Дәріс кешені дəріс Кіріспе. Клиент-серверлік архитектурасы. Компьютер мен қосымшаның клиент-серверлі əрекеттесуі



Pdf көрінісі
бет16/36
Дата20.12.2022
өлшемі1,89 Mb.
#58571
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36
Бақылаусұрақтары
1. Порттар не үшін қызмет етеді?
2. UDP хаттамасы туралы айтыңыз?
3. UDP-дің TCP-ден айырмашылығы неде?
4. «сырғыма терезелер» механизмі туралы айтып беріңіз.
Ұсынылатын əдебиеттер
1 В.Г.Олифер, Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы:
Учебник для вузов. - Спб.: Питер, 2004. – 864с.
2 Петров В.Н. Информационные __________системы. Учебник. - СПб: Питер, 2002.
3 Филимонов А.Ю. Протоколы Интернета. СПб: Питер, 2002.
4 Найк Д. Стандарты и протоколы Интернета. Пер.с англ. – М.:1999
5 Ганеев Р.М. Проектирование интерактивных Web – приложений.М.:2001.
6 Успенский И.И. Интернет как инструмент маркетинга. – СПб: БХВ – Петербург, 2000.
Дəріс 6. OSI моделінің қолданбалы деңгейінің протоколдары. HTTP-сервер жəне
клиент. HTTP-протоколы бойынша сұраулар мен жауаптардың атаулары
Дəріс мақсаты: OSI моделінің қолданбалы деңгейінің протоколдары. HTTP-сервер және
клиент. HTTP-протоколы бойынша сұраулар мен жауаптардың атауларымен таныстыру
Түйінді ұғымдар FTP хаттамасы, HTTP хаттамасы,пошталық бөлімнің POP3 (Post Office
Protocol Version 3) хаттамасы, SMTP (Simple Mail Transfer Protocol) хаттамалары, SMTP
қауіпсіздігі және спам
Дəріс жоспары
1. FTP хаттамасы бойынша бірлесіп әрекет ететін құрылымы
2. HTTP хаттамасының негізгі түсініктері мен терминдері
3. HTTP жұмысының принциптері
4. Почталық бөлімнің POP3 (Post Office Protocol Version 3)


хаттамасының тағайындалуы.
5. POP3 (Post Office Protocol Version 3) хаттамасынның бейнеленуі.
6. SMTP (Simple Mail Transfer Protocol) почтасының жай хаттамаларды
тасымалдауы
7. SMTP қауіпсіздігі және спам
Мәліметтерді тасымалдау ісін стандарттау жұмысы Халықаралық стандарттар
институтының (ISO - International Standards Organization) техникалық ұсынынстарына
байланысты жүргізіліп, желі параметрлерін сәйкестендіру ісі (OSI - ашық жүйелердің
әрекеттесу моделі) деп аталған модель негізінде жасалып шықты. Осы ISO/OSI моделіне сәйкес
мәлімет алмасу схемасы 7 деңгейге бөлініп қарастырылады: 1-физикалық деңгей, 2-байланысу
деңгейі, 3-желілік, 4-тасымалдау, 5-сеанстық, 6-мәліметтерді ұсыну деңгейі, 7-қолданбалы
деңгей. Бұл деңгейлердің ең жоғарғысы – қолданбалы деңгей, ал ең төменгісі – физикалық
деңгей болып саналады.
Қолданбалы - тұтынушының есептеу жүйесімен әрекеттесуін атқаратын ең жоғарғы
деңгей. Физикалық – құрылғылар арасында сигналдар алмасуын қамтамасыз ететін ең төменгі
деңгей.
ISO/OSI моделі негізінде әр түрлі құрылықтардағы компьютерлер арасындағы байланыс
арналары бойынша осы жеті деңгей арқылы мәлімет тасымалданады.
1. Қолданбалы деңгейде тұтынушы өз компьютеріндегі программалар көмегімен
жіберілетін құжатын дайындайды.
2. Ұсынылу деңгейінде тұтынушы компьютердегі операциялық жүйе мәліметтің қайда
жазылып тұрғанын анықтап, оның келесі деңгеймен әрекеттесуін қадағалайды.
3. Сеанстық деңгейде тұтынушы компьютері жергілікті немесе ауқымды желімен
байланысады.
4. Тасымалдау (транспорттық) деңгейінде жөнелтілетін құжат қолданылатын желі
хаттамалары талаптарына сәйкес тасымалдауға ыңғайлы форматқа (пакеттерге) түрлендіріледі.
5. Желілік деңгейде мәліметтңғ тасымалдану маршруты анықталып, пакеттер адреспен
толықтырылады. Енді олар бір-біріне тәуелсіз күйде жеке-жеке жеткізіле береді.
6. Байланысу деңгейінде желілік деңгейден алынған мәлімет модем көмегімен
физикалық деңгейге қажет нақты сигналдарға түрлендіріліп, оны модельдеу ісі атқарылады.
7. Мәліметтерді нақты түрде тасымалдау соңғы физикалық деңгейде орындалады.
Мұнда мәлімет тек биттер түрінде өрнектеліп тасымалданады. Мәліметтерді қабылдап алу
тұтынушы компьютерінде осы деңгейлердің кері бағытта жұмыс істеуі арқылы биттерді
қайтадан нақты құжатқа түрлендіру жолымен атқарылады.


Əрбір деңгей жоғарғы деңгейдегі модель арқылы анықталған өз қызметтерін атқарып,
мәліметті келесі деңгейге беріп отырады. Осылай компьютерлер әрекеттесуінің әрбір
деңгейінің өзіне ғана тән хаттамасы, яғни мәлімет алмасу ережесі болады.
Интерфейс – төменгі деңгейдің жоғарғы деңгейге бере алатын функциялар жиыны.
Хаттамалар стегі (тізімі) – бұл жүйелерді байланыстыруды ұйымдастыруға қажетті әр
түрлі деңгейдегі хаттамалар жиыны.
Сонымен хаттама байланыстың атқарылу тәсілдерін және арналарындағы кедергілерді
азайту жолдарын анықтап, екі компьютердің арасындағы мәліметті мүлткісіз тасымалдау ісін
жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Желідегі стандарт ұғымы да осы бекітілген хаттамалардан
немесе солардың жиынынан тұрады.
Қолданбалы деңгейде пайдаланушыларға өңделген ақпаратты беру қажет. Ол жүйелік
программалық жабдықтама мен пайдаланушының программалық жабдықтамалары арқылы
жүзеге асырылады.
Қолданбалы деңгей қосымша программалардың жүйемен жұмыс істеуіне жауап береді.
Бұл деңгейдің міндеті – файлдарды тасымалдау, пошталық хабарламаларды жеткізу, желіні
басқару.
Мұндағы жағары үш деңгейдің (қолданбалы, ұсынылу, сеанстық) кеңінен таралған
хаттамалары:

FTP (File Transfer Protocol) – файлдарды беру хаттамасы

TFTP (Trivial File Transfer Protocol) – файлдарды жіберудің қарапайым хаттамасы;

X.400 –электрондық пошта хаттамасы;

Telnet –қашықтағы терменалмен жұмыс істеу;

SMTP (Simple-Mail Transfer Protocol)-пошталық алмасудың қарапайым хаттамасы;

CMIP (Common Management Information Protocol) ақпаратты жалпы басқару
хаттамасы;

SLIP IP (Serial Line IP) тізбекті арналар үшін әрбір объект бойынша мәліметтерді
жіберудің тізбекті хаттамасы,



SNMP (Simple Network Management Protocol) желілерді басқаруға арналған
қарапайым хаттама;

FTAM (File Transfer, Access and Management) файлдарды тасымалдау, қатынасу
және басқару хаттамасы.
Интернетте көптеген қызмет түрлері бар. Олардың ішіндегі ақпаратты таратуға
арналғандары: WWW, FTP, Telnet, т.б.; электрондық мәлімет алмасу үшін: E-mail, Usenet, ICQ,
IRC, IP – телефония және басқалары.
Интернеттің әр қызмет бабы мәлімет таратудың немесе алмасудың әр түрлі
функцияларын атқарады, оның үстіне олардың кейбірі ескіріп жойылса, кейбірі жаңадан
туындап келеді. Осылардың қазіргі желілерде жұмыс істейтін негізгілерінің қысқаша
сипаттамаларын қарастырып өтейік.
WWW (World Wide Web – дүниежүзілік өрмек) – Интернеттегі гипермәтіндік ақпарат
іздеу жүйесі, оны Web деп те айта береді. Мәліметтер блоктары (Web-парақтар) мекемелердің
немесе жеке тұлғалардың меншігіндегі WWW-сервер немесе Web-сервер деп аталатын жеке
компьютерлерде сақталады. Web-құжаттарға енгізілген гипермәтіндік сілтемелер арқылы
тұтынушы адам олардың бірінен біріне ауыса береді.
WWW мен оның программалық жабдықтары – Желінің ең қуатты, әрі болашағы бар
құралдары. WWW ортасы гипермәтіндік мәліметтерді тасымалдау хаттамасы HТТP арқылы
жұмыс істейді. Ал оның ішкі ақпараттары құжаттарды белгілеудің гипермәтіндік HTML (Hyper
Text Markup Language) тілі көмегімен құрастырылады.
WWW мәліметтерімен жұмыс істеу үшін ағылшынша browsers (“browser” –қарап шығу,
шолу), яғни броузер, навигатор, көрсеткіш, шолушы деп аталатын программалар қолданылады.
Қазіргі кезде Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator, Mozilla Fifefox, Opera, т.б.
броузерлер жиі қолданылады.
FTP қызметі
FTP (File Transfer Protocol –файлдарды тасымалдау хаттамасы). Қашықтағы
компьютерден екілік түрдегі және мәтіндік файлдарды алуға болады. Ол –
программалаушылардың бір-бірімен программа, сурет, мәтін алмасуы үшін өте қажетті қызмет
тұрі. Бұл қызметті FTP-серверлер атқарады.
Файлдар барлық компьютер серверлерінде сақтала бермейді. Оларды сақтап, FTP
арқылы қызмет көрсететін арнайы компьютерлерді FTP-серверлер деп атайды. Олар кез келген
форматтағы файлдарды тасымалдай алады.
FTP хаттамасын іске қосу үшін Интернет Explorer терезесінің адрес өрісіне файл
серверінің адресін, мысалы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет