Дәріс кешені философия пәні және оның тарихи динамикасы


Аристотель (384-322) Ол-Платонның шәкірті, атақты Александр Македонскийдің ұстазы



бет7/53
Дата11.02.2022
өлшемі339 Kb.
#25316
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53
Аристотель (384-322) Ол-Платонның шәкірті, атақты Александр Македонскийдің ұстазы. Аристотельдің философиясы обьективті идеализм болып табылады. Ол дүниені тануға болады және таным адамнан тыс, тәуелсіз өмір сүретін қоршаған дүниенің бейнесі болып табылады. Аристотель дүниедегі себепті бөліп көрсетеді: материя, форма, себеп және мақсат. Материя - ол тек дамудың мүмкіндігі, ол пассивті, баяу, өзін-өзі қозғауға қабілетті емес. Форма - актив, белсенд, әрбір зат дегеніміз бір түрге келген материа. Форма материяны шындыққа айналдырады. Себеп - не жасасаң, соны жасайтын. Мақсат – барлық нәрсе не үшін өмір сүрсе, сол. Мысалы., үй. Құрылыс материалы - бұл материя, ал салынған үй – мақсат. Жобасы мен архитектурасы – бұл форма. Құрылысшылар мен архитекторлар –себеп. Эпикур (341-270) материалист, атомист. Демокриттің ілімін ілгері дамытушы.Ол атом жөніндегі пікірлерге қосылады. Ол ләззаттың үш түрі болатынын айтады. Бірі-табиғи, өмірге қажет ләззат, екінші – табиғи, бірақ өмірге қажет емес, үшіншісі- табиғи емес, өмірге де қажет емес. Ол осы үшеуінің біріншісін қолдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет