71
орналасады.
Экологиялық тауша (Экологическая ниша) деген түсінікті қауымдар
структурасындағы түрдің орнын көрсету үшін американ орнитологі ЖД.
Гринвел (1917) енгізген (Байтулин 1996). Адамдар тіршілігіне байланысты
экожүйелердің
бөліктері
өзгерістерге
(трансформацияға)
ұшырады,
антропогендік ландшафтар пайда болды, ал олардың жағдайына аймақтың
көптеген түрлері бейімделмеген.
Техногендік ландшафтардың, құмдағы массивтердің, кесілген ағаштардың
және т.б. қалпына келу ерекшеліктерін зерттеу өсімдіктер қауымдарының
табиғи қалыптасу жолдарын айқындауға мүмкіншілік береді. Сол білімдердің
нәтижесінде деградацияға ұшыраған қауымдарды қайта құрып қалпына
келтіруге бағытталған экологиялық тұрғыдан ақталған ұсыныстар жасауға
болады.Табиғи бейнедегі жаңа агроценоздар құруға болады.
Биологиялық алуан түрлілікті тепе- теңдікте сақтап пайдалану шараларын
жасаудың алғашқы кезеңі ол фундаментальді есеп және жағдайын талдау.
Биологиялық алуан түрлілікті дәл тізімге алып түгендеп яғни
инвентаризация жасап жүйеге келтірілген мәліметтер болғанда ғана
конвенция ережелерін талабын тиімді орындау шараларын жасауға болады.
Қазақстанда бұл бағытта біраз жұмыстар жасалды. Бірақта, әліде келешекте
көп жұмыстар жасалуы керек.
Биологиялық алуан түрлілікті тепе-теңдікте сақтап пайдалануда конвенция
деградацияға ұшыраған табиғи жүйелерді қалпына келтіру мәселесіне
маңызды орын береді. Биологиялық алуан түрлілік туралы конвенция №8
бабында (пункт F) былай жазылған әрбір келісім шартқа отырған ел
"Деградацияға ұшыраған экосистемаларды қалпына келтіруге тиімді
пайдаланудың стратегиясын және жоспарын жасап шара қолданады".
Әрбір келісім шартқа отырған ел оның нақты жағдайына және
мүмкіншіктеріне сәйкес:
1)
Биологиялық алуан түрлілікті тепе-теңдікте сақтап пайдаланудың ұлттық
стратегиясын, жоспарын немесе бағдарламасын жасайды немесе жетілдіреді.
2)
Тиісті бөлімдер (сектор) және бөлімдераралық жоспарларда,
бағдарламаларда және саясатта мүмкіндігінше және мақсатқа сәйкес
шаралар алдын-ала ескеріледі.
Біздің
Республикамызда
табиғатты
тиімді
пайдаланудың
ұлттық
бағдарламасы жасалған, шөлге айналумен күресудің ұлттық стратегиясы
жасалуда. Сондықтан биологиялық алуан түрлілікті тепе-теңдікте сақтап
тұрақты пайдаланудың стратегиясы, бағдарламасы осы жоғарыда көрсетілген
және басқа да Республикамызда қабылданған табиғатты қорғауға
байланысты құжаттармен келісілген болуы керек және еліміздің
биологиялық ресурстарын қалпына келтіру тиімді пайдалану және қорғау
жүйесіне кірістірілген болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: