Дәріс кешені философия пәні және оның тарихи динамикасы


Тақырыптың қысқаша мазмұны



бет48/53
Дата11.02.2022
өлшемі339 Kb.
#25316
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
Философия дәрістер кешені-2

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);

Мемлекет - қоғамды басқаруды, оның экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғауды іс жүзіне асырушы қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты, марксистердің пікірінше, таптық антагонистік қоғамда экономикалық жағынан үстем таптың қолында болады және ең алдымен солардың әлеуметтік қарсыластарын басу үшін пайдаланылады. Мемлекет типі оның қай тапқа қызмет ететініне, демек, түбінде белгілі бір қоғамның экономикалық базасына қарай анықталады. Қазіргі шетелдік мемлекетке парламентті, авторитарлы, әскери диктаторлық сипаттағы және кейбір басқа да саяси режимдер тән. Мемлекеттің негізгі функцияларын ішкі және сыртқы деп қабылданған. Ішкі функцияларына өмір сүріп отырған өндіріс тәсілін, экономикалық және әлеуметтік жүйені қорғау, таптық қарсыластарды жаншу, экономиканы басқару немесе шаруашылық қызметті реттеу, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қорғау және тәртіпті сақтау, әлеуметтік қатынастарды реттеу, мәдениет тәрбие, идеологиялық қызмет және т.б. жатады. Сыртқы функциялары: халықаралық аренада осы берілген мемлекеттің өз мүдделерін басқа мемлекеттермен қарым-қатынаста қорғау,елді қорғауды қамтамасыз ету, басқа мемлекетті дұрыс қатынастарды дамыту, түрлі әлеуметтік құрылысы бар мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруінің принциптері негізінде өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту.

Қоғамның рухани өмірі оның дамуы мен қызмет етуінде маңызды рөл атқарады. Қоғамның рухани өмірі өте күрделі ұйымдасқан жүйе. Ол жеке адамдардың санасымен шектелмейді, бірақ олардың санасы қоғамның рухани өмірінің өзегі деуге толық негіз бар. Бұл құрылым келесі элементтерден тұрады: адамдардың рухани қажеттілігі, рухани іс-әрекеттері рухани құндылықтар, рухани өндіріс, рухани қарым-қатынас.

Сананың түрлері көп. Ол жеке адамның санасы және қоғамдық қарапайым және теориялық, ғылыми және ғылымға қарсы, прогресшіл және кертартпа сана болып бөлінеді.

Қоғамдық сана - маңызы, обьективтік дүниені бейнелеуі және атқаратын рөлі жағынан үлкен күш. Қоғамдық сананы екі тұрғыдан: біріншіден, оны бейнелеу ретінде, екіншіден, рухани құбылыстарды жасаушы ретінде қарастыруға болады. Қоғамдық және жеке сана. Жеке сана қоғамдық санадан тар өрсті болады. Ал қоғамдық сананы сақтаушы да, оны іске асыраушы да-жеке адамдар. Жеке сана әр адамның дүниеге келуіне, өсіп жетілуіне, дүние салуына сәйкес өмір сүреді. Қарапайым және теориялық сана. Қоғамдық сана қарапайым және теориялық саналардың диалектикалық бірлігін құрайды. Қоғамдық психология мен идеология. Қоғамдық психология қоғамдық сананың төменгі сатысы болса, идеология оның жоғарға сатысына жатады дедік. Идеология ертедегі гректің «ideo» - пікір-ой және «logos» - ілім деген екі сөзінен құрылған

Ғылым тікелей өндіргіш күштерге айналған. Олай болса, ғылым, бір жағынан, рухани құбылыс, екінші жағынан материалдық құбылыс. Мәдениет те рухани және материалдық мәдениет болып екіге бөлінеді. Өйткені қоғамдық сана түрлерінің бір-бірне әсер етуі, бір-біріне ықпал жасауы – заңды құбылыс. Саяси сана. Бұл таптардың, ұлттардың, мемлекеттің түбегейлі мақсаттарын қолдап, уағыздап отыратын қоғамдық ой формасы. Таптардың экономикалық қатынастарын бейнелейтін саясат-сол көзқарастар мен олардың мақсаттарын іске асырудың шешуші күші. Сондықтан саяси көзқарастар әртүрлі болады. Құқылық сана. Бұл сананы жасаушы-үстем тап, оның көзқарастары. Мақсаты-оның экономикалық және саяси мүдделерін жақтап, оны нығайту. Құқықтық сананың негізгі мақсаты- демократияны, заңдылық нормаларын, адамдардың құқығы мен бостандығын қорғау. Моральдық сана. Қоғамдық сана түріне жататын мораль-адамдардың бір-біріне деген қатынасын белгілеп, тарихи өзгеріп отыратын нормалардың, принциптердің, ережелердің белгілі жиынтығы. Негізгі моральдық категориялар: шарапат, кесепат, ар-ождан, міндет, абырой, әділеттілік, адамгершілік, адалдық, әдептілік, өмір мақсаты. Эстетикалық сана. Қоғамдық сананың тағы бір көне формасы - өнер. Ол обьективті ақиқатты бейнелеп көрсетеді. Көркемдік бейне-құбылыстарды нақты сезімталдық түрде ерекше типтік тұрғыдан бейнелейді. Діни және атеистік сана. Дін ақиқатты адам ойында түбегейлі өзгертіп, қиялишылықты түрде бейнелейді. Діндердің ең жоғарғы сатысы - таптық қоғамдарда пайда болып, содан бері келе жатқан монотеистік сенім. Оған жататындар - буддизм, христиан, ислам, иудаизм діндері. Діңді бекерге шығаруды атеизм дейді. Бұл ертедегі гректердің «а» - жоқ, «теа» -құдай, деген сөзінен құралған.

Қоғам өмірінің саласы - саяси-құқықтық сала. Ол сонау көне цивилизация дүниеге келген кезде пайда болды. Аристотель адамды «Zoon Politicon» - саяси жануар деп сол кезде - ақ атап кеткен. Сол заманнан бері осы уақытқа дейін адам саяси пенде, өйткені ол - әрқашан белгілі бір таптың, я болмаса ұлттың үлкен топтың өкілі. Әрбір әлеуметтік топ қоғам өміріндегі өз орнын анықтауға тырысып, өз мүдделерін қорғап, осы жолда басқа топтармен қарым-қатынасқа түседі. Саясаттың екінші жағы - әртүрлі мүддесі бар топтың басын біріктіріп, қарым-қатынастарын ретке келтіріп, қоғамның біртұтастығын сақтап қалу болмақ.

Саяси жүйе әлеуметтік қатынастарды, қоғамдағы өзара әрекеттестікті, қоғам мен мемлекеттің арасында,ы қатынастарды бейнелейді. Демек, қоғамның саяси жүйесі бір ғана саяси институттармен анықталмайды. Оның ауқымы кеңірек. Саяси жүйеге оның бөлшектерін үйлестіру, олардың атқаратын қатынасттері және қоғам мен оынң арасындағы қатынастары кіреді. Оны саяси қоғам деп атайды яғни саяси міндетті қызметті атқаратын, саяси мекемелерді, басқаратын аппараты, билік орындарын, саяси партиялар мен қозғалыстарды және табғы басқаны құратын адамдардың қоғамдық жіктері мен топтардың жиынтығы. Саяси жүйе – мемлекет пен қоғамның арасындағы әлеуметтік саяси өзара әрекеттестіктің тетігі, беріліс, дәнекерші құрылғысы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет