Дәріс кешені философия пәні және оның тарихи динамикасы


Тақырып. Философияның пәні, және оның тарихи динамикасы



бет3/53
Дата11.02.2022
өлшемі339 Kb.
#25316
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
Философия дәрістер кешені-2

1 Тақырып. Философияның пәні, және оның тарихи динамикасы.

Дәріс мақсаты: Философия пәні, философиялық танымның өзіндік ерекшеліктері.Дүниеге көзқарас туралы түснік беру оның түрлерімен таныстыру. Материализм және философия туралы түсінікті қалыптастыру.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар:

1. Философия пәні



2. Дүниетану ұғымы оның құрылымы және негізгі түрлері. Философия және аңыз

3. Философияның мәдени-тарихи алғышарттары.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер). Философия бұл гректің екі сөзінен: mifos – аңыз, logos-ілім.. Мифологиямен бірге жазу мәдениеті пайда болды. Мифология негізінде дін дүниеге келді. Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланды. Ал дін ешнәрсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Әр нәрсенің себебін білгісі келгендер мұндай ұғымдарға қанағаттанбады, көңілі толмады. Ондайларды Пифогордың сөзімен айтқанда философ деп атады. Бұл гректің ертедегі екі сөзінен құралған ұғым (philio-сүйемін, sophio-даналық, екеуі қосылып «философия» деген сөзді туғызады). Арабтар бұл сөзді тіліне жеңілдетіп «фәлсафа» деп атаған. Ол сонымен бірге дүниетаным, өмірлік позиция, іс-әрекет.

Адам санасын оятуда мифологияның да рөлін жоққа шығаруға болмайды. Ол зерек адамдардың даналық қиялымен дүниеге келіп, одан әрі ізденіс жасауына түрткі болды. Егер мифологияны қабылдап, оның қағидаларын, аңыздарын бүтіндей қолдану негізінде қалыптасқан болса, философия ойлау, зерделеу, сын көзбен қарау, талдау негінде дүниеге келді. Философия барлық ғылымдардан бұрын дүниеге келгендіктен, кезінде оны ғылымдардың ғылымы деп атаған. Философия әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынаушы, байқаушы ретінде бой көрсетті. Осыдан келіп, ол кезде философия барлық табиғат жөніндегі ой-пікірлерді бойына жинақтағандықтан оны, натурфилософия деп атады. Философияның тікелей айналысатын проблемаларына жататындар: логика (гр.logos-ойлау заңдылықтары туралы ілім), онтология (гр. ontos –мән туралы ілім), гносеология (гр, gnosis – таным туралы ілім), аксиология (гр. Axios-құндылық туралы ілім) болып қалыптасты. Адамзат дамуымен бірге философия өз алдына дүниеге көзқарас ілімі ретінде танылды. Ол басқа ғылымдарға методологиялық жол сілтейтін, бағыт көрсететін рөл де атқаруда. Көзқарас - білімнің толықтырылған, қорытылған түрі. Ол күнделікті өмірді байқаудан, өткенді талдаудан, келешектң болжаудан туындайды. Ондай міндеттерді абыздар атқарған. Бірақ дүниеге көзқарас біркелкі емес. Ол жай қарапайым, ғылыми, діни, прогресшіл, не кертартпа, нәсілшілдік, ұлтшылдық, не интернационалистік сипатта кездеседі.

Дүниеге көзқарас - дүниені көзқарас сезімінен, танымынан, нанымынан тұрады. Обьективтік шындық адамға түрлі әсер туғызады: сезіну, күдіктену, уайымдау, қайғыру, мазасыздану, қорқу, ренжу, шаттану, қуану, масаттану. Осылардың барлығы адамдардың интеллекті мен эмоциясына тікелей байланысты. Эмоция (сезіну, шырай, әуестік, көңіл-күй) - әрдайым ізденістің, қызығудың бастамасы. Ішкі дүниесінде ойы, жігері, ынтықтығы қызып тұрған адам әрнәрсеге таңданада, таңырқайда, қызығада біледі. Бұл -ізденістін бастамасы. «Көз-адамның ішкі дүниесінің айнасы» дейді. Бұл айтылған дұрыс пікір. Эмоциясы бай адамның жаңарында терең ой тұнатыны тегін емес. Бірақ дүниеге көзқарас бұлармен бітпейді. Ол тек бастамасы ғана. Дүниеге көзқарастың түбірі негізі теорияда. Ол үшін ұғыну, түсіну, нану қажет. Наным - көзқарастың өзегі. Бірақ наным да түрліше болады. Діни көзқараста нанымға негізделген. Адам бір нәрсеге иланбайынша, оның ісі тыңғылықты, нәтижелі болмайды. Дүниені ұғымдармен бейнелеу түрі жатады (abstractio - латын сөзі, ой арқылы заттың, құбылыстың әртүрлі жақтарын бір-бірінен бөліп алып қарау). Олай болса, философия – дүниеге деген дамыған көзқарас түрі.

Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық қоғамның шеңберінде дүниеге келеді. Оны біз мифология деп атаймыз. (mitos – грек сөзі, баян, аңыз). Миф-табиғат, қоғам және адам эөніндегі алғашқы тұрпайы фантастикалық түсініктер ( phantasia - грек сөзі, қиял, елес). Алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның табиғаттың әртүрлі күштеріне қрсы тұра алмауы, сонымен қатарөзінің өмірге деген қажеттерін өтеу жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі – мифтердің Дүниеге келуінің қайнар көзі болып табылады.

Әртүрлі халықтардың мифтерін белгілі бір топтарға бөлуге болады. Мифтердің ең үлкен бөлігінің бірі космогониялық (cosmos - грек сөзі, әлем, genesis- грек сөзі сөзі6 дүниеге келу, пайда болу) аңыздар. Оларда көбінесе Дүниенің алғашқы жағдаы хаос (chaos- грек сөзі, шексіз шашылған бытыраңқы дүние) арқылы көресетілді. Сиқырлы құдіретті күштің іс-әрекеті арқылы хаос жер мен көкке бөлініп, Дүниеге тәртіп келіп, әртүрлі табиғаттың құбылыстары дүниеге келді.

Дүниеге деген жалған көзқарас ретінде мифтің қандай ерекшеліктерін атап өтуге болады? Біріншіден, миф алғашқы пайда болған қоғамдық сананың формасы ретінде өзінің ішінде болашақта дүниеге келетін өнер, дін, саясат, мораль сияқты құбылыстардың элементтерін бойында сақтайды. Сондықтан мифті ғалымдар қоғамдық сананың синкретикалық түрі деп есептейді (synkretismos – грек сөзі, қосылған, араласқан, бөлінбеген деген мағына береді). Екінші ерекшелігі мифтегі адам мен табиғаттың бірлігі, жағалай қоршаған ортаны антропоморфизациялау, адамның өзіндік мәндік қасиеттерін бүкіл табиғатқа таратуы, табиғаттың құбылыстары мен заттарын олардың адам сияқты жаны, ойы, сезімі, іңкәрі бар деп түсінуі. Мысалы, жерге нәр беретін аспаннан жауған нөсердің мифтк Құдайлардың жыныс қатынасынан шығатыны жөніндегі қиялы ойлары. Үшіншіден, мифте әлі ғылыми ұғымдар жоқ, онда қоршаған орта, әлеуметтік қатынастар көркем сөз арқылы бейнеленеді. Әлемнің пайда болуы жөнінде кейбір Шығыс халықтарының аңыздарында антропоцентрлік көзқарас та кездеседі (antropos – грек сөзі, адам, centrum – латын сөзі, орта, әртүрлі қатынастардың бір жүйеге қосылатын нүктесі). Бұл мифтер: «Дүниеден бұрын алғашқы еңгезердей адам болған, ал ол өлген кезде оның денесінен Дүние жаратылады», - деген пікір айтады.

Материяны алғашқы деп танитындар материалистерге, ал сананы алғашқы деп танитындарға идеалистерге жатады. Материалистерге жататындар: ертедегі дүниеден - Демокрит, Эпикур, Лукреций Кар; орта ғасырдан - номинадистер; жаңа дәуірден - Ф. Бэкон, Р. Декарт, Б. Спиноза, Т. Гоббс, Дж. Локк, Д. Дидро, К. Гельвеций, Л. Фейербах, К. Маркс, В.И. Ленин, Г.В. Плеханов. Идеалистерге жататындар: ертедегі дүниеден- Сократ, Платон, Аристотель; орта ғасырдан – реалистер, жаңа дәуірден - Дж. Беркли, Д. Юм, Г. Лейбниц, И. Кант, Г. Гегель, Э, Мах, Р. Авенариус, Ф. Ницше, В. Соловьев, Н. Бердяев. Екіншілерін агностиктер дейді. (гр, gnosis - таным, а - жоққа шығару, кереғарлық, екеуі қосылып таануға болмайды деген ұығым тудырады.). Оған жататындар: И.Кант, Д. Юм, Э. Мах, Р. Авенариус т.б. мысалы И. Кант дүниені тануға болмайды былай түсіндіреді: су құйылған стаканға қалам салсаң, ол сынық сияқты болып көрінеді.

Философия екі түрлі әдіс қолданылады. Бірі диалектикалық әдіс. Ол дүние ұдайы қозғалыста, дамуда деп түсінеді. Екіншісі - метафизикалық (гр. tameta, ta physika- деген екі сөзінен құралған әдіс). Бұл бірнішіге қарам-қарсы дүниені өзгермейтін, қозғалмайтын, дамымайтын құбылыс деп түсінетін ұғым. Диалектикалық әдісті ертедегі гректерден гераклит пен Аристотель қолдаса, жаңа дәуірден Г. Гегель қолдап, ілгері дамытты. Бірақ Гегель идеалист диалектик болды. Оныі пікірінше, диалектикалық тұрғыдан дамитын – обьективтік шындық емес, тек идея, қиял, ой, Оның түйіндеуінше, обьективтік шындық дамымайды. Бұл ғылымға қайшы келетін пікір болатын К. Маркс диалектик болды. Бірақ оның диалектикасы гегель диалектикасына қарама-қарсы материалистік диалектика болды. К. Маркс бұл жөніндегі пікірін өзінің еңбегі «Капитальдың» 1 томының екінші басылуына раналған соңғы сөзінде сипаттап берді. К. Маркстың пікірінше табиғат да, қоғам да, сана да диалектиклық тұрғыда өзгерісте, дамуда болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет