Дәріс Кіріспе. Қазақстандағы биологиялық алуантүрлілік жағдайын қысқаша талдау. Өсімдіктердің биологиялық алуантүрлілігі Мақсаты


Бұландар туысы – Alcer Gray, 1821



Pdf көрінісі
бет28/34
Дата15.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#107974
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34
Байланысты:
Дәріс Қазақстан биоресурстары

Бұландар туысы – Alcer Gray, 1821 
Бұлан - Alcer аlcer Linnacus, 1758 
Бұландар Қазақстанның 10 облысында кездеседі. Әсіресе Жайық, Есіл, Тобыл, 
Елек, Ертіс өзендерінің бойындағы орман-тоғайларда көбірек кездеседі. Дәмді 
етімен сәнді мүйізі үшін есепсіз аулау нәтижесінде Қазақстанда ХІХ ғасырдың 
аяғында бұлан саны күрт азайып кеткен. Одан кейін қорғауға алу нәтижесінде 
оның саны өсіп, 1972 жылдан бастап бұл аң арнаулы рұқсат қағазы бойынша 
ауланатын болды. Республика жерінде бұланның негізгі мекендері – қайың, 
самырсын, шырша, қарағай өскен орман алқаптары. 
Құдырлар тұқымдасы – Moschidae Gray, 1821 
Қазақстанда бұл тұқымнан бір туыс – құдырларкездеседі. 
Құдыр туысы - Moschus Linnacus, 1758 
Құдыр - Moschus moschiferus Linnacus, 1758 
Республикамызда Шығыс Қазақстан облысының таулы, қылқан жапырақты 
аудандарында таралған. Жалпы есеп бойынша Қазақстанда шамамен 1000-1200 
құдыр бар. Ерте уақыттан бері Шығыс және Европа медицинасында және 
парфюмер өнеркәсібінде құдырдың «мускус» бездері қолданылған. Соңғы 
жылдары құдырдың саны өте аз болғандықтан Қазақстанда әуесқойлық жолмен 
жылына оның 15-20 ғана ұсталады. 
Жабайы шошқалар(қабандар) тұқымдасы – Suidae Gray, 1821 
Шошқалар немесе доңыздар жұп тұяқтыларға жататын орташа келген 
жануар.Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Әсіресе Алматы, 
Қызылорда облыстарында көбірек кездеседі. Доңызды қамыс құрақты қопалар 
мен батпақты жерлердің тұрғыны деп есептейді. Іле Алатауында олар теңіз 
деңгейінен 1000 м биіктіктен 3500 м биіктікке дейін кездеседі. Жабайы шошқа 
тұяқтылардың ішінде кәсіптік және әуесқойлық жолмен ауланатын аңның бірі. 
Орта есеппен әр доңыз 50 кг ет, 10 кг май, 250 шаршы дециметрдей тері және 0,5 


кг қыл береді. Республикамызда жылына 2500 жабайы шошқаны аулап, 100 т 
сапалы ет дайындап тұруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет