«алтын мүйізі» үшін ауланатын аң. Әсіресе, сүйектенбеген жас мүйізі өте жоғары
бағаланады. Одан пантокрин дәрісі жасалынады. Ол жүрекке, қан айналым
жүйесіне,
бұлшық етке, тыныс жолдарына, т.б. органдарға әсер ететін сергіткіш
дәрі.
Шығыс Қазақстан облысында алты мыңнан астам марал өсірілетін
шаруашылықтар бар. Олар жылына 5,2 мың килограмға
дейін маралдың жас
мүйізін дайындайды. Бұл шаруашылықтарда өсіп есейген әр маралдан 5-5,3 кг
дейін панта алынады.
Еліктер туысы – Capreolus Gray, 1821
Елік - Косуля- Capreolus сapreolus Linnacus, 1758
Еліктер Қазақстанда Алматы, Солтүстік Қазақстан, Павлодар,
Көкшетау,
Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының орман-
жоталарында таралған. Ертеректе дәмді еті үшін жыл сайын 1000-5400
шамасында елік ауланатын. Қазіргі кезде бар-жоғы әуесқойлық жолмен 200-250
елік ауланады.
Терісінен сырт киім, аяқ киім, төсеніш, қайыс былғары жасайды.
Соңғы кезде етімен қатар мүйізінде пайдалана бастады. Одан түрлі сыйлық
бұйымдар жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: