Дао - дұрыс жол, космостық және адамгершіліктік заң, қытай философиясыныңбасты категориясы, ол басқа категориялардың бәрін қамтиды. Дао өзінен өзі дамитын универсумнің жоғарғы принципі, барлық бар нәрселердің алғашқы бастауы, дүниенің генетикалық бірлігі ретінде түсіндіріледі: бәрі одан туындайды және бәрі оған қайта оралады. Сонымен қатар, дао -- универсалдық заңдылық: көктің өзі дао заңдарына бағынады, яғни, адам жер мен көк заңдары арқылы дао жолымен жүреді, адамның өмірлік мақсат-міндеті - даоны игеру, яғни, дұрыс өмір сүру.
Дхамма (пали тілінде) немесе Дхарма (санскрит тілінде) (dharma)- бірнеше мағынаға ие ұғым. Ең әуелі Будда ілімі, рухани білімнің квинтэссенциясы дегенді білдіреді, ар-ұждан, адамгершілік ілімі, әділеттілік, міндет, заң, табиғат, діни қағида және тағы басқа ұғымдарды біріктіреді. Төмен Дхарма қарапайым деңгейдегі құбылыстардың әрекетін, ал Жоғары Дхарма болмыс заңдылықтарының асқақ деңгейде әрекет етуін түсіндіреді. Тағы бір мағынасы-болмыстың элементтері. Әлемдік процесс-себептерден туындайтын және өшуге бағыт алған нәзік, өткінші 72 дхарма-элементтердің өзара әсер етуі және оның соңғы нәтижесі- абсолюттік тыныш күйге, сөнуге жету.
Дін Философиясы - кең мағынасында -дінге қатысты философиялық ұстанымдардың, оның табиғаты мен функциялары туралы концепциялардың, құдайылықтың өмір сүруінің философиялық негіздемелерінің, сонымен қатар, оның табиғаты және дүние мен адамға қатынасы туралы философиялық пайымдаулардың жиынтығы; тар мағынасында - құдайылық пен дін туралы автономдық пайымдау, философиялық пайымдаудың ерекше типі.
Идея - философиялық термин, “мән”, “мағына” дегенді білдіреді және ойлау және болмыс категорияларымен тығыз байланысты.
Инь жәнеИ Ян (қытайша) - этимологиялық мағынасы “төбенің немесе өзен жағасының көлеңкесі мен күнгейі” дегенді білдіреді. Инь мен Ян дүниедегі ретсіздіктерді тәртіпке келтіруші Көк пен Жер күштері ретінде қарастырылады. Олар бір-біріне қарама-қарсы, бірақ олардың үндесіп, бірігуі бар нәрсенің бәрін басқаратын адамды дүниеге әкелді, Инь - дүниенің рационалдық, “әйелдік” бастауы, Ян - бейсаналық, “ер адамдық” бастауы деп түсініледі. Қытай философиясында Инь мен Янның өзара әсерінен табиғат құбылыстары да, қоғамдағы өзгерістер де туындап отырады деп тұжырымдалады
Космос (грекше-Ғалам)-хаосқа қарама-қарсы, реттелген, тұтас, жүйелі құрастырылған бірлік ретінде түсінілетін әлем, дүние. Дүниені реттілік пен үйлесімділіктен тұратын космос деп ең алғаш рет Пифагор атады
Космонология – (cosmos – грек сөзі, әлем, грек сөзі, дүниеге келу, пайда болу) аңыздар
Көзқарас-метафизикалық ойлау мен зерттеулер нәтижелерінің жиынтығы, объективті дүниеге және ондағы адамның орнына, адамның өзін қоршаған ортасы мен өзіне деген қатынасын білдіретін пікірлерінің және олардан туындайтын өмірлік ұстанымдарының, сенімдерінің, идеалдарының, құндылықтық бағыттарының жүйесі.
Материя - (лат. Material - зат) - дүниеде өмір сүріп отырған объектілер мен жүйелердің бәрінің шексіз көптігі, кез-келген қасиеттердің, байланыстардың, қатынастардың және қозғалыстың формаларының субстраты.
Махизм - 20 ғасырдың басында мах, авенариус және олардың шәкірттерінің және к.пирсонның еңбектерінде ұсынылған ғылым философиясы мен методологиясындағы субъективтік-идеалистік бағыт.
Метафизика – бірінші түсінігі (аристотель бойынша)- болмыстың, білімнің және мәдениеттің тәжірибеден жоғары принциптері мен бастаулары туралы философиялық ілім. Екінші түсінігі - диалектикалық материализм метафизиканы диалектикаға қарама-қарсы, болмыстың қайшылықтар арқылы өзіндік сапалы дамуын терістейтін, дүниенің біржақты, тек ойдағы бейнесін құрастыруға бейім философиялық метод деп есептеді. Қазірігі кезеңде бірінші мағынасы басымырақ.
Метод (грекше metodos - жол, зерттеу) - таным жолы, белгілі бір мақсатқа жету тәсілі, шындықты теория немесе практикалық деңгейде меңгеру әдістерінің жиынтығы.
Методология - қандай да бір ғылымда қолданылатын танымдық құралдардың, методтардың, әдістердің жиынтығы. Танымдық және практикалық-өзгертушілік қызметті ұйымдастырудың алғышарттары мен принциптерін, құралдарын зерттейтін білім саласы.
Мифология (mithos - грек сөзі, баян, аңыз).
Миф Философиясы - мифологиялық сананың құрылымын, мифтің мәдени-психологиялық құрылым ретінде атқаратын функцияларын зерттейтін философиялық сала.
Натурализм -философиялық позиция, барлық бар болып отырғанды табиғатпен теңестіреді, табиғатты болмыстың бөлігі ретінде түсінуді терістейді және теориялық түсіндіруден жаратылыстан тыстың бәрін шығарып тастайды.
Неопозитивизм (логикалық позитивизм) – позитивизмнің қазіргі заманғы формасы. Философияны табиғи және жасанды тілдерді сараптаушы қызмет түрі ретінде түсіне отырып, неопозитивистер белгілік-символдық құралдардың ғылыми танымдағы ролін, білімді математизациялау мүмкіндігін, ғылымның теориялық аппараты мен эмпирикалық базисінің арақатынасын анықтауда белгілі бір нәтижелерге жетті.
Номинализм (латынша nomen - ат, атау) - жалпы ұғымдар, универсалийлер ойдың субъективті формалары, жәй ғана сөздер, заттардың белгілері мен атаулары ғана, ал ойлаудан тыс ешқандай объективті шындықты бейнелей алмайды деп пайымдайтын философиялық көзқарас.
Пантеизм (грекше pan - бәрі және theos - Құдай) - Әлемді, дүниені, табиғатты құдайы сипатта түсінетін ілім.
Позитивизм – нағыз шын, “жағымды” (позитивті) білімді жеке, арнайы ғылымдардың және оларды біріктірудің нәтижесінде ғана алуға болады және философия шындықты өз бетінше зерттеуге ұмтылатын ерекше ғылым ретінде өмір сүруге құқы жоқ деген принципке негізделген философиялық бағыт.
Постпозитивизм - неопозитивизді сынаудың негізінде 20 ғасырдың ортасында пайда болды. Ғылыми білім мен ғылыми емес білімнің шекарасы - ғылыми білімнің тәжірибе нәтижелерінің көмегімен терістеле алатындығында деп түсініледі.
Рационализм (латынша ratio - ақыл-ой) - таным процесінің басты құралы ретінде ақыл-ойды, пайымды, ойлауды танитын метод және оның негізінде қалыптасқан философиялық бағыттар жиынтығы.
Редукционизм – ғылыми білімнің бірлігі проблемасын барлық ғылымдар үшін бірдей жалпы тіл жасау арқылы шешуге бағытталған методологиялық бағдарлама.
Релятивизм – танымды, көзқарастық жүйелерді, мәдениетті сараптау мен интерпретациялаудың методологиялық принципі, құбылыстардың сапалық тұрақсыздығын, олардың әртүрлі жағдайлар мен ситуациялардан тәуелділігін абсолюттендіреді.
Структурализм және Постструктурализм - қазіргі заманғы философиялық және гуманитарлық білімдегі мәдениет құбылыстарының көптүрлілігінің астарында объективті өмір сүретін логикалық құрылымдарды іздеумен байланысты бағыттардың жалпы атауы.
Субстанция (латынша - substantia - негізінде жатқан) - өзгермейтін, мызғымайтын, бастауы басқада емес, өзінде, басқа арқылы емес, өзінің арқасында, өзінде өмір сүретін, бәрінің негізінде жатқан нәрсе.
Трансцендентальдық – таным мүмкіндіктерінің априорлық (тәжірибеден тыс немесе тәжірибеге дейін) жағдайларына жататын.
Транценденттік – схоластикалық философияда туындаған термин, сезімдік тәжірибе шекарасынан шығатынның бәрін сипаттайды; діни және метафизикалық таным пәні.
Феноменология (грек. Феномендер туралы ілім) – басында философиялық пәндердің бірі, кейінірек идеалистік философиялық бағыт, философиялық сананы натуралистік ұстанымдардан (объект мен субъектіні бөліп тастайтын) арылтуға, философиялық сараптаудың өзіндік саласына - сананың өз актілері және олардың мазмұны туралы рефлексиясына жетуге, танымның, адамның өмір сүруінің және мәдениеттің бастапқы негіздерін, толық сипаттамаларын анықтауға ұмтылды.
Философиялық Антропология – кең мағынасында - адамның табиғаты және мәні туралы философиялық ілім. Философиялық антропология, тар мағынасында, адамның және оның қатынастарының өмір сүруімен және түсінілуімен байланысты күрделі, көптүрлі проблемаларды қарастыратын философиялық білім саласы.
Философия- дүниеге деген дамыған көзқарас түрі.
Философиялық Герменевтика – бастапқыда (антика дәуірінен) бұл сөз мәтіндерді түсіндіру өнері дегенді білдірді. 20 ғ. бастап (М. Хайдеггер, Г. Гадамер, П. Анкер және т.б.) бұл терминмен рухани мәдениет феномендерінің мәнін түсіну және игеру туралы философиялық ілім аталады.
Хаос (chaos – грек сөзі, шексіз шашылған бытыраңқы дүние). Экзистенциализм (өмір сүру философиясы) – жалғыз нақты шындық ретінде адам болмысын танитын қазіргі заманғы иррационалистік философиялық бағыт. Экзистенциализмнің жалпы қағидасы - адамның өмір сүруі индивидтің әлеуметтік өмір сүруімен салыстырғанда алғашқы.
Экспликация – дәл емес ұғымды дәлірек ұғыммен ауыстыру. Экспликация термині символдар мен шартты белгілерді бейнелеу үшін қолданылады.
Эмпиризм (грекше emperia - тәжірибе) - таным процесін тек сезімдік тәжірибемен (эмпирия) байланысты қарастыратын гносеологиялық бағыт, бүкіл ғылым, өмірлік тәжірибе және адамгершілік тәжірибеге ғана негізделуі тиіс деп түсіндіретін методологиялық принцип
Энтелехия (грекше entelechia - аяқталу, жүзеге асу) - мүмкіндікті шындыққа айналдыратын белсенді бастау, ал шындық мүмкіндіктің болуын жүзеге асуға әкеледі. Аристотель энтелехияны затта жүзеге асатын форма деп түсінді және актуалдық іс-әрекет ретінде энергия деп атады. Мысалы, дененің өзгеріп-қалыптасуында жүзеге асатын энтелехия - жан.
Эпистемология – философияның бөлімі, онда таным табиғатының проблемалары, білімнің шындыққа қатынасы, танымдық процестің жалпы алғышарттары зерттеледі, оның ақиқаттылығының шарттары анықталады