Дәріс Кіріспе. Қазақстандағы биологиялық алуантүрлілік жағдайын қысқаша талдау. Өсімдіктердің биологиялық алуантүрлілігі Мақсаты



Pdf көрінісі
бет6/34
Дата15.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#107974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
Дәріс Қазақстан биоресурстары

Иллюстрация лық материалдар 
1.
Құрамында көксағыз бар өсімдіктер гербариі 
2.
Атлас ареалов и ресурсов лекарств растении 
Өзін-өзі бақылау сұрақтары 
1)
Қазақстандағы шикізаттық өсімдіктерді зерттеу бағыттары. 
2)
Жаңа дәрілік өсімдіктерді зерттеуге қажетті мәліметтерді білу. 
Ұсынылған әдебиеттер 
1)
 
Кукенов М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана учебник Алматы, 
ғылым, 1999 160с. 
2)
 
Руководство по работе с лекарственнымы растениями Алматы, 1999, 232с. 


Дәріс 4. Шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің негізгі жолдары. 
Қазақстандағы әртүрлі пайдалы өсімдіктерді зерттеу және игеру тарихы
Мақсаты: 
Қазақстандағы пайдалы өсімдіктерді зерттеуге еңбек сіңірген 
ғалымдардың еңбектерімен және шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің 
кезеңдерімен таныстыру. 
Кілттік сөздер: 
гуттаперча, көксағыз, анабазин, эфедрин, поликардин, элатин. 
Негізгі сұрақтар: 
1)
Қазақстандағы Ресурстану саласындағы ғлыми-зерттеу жұмыстарының 
алғашқы бағыттары П.С. Массагетов және А.П. Марков жұмыстары 
2)
Академик Н.В. Павловтың негізгі еңбектері 
3)
Құрамында 15 

-дан жоғары таниндері бар өсімдік түрлері және олардың 
ерекшеліктері 
4)
Қазақстандағы шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің кезеңдері (проф М.К. 
Кукенов бойынша) 
Қазақстанда табиғи-климаттық жағдай әртүрлі шығыстан батысқа дейін яғни 
Алтайдан Каспиге дейін және Оңтүстік Қазақстан нан (Шымкент) Солтүстік 
Қазақстанға дейін (Петропавлск) аралықтарда көз алдарыңа елестетсеңдер 
Қазақстанның табиғаты, топырағы климаты әртүрлі екендігін түсіну қиын емес. 
Топырағы және климат жағдайы әртүрлі Қазақстан пайдалы өсімдіктерге өте бай. 
Оларды зерттеу және игеру тарихы ертеден басталады. 
Халық шаруашылығы талабына сәйкес Қазақстан ресурстанушылары барлық 
уақытта республикадағы алуан түрлі өсімдіктерді зерттеу және тиімді пайдалану 
бағытында өзекті мәселелерді дер кезінде шешуге тиісті еңбек етуде. 
Шикізаттық өсімдіктердің бір топтары жеткілікті зерттелген, ал екіншілерін 
зерттеу жалғасуда және солармен бірге үшінші бір топтарын шаруашылықта 
игеру мәселелерін шешу мақсаттары туындауда. 
Өте жиі жақсы зерттелген пайдалы қасиеттері белгілі өсімдіктердің басқа 
пайдалы қасиеттері ашылуда. Мысалы құрамында глициризин қышқылы бар мия 
туысы (Glycyrrhiza) өсімдіктерінің медицинада пайдалануға болатын жаңа 
мүмкіншіліктері ашылуда. Қазір мия туысы өсімдіктері өзінің шипалық қасиеті 
жағынан бірінші орында тұр деп айтуға болады. Соңғы жылдардағы шетел 
ғалымдарының мәліметтері бойынша миядан алынған кейбір препараттарды 
СПИД-ке қарсы пайдалануға болады екен. Демек Қазақстанның өсімдіктер 
әлемінің әлі ашылмаған потенциалдық мүмкіншіліктері өте мол, оларды зерттеп 
ашу келешектің мәселесі. Қазақстанның өсімдіктер ресурстарын жоспарлы түрде 
зерттеуді 1920 жылдары П.С.Массагетов бастады. Массагетов өсімдіктер 
ресурстарын тиімді пайдалану варианттарын іздеді.1921 жылы Массагетов 
Алтайдан Жетісу арқылы Өзбекстанға дейін дәрілік және улық қасиеттері бар 
өсімдіктерді іздестірді. 
Массагетов 1926 жылы дәрмене жусанының (Artemisia cina) және 
бұйырғының (Anabasis) популяцияларын зерттеді. Массагетовтың көпжылғы 
экспедицияларының нәтижесінде анабазин, эфедрин, поликардин, элатин және 
т.б. жаңа заттар алынатын шикізаттар өндіріске енгізілді. Оның жұмыстарының 


тағы бір нәтижелері ол бірнеше еңбектер жазып қалдырды. Мысалы, 1947 жылы 
”Поиски алколоидоносных растении”, 1975 жылы “Заветные травы”. 
Қазақстандағы ерте кезеңдегі жүргізген жұмыстардың тағы бір бағыты ол илік 
өсімдіктерді жан-жақты зерттеу. Қазақстанда оларды зерттеуді алғаш бастаған 
1917 жылы В.П. Марков болды. Марковтың зерттеген илік өсімдіктерінің ішіндегі 
ең маңыздысы Алтайда өсетін Бадан (Bergenі) Тасжарғандар (Saxifragaceae 
Камнеломковые) тұқымдасынан. Илік өсімдіктер туралы алғашқы ғылыми еңбек 
жазғандар : 
1)
В.П. Марков (1923) Исследования дубильных растении центрального Алтая 
Изв Томского технологического инститта т.43, Вып 1, с 40-56 
2)
А.С. Каримов Дубильное растения Казахстана Алма-Ата 1932, 47с. 
Кейінірек 1950-1970 жылдары илік затты өсімдіктерді зерттеу ботаникалық 
ресурстану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттарының бірі 
болды. 
1930 жылдары отанымызда көксағызды (каучук өсімдіктер өте қажет болды. 
Соған байланысты 1930 жылы С.С. Зарецким күрделігүлділер тұқымдасынан 
жергілікті жердің тұрғыны Дайрбеков Тұрғанның көмегімен тау-сағыз (Scozonela 
L- козлец) өсімдігін Оңтүстік Қазақстан облысы (Сырдарья Қаратауында ) тауып 
ұсынды. 
1930 жылдары талшықты өсімдік ретінде Кендір (Arocynym) туысы 
өсімдіктері кеңінен зерттеле бастады. Соңғы жылдары бұл туыстың 
өсімдіктерінен жүрек гликозидтері алынатын болды. 
Кендір өсімдіктері туралы жазылып жарық көрген Ф.Н. Русановтың (1930) 
және Е.Тюрк, Ф.Н. Русановтың (1934) мақалаларын атауға болады. 
Қазақстанда 
өсімдіктер 
ресурстарын 
зерттеу 
нәтижелерін 
бірінші
жарияланған Н.И. Рубцов (1934). Ол жұмыстың аты “Дикорастушие 
лекарственные, технические пищевые растения западного Казахстана” Алма-Ата 
1934, 31с. 
1938 жылы В.С. Корнилова Шығыс Қазақстанның дәрілік өсімдіктерін 
зерттеуді бастады. 
Жалпы ССРО ғылым академиясының Қазақстан филиалының Ботаника 
секторында Н.В. Павловтың бастамасы бойынша Республиканың пайдалы 
өсімдіктерін жоспарлы зерттеу жұмыстары басталды. Сол жұмыстардың 
нәтижесінде Н.В. Павлов 1942 “Дикие полезние и технические растения СССР” 
деген 640 беттік кітапты Москвадан шығарды, ал одан кейін 1947 жылы 
“Растительные русурсы Южного Казахстана” деген 203 бет сол жылы 
“Растительное сырье Казахстана” М.П. деген 550 беттік монографиясын Москва 
Ленинградта 
бастырып 
шығарды. 
Н.П. 
Павловтың 
жазған 
бұл 
монографияларында өте бағалы өзінің құндылығын осы уақытқа дейін 
жоғалтпаған мәліметтер келтірілген. 
Н.В. Павлов “Растительное сырье Казахстана” деген 1947 жылы шыққан 
монографиясы үшін мемлекеттік сыйлық алды. 
Академик Н.П. Павловтың қалдырған үлкен ғылыми мұрасы Қазақстанда 
Ботаникалық ресурстану ғылымының ары қарап қарқынды дамуына негіз болды. 
Соның нәтижесінде 1956 ж Қазақ ғылым академиясының Ботаника институтының 


құрамында арнайы бөлім ашылып оның ұйымдастырушысы және 20 жылдай 
басшысы Н.В. Павловтың шәкірттерінің бірі проф Михаийлова болды. Осы 
жылдары құрамында 15 

жоғары таниндері бар өсімдіктердің 95 түрі анықталды 
олардың негізгілері таран (Polygonum -борец), Рауғаш (Rheum- Ревень), 
қымыздық (Rumex Шавель) туыстарының өкілдері. 
Таниндердің биологиялық ерекшеліктерін сандық және сапалық құрамын 
табиғи популяцияларының болуын есептеп ең бағалы деп илік таран (Polygonium 
coririum Coriu – Горец дубильный), Бухара тараны (Polygonium bucharifum Ceriy – 
Горец бухарский) , Тянь-Шань қымыздығы (Rumex tianchanicus A.Los – шавель 
Тянь-Шаньский), Татар рауғашы (Reum tataricum L. – Ревень татарский) 
саналады. 
Алғашқы 3 түрдің өндірістік өсірілуі мүмкін екендігі дәлелденді. Өйткені 
олардың жер асты мүшелерінің түсімділігі артып олардың құрамындағы илік 
заттардың мөлшері жоғары болады. 
Polygonaceae тұқымдасы өкілдерінің тамырларында болатын илік заттардың 
химиялық құрамы кеңінен зерттелді (Чумбалов, Мухамедиярова, 1962, Нургалиев, 
1968, Байгозина, 1968) Тамырлық илік заттармен қатар Қазақстан флорасында 
жапырақтарында илік заттары бар өсімдік түрлері бар. Мысалы Дөңшіл қазтамақ ( 
Geeranium collinium Steph- Герань холмовая). Құрамында танинды заттары бар 
өсімдіктерді көпжылдық зерттеу нәтижесінде В.П. Михайлованың (1968) және 
А.С. Алюкинаның (1977) монографиясы жарияланды. 
Кәдімгі қамыс (Phragmites communis Trin – тростник обыкновенный) бағалы 
шикізаттық өсімдіктер қатарына жатады. Оның жер бетіндегі мүшелерінің 
малазықтық қасиеті бар, құрылыс материалы ретінде пайдаланылады және қағаз 
шығару үшін целлюлоза алу үшінде қолданылады. Оның осындай пайдалы 
өсімдік екендігіне байланысты оны зерттеу жұмыстары Сырдария, Шу өзендері 
аңғарларында және Алакөл, Сасықкөл көлдерінің жағалауларында жүргізілді. 
Әсіресе егежей-тегежейлі кәдімгі қамыс Сырдария өзенінің аңғарларында 
зерттелді. Оның биологиялық ерекшеліктері фенологиясы, көбею тәсілдері және 
түсімділігінң 
динамикасы 
анықталды. 
Осы 
жүргізілген 
жұмыстардың
нәтижесінде шаруашылық мекемелерінде кәдімгі қамыстың популяциясын сақтау 
және тиімді пайдалану туралы ұсыныстар берілді. Мысалы Исамбаевтың 
докторлық диссертациясы (1994). 
1960 жылдан бастап дәрілік өсімдіктерді жүйелі зерттеу басталды. Алғашқы 
зерттелген дәрілік өсімдіктер қатарына мысалы Қырықбуын қылшаны (Ephedra 
equisetina – хвойник- хвощевный), Тегеурінгүлді (Delphinium – живкость ), кәдімгі 
адраспанды (Peganum narmala – Гармала обыкновенная ) және қоянжапырақты 
(Lagoschillis -заяцегуб) жатқызуға болады. 1966-1972 жылдары Алматы 
облысының таулы және шөлді дала аудандары флорасындағы дәрілік
өсімдіктерде биологиялық белсенді заттардың бар жоқтығын зерттеудің 
нәтижесінде болашағы бар алкалоидты, флаваноидты, кумаринді өсімдіктер 
табылды, ол мәліметтер 1972 жылы "Лекарственные растения" деген кітапта 
жарияланды. 
1958 жылдан бастап Мия туысының дәрілік және техникалық түрлері 
жоспарлы түрде терең зерттеле бастады. Мия тамырына сұраныс артуына 


байланысты Республика территориясындағы мияның тамырларының қоры 
ашылды. Мия популяцияларының жалпы ауданы сол зерттелген кезеңде 52 мың 
гектар ал құраған тамырының өндірістік қоры 140 мың тонна екендігі 
анықталды (Худайбергенов, Кузьмин, Исамбаев, Кошкарова, 1976). Мия 
популяциясының ең мол алабы Орал және Сырдария өзендері 
жайылмалаларында екендігі дәлелденді. 
1980 жылдардағы қайта зерттеу жұмыстары мияның популяцияларының 
ауданы екі есе азайып кеткендігін көрсетті. Соған байланысты мияның қажетті 
түрлерін мәденилендіру жұмыстары жүргізіле бастады. Бұл жұмыстардың 
нәтижелері қорытылып жарияланады: 
1.
Кузьмин Э.В. Биоэкологически особенность, возбновленияе и культура 
солодки в долине р Урал: Автореферат дисс.. кан биол наук Алма-Ата 1979 24с. 
2.
Рекомендации и промышленной эксплутации дикорастущих зорослей 
культуре солодки в долинах р Сырдарьи и Урала. Алма-Ата, 1981, 28с. 
3.
Худайбергенов Э.П. Солодки Казахстана Алма-Ата 1979, 127с. 
4.
Солодки в Кзахстане и ее использования Алма-Ата, 1986 және тағы басқа 
мақалаларда. 
1991 жылы Қазақстан ғылым академиясының Ботаника институтының 
“Өсімдіктер ресурстары” лабораториясы қызметкерлері Мияға байланысты 

Бүкілодақтық симпозиум өткізілді. Ол симпозиумда Москвадан, Ленинградтан, 
Ташкенттен, Ашхабадтан, Бакуден, Уфадан және бұрынғы ССРО-ның басқада 
қалаларынан 70 тен астам ғалымдар баяндама жасады. 
1972 жылы Қазақстанда Техникалық өсімдік Шииді (Achnaterum -Ши) 
комплексті зерттеу жұмыстары аяқталды. Шии өсімдігі құрлыс материалы 
ретінде, малазықтық, тоқыма өсімдігі ретінде және жихаз толтыруға
пайдаланады. Алматы, Шығыс )азақстан, Талдықорған және Семей облыстары 
территориясында шиидің популяцияларының аудандары шикізаттың қоры, 
түсімділігі анықталған (Исамбаев А.И. Ресурсная характеристика некоторых 
сырьевых растении Казахстана (Чии, тростник, солодка) и их рациональное 
использование: Автореф дисс.. док.биол.наук Алматы 1994, 45с. 
Одан кейінгі жылдары ресурстық жұмыстардың бағыты өзгерді. Жеке 
ботаникалық- 
географиялық 
региондармен, 
жобалардан 
ресурстық- 
инвентаризациялық зерттеулер басым бола бастады. Бұл жұмыстардың 
барысында пайдалы өсімдіктердге ең алдымен дәрілік, тағамдық, хош-иісті және 
т.б. өсімдіктерге ерекше көңіл бөлініп зерттеле бастады. Мысалы дәрілік 
өсімдіктердің алуан түрлілігіне, ресми қабылданғандарына көңіл аударылып 
белгіленіп отырды. Сол ресми қабылданған дәрілік өсімдіктерге туыс (яғни сол 
туыстан) өсімдік түрлеріне анализ жасалып олардың биологилық белсенді 
заттарының құрамы анықтала бастады. Ондай жұмыстың мақсаты жаңа дәрілік 
өсімдіктер түрлерін табу. 
Соңғы жылдары зерттелген региондардың ресурстық потенциалы жан-жақты 
бағаланады. Мысалы, соңғы жлдары жүргізілген жұмыстарды атауға болады: 1) 
Батыс Тарбағатай (Аталыкова, 1986), Іле Алатауы (Гемеджиева 1994), 
Қазақстанның бүкіл таулы шығысын (Кукенов 1989), Жонғар Алатауы 
(Айдарбаева, 1996), Кетмень (Мусаев, 1988). Басқа ғылыми жұмыстарды мысалы 


кейбір дәрілік және техникалық өсімдіктерді интродукциялау жұмыстары 
белсенді жүргізілді. Олармен бірге өсімдіктер әлемінде ісікке, Спидке және 
жүрек-қан тамырлары ауруларына шипалық әсері бар препараттар алу жолында 
жұмыстар жасалуда. 
Сонымен ботаник Ресурстанушылар пайдалы өсімдіктерді жан-жақты зерттеп 
оларды тиімді пайдалану жолында өзекті мәселелермен аналысуда. 
Жалпы Қазақстандағы шикізаттық өсімдіктерді зерттеуді проф М.К. Кукенов 
(1999) мәліметтері бойынша 5 кезеңге бөлуге болады: 
1- кезең (1920-1950 жылдары) 
2 -кезең ( 1950-1970 жылдары) 
3-
кезең (1960-1980 жылдары) 
Оңтүстік-Шығыс 
Қазақстанның 
таулық 
экосистемаларының 
дірілік 
өсімдіктерін жүйелі зерттеудің басталуы. Құрамында фловоноидтар, алколоидтар, 
эфир майлары бар өсімдіктерді бағалау. Перспективалы өсімдіктерді 
интродукциялау 
4-
кезең (1980-1990 жылдары) 
Жеке 
ботанико-географиялық 
региондарда 
(жоталарды) 
ресурстық- 
инвентаризациялық зерттеулер. Дәрілік, хош-иісті, тағамдық ресми қабылданған 
өсімдіктерді фитохимиялық зерттеулер. 
5-
кезең (1990-2000 жылдары) 
Флорадағы дәрілік өсімдіктердің әр алуандылығын, әр түрлілігін тікелей 
зерттеп, кейбір ерекше шипалыларын тереңірек зерттеу. 
Практика жүзінде өте бағалы түрлерді егіп онтоморфогенездік тұрғыдан 
сипаттап технологиясын жасау, структуралық диагностикалық белгілерін 
анықтау. Қазақстан флорасындағы дәрілік өсімдіктер туралы далалық, 
экспериментальдық және этноботаникалық мәліметтерді талдап қорытынды 
жасау. Зерттелген региондардың ресурстық потенциалына жан-жақты баға беру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет