Дәріс Кіріспе. Қазақстандағы биологиялық алуантүрлілік жағдайын қысқаша талдау. Өсімдіктердің биологиялық алуантүрлілігі Мақсаты



Pdf көрінісі
бет4/34
Дата15.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#107974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
Дәріс Қазақстан биоресурстары

1966 жылы проф. А. Федоров 
осы 
саладағы зерттеу жұмыстарының негізгі әдістерін ұсынды. 


Шикі заттық өсімдіктер дегеніміз не ? 


Проф. М.М. Ильин бойынша (1948 ) "Шикізаттық өсімдіктер деп Завод немесе 
ауылшаруашылық практикасына тікелей қайта өңделіп пайдалануға болатын 
шикізат беретін немесе мәдени өсімдіктер қатарына ендірілетін табиғи флора 
өкілдерін айтамыз". 
Егер біз бұл анықтама қабылдайтын болсақ онда өсімдіктер ресурстары 
туралы 1935 жылы Ташкентте өткен ғылыми-зерттеу конференциясының 
маңызы өте зор. 
Бұл конференцияда өсімдіктер ресурстары мынандай 3 топқа бөлінеді: 
I. Өндірістік өсімдіктер ресурсы 
ІІ Ауылшаруашылық өсімдіктер ресурсы 
ІІІ Көгалдандыру, астық және фитомелиоративтік ресурстар 
1942 жылы акад. Н.В. Павлов өзінің "Дикие полезные и технические
растения СССР" деп аталатын үлкен монографиясында өзінің жаңа 
классификациясын ұсынды. Н.В. Павловтың классификациясында барлық 
пайдалы және техникалық өсімдіктер 22 топқа біріктірілді. 
І Дәрілік өсімдіктер 
ІІ Коксағызды (каучук) өсімдіктер 
ІІІ Құрамында гуттаперча 
бар өсімдіктер 
IV Шыны майлы өсімдіктер 
V Эфир майлы өсімдіктер 
VI Тоқымалық өсімдіктер VII
Щеткалық өсімдіктер VIII 
Ірі- талшықты өсімдіктер 
IX
Қағаз целлюлозалы өсімдіктер 
X
- Тағамдық өсімдіктер 
XI
- Крахмалды өсімдіктер 
XII
- Қант-инулинді 
өсімдіктер 
XIII
- Сергітуші ынталандырушы өсімдіктер 
XIV
- Витаминді өсімдіктер 
XV
- Балды өсімдіктер 
XVI
- Илік затты өсімдіктер 
XVII
- Сабынды немесе санонинді өсімдіктер 
XVIII
- Қарамайлы өсімдіктер 
XIX - Бояуы бар өсімдіктер 
XX - Мал азықтық өсімдіктер 
XXI
- Уландырғыш заты бар өсімдіктер 
XXII
- Сәндік немесе гүлдік өсімдіктер 
3. Қазақстанда пайдалы өсімдіктерді пайдалану олардың ішінде әрине бірінші 
ретте дәрілік өсімдіктерді пайдалану Шығыс және Батыс елдерінің медицина 
мектептерінің әсеріне байланысты болды. Мысалы Қазақстанның оңтүстік 
аудандарының Иран, Афганистан, Индия сияқты елдердің әсері бар. Оған қосымша 
Қазақстанда Европа елдерінде белгілі көптеген шипалық қасиеті бар заттарда 
қолданылады. Сондықтан шет елдерден әкелінетін шикізаттарды алмастыру қажет 
болған осы қажеттілік нәтижесінде Қазақстан флорасында коксағызды (каучук) 
илік заттары бар, шырышты өсімдіктер табылды. 


Қазақстан флорасында халық медицинасында кеңінен белгілі шипалық
қасиеті бар өсімдіктерді әсіресе, жүрек-қан тамырлары, өт айдайтын, ісікке 
қарсы қолданылатын өсімдіктерді іздеуге үлкен көңіл бөлінді. 
Сонымен ресурстанудың өз алдына дербес ғылым саласы екендігі 
дәлелденген деп санауға болады. " Өсімдіктер ресурсы" деген терминді 
А.Федоров (1965) былайша түсіну керек деп санайды. " Өсімдіктер ресурсы 
дегеніміз бүкіл флорадағы және жер шарындағы өсімдіктер жамылғысындағы 
бар потенциальдық байлық. 
Д.С. Ивашиннің (1969) анықтамасы бойынша " Өсімдіктер ресурсы" - 
ботаникалық ресурстанудың зерттеу объектісі, ол объект өсімдіктер 
құрамындағы заттарын яғни бүкіл флора және өсімдіктер жамылғысындағы
бар байлықты қамтиды. 
«Ботаникалық ресурстану» өзінің зерттеулерін әртүрлі деңгейде жүргізеді. 
Мысалы молекулалық, ұлпалық, мүшелік. Организмдік популяциялық, түрлік, 
ценотикалық, биогеографиялық. Молекула деңгейінде ботаникалық ресурстану 
мәселелері химия және биохимия жәрдемімен шешіледі. 
Клетка және ұлпа деңгейінде анатомия, гистохимия және эмбриология 
көмегімен шешіледі. Мүшелер деңгейінде - морфология көмегімен организм 
деңгейінде- физиологиялық және өсімдік шаруашылығы туралы ғылымдар 
көмегімен шешіледі. Популяция деңгейінде тәжірибелік систематика көмегімен. 
Түрлік деңгейде систематика және филогения көмегімен. Ценогенетикалық 
деңгейде - фитоценология көмегімен шешіледі. Бұл жоғарыда айтылғандардан 
«Ботаникалық ресурстану» өте кең спекрлі өте нәзік химиялық анализден жер 
шары өсімдіктері жамылғысын жинақтап қорытуға дейінгі әдістер және тәсілдер 
пайдаланытынын айқын көруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет