Дәріс кешені философия пәні және оның тарихи динамикасы


Тақырыптың қысқаша мазмұны



бет46/53
Дата11.02.2022
өлшемі339 Kb.
#25316
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   53
Байланысты:
Философия дәрістер кешені-2

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);

Мәдениет-философиялық ой-толғамның аса маңызды терең теориялық мәнді ұғымдардың бірі. Мәдениеттің нақтылы-тарихи түр алуы оның мазмұнының күрделілігін және ондағы жалпы ерекшеліктің диалектикасын білдіреді. Мәдениет адамсыз жасалмайды. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Мәдениеттің мазмұндығы рухани арақатынастан айқын көрінеді, өйткені адам санасының мәдени-тарихи түрінің негізі философиялық дүниетаным болып табылады. Мәдениет субьектісі бола отырып, адам әрдайым өз белсенділігін көрсетеді. Ол белсенділік ақылға сыйымды болса, мәдениет табиғаттың көркейіп, гүлденуіне демеуші болады. Керісінше, ол белсенділік жеке бастың мақсатынан туатын болса, табиғатқа да, қоғамға да орасан нұқсан келтіреді, экологгиялық апаттар туғызады. Себебі тарихи процесте табиғат пен мәдениет ажырамас бірлікте болып табылады.

Мәдениет пен өркениеттілік тарихта ұдайы қатар жүріп отырады. Мәдениет көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын, адам еркіндігі де соғұрлым арта түседі. Өркениеттіліктің өндірісті дамытпай тұруы мүмкін емес, өндірісті дамыту дегеніміз жаңа материалдық және рухани қазыналар жасау блып табылады, мұның өзі күрделі қоғамдық қатынастарды қамтиды. Табиғи ортаны игері, қоғамды жетілдіру мәдениет пен өркениеттілік деңгейін көрсетеді. Олай болса, бұл - өркениеттілі пен мәдениет өзара тығыз байланысты және бір обьективті негізде дамиды. Мәдениет және өркениет. Бұл екі ұғым біріне-бірі өте жақын. Мәдениет – адам баласының ақылымен, қолымен жабайы табиғаттан бөліп алып өңдеген заты, құбылыс. Оның екі түрі бар: бірі – материалдық жасанды дүние, екіншісі – рухани дүние. Біріншісіне – үй, өндіріс, киім-кешек, екіншісіне – қисса, ертегі, өлең-жыр, діни ғылыми ұғымдар жатады. Өркениет деген термин үш түрлі мағынада қолданылады. Кең мағынада –алғашқы қауымдық құрылыстан таптық қоғамға көшу, одан тарлау мағынасында - бір қоғамдық формациядан екіншісіне көшу, тар мағынада - әрбір елдің өз алдына даму ерекшеліктері Үнді өркениет, Вавилион өркениеті т.б. Жоғары дамыған күрделі техникада, ғылыми табыстар да әртүрлі мақсатқа қолданылуы мүмкін. Өркениеттілікке оларды тек қоғамдық прогреске қызмет еткізу жатады. Мәселен АҚШ – озық дамыған капиталистік ел. Ол елде езілгендер де, езушілер де бар, заңдылық та, заңсыздықтар да бар, басқа елдерге жәрдем көрсету де бар, сондай-ақ бостандыққа ұмтылған елдердің теңдігін аяққа басуда бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет