығынға әкеліп соғады. Сондықтан байланыс порт арқылы орнатылады. UDP және TCP
хаттамаларында порттар жіберілетін және қабылдайтын қосымшаларды қалай теңестіретіні
туралы төменде айтылады. Қосымшалар орындалатын компьютерлерде ғана жіберуші және
қабылдаушының адрестері теңестіріледі.
Сол себептен, канал (немесе деректер ағымы) келесі мағынаға ие:
Жіберушінің порт номері;
Жіберушінің IP-адресі;
Қабылдаушының IP-адресі;
Қабылдаушының порт номері.
Кейбір порттардың номері маңызды және ауқымды қосымшалармен бекітілген. Мұндай алдын-
ала анықталған порт номерлері тек қана серверлер үшін қолданылады.Клиенттердің порты
динамикалық түрде бөлінеді, Сервердің бір порты оған қосылған әртүрлі клиенттердің деректер
ағымына қызмет ете алады. Бұл ештенеге кедергі бола алмайды, себебі , жоғарыда айтылған 4
параметрдің үйлестірілуі бірегей. Порттар номерінің маңыздылығы артады, себебі әріқарай осы
бөлімде баяндалатын кейбір желі аралық экрандарды трафиктік фильтрлау ережісінің
тапсырмасына қолданады. RFC 1122 феномен баяндалған, желі ресурстарын нәтижесіз
қолдануға және өнімділіктің төмендеуіне соқтыратындықтан, ол «ақымақ» (Silly Window
Syndrome) синдром атағына ие болды. Егер терезе өте аз түйін қабылдаса, «ақымақ терезе»
синдромы пайда болады. «Сырғыма терезе» (Sliding Window) механизмі бір уақытта
жіберілетін мәліметтер пакетінің максималды саны ретінде “терезе” ұғымын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: