Дәріс. Кіріспе. ХІХ ғасырдағы қазақ


-дәріс. Сүйінбай Аронұлы мен Базар Оңдасұлының шығармашылығы



бет8/20
Дата24.03.2023
өлшемі125,31 Kb.
#75945
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
Лекция ХІХ ғасыр әдеб

7-дәріс. Сүйінбай Аронұлы мен Базар Оңдасұлының шығармашылығы.





  1. Сүйінбай ақынның ҿмірі мен шығармашылығы.

  2. Сүйінбайдың Тезек тҿремен айтысы.

  3. Базар Оңдасұлының ҿмірі мен шығармашылығы.

  4. «Мақпал-Сегіз», «Айна-тарақ», «Ахметжүсіп» дастандары.

  5. «Дүние», «Жігіттік», «Халық үшін туған қайратты ер» ҿлеңдерінің кҿркемдік ерекшелігі..

Белгілі қазақ ақындарының бірі, айтыс ҿнерінің жарық жұлдыздарының бірі – Сүйінбай Аронұлы Алматы облысы, Майтҿбе жайлауында 1822 жылы шілде айында дүниеге келген. Ҿз ҽкесі – Аран Күсепұлы, арғы атасы - Жиенқұл деген кісілер. Кедей
отбасынан шыққан, ҽкесінің шаруасының шағындығы сонша, кейде ішер ас, мінер атқа зар болған екен. Бұл туралы ақынның ҿз ҿлеңдерінен аңдауға болады.
Сүйінбайдың Тезек тҿремен кездесуі кейінірек, ақын ер жеткен кезде болған. Қалың бұқараға арқа сүйеген ақын тайсалмай сҿйлеп, ел алдында оны ҽшкерелеп, бас кҿтертпейді. Қырғыз еліндегі Орман хан ұрпақтарының елге қылып отырған зҽбірін де ашық айтудан қайтпаған ҿр жан ҽр түрлі дауға түсіп, ҽділ қазыдай ҽділ билік айтады. Ақынның ел ісіне араласуы оның қоғамдық бағытын байқатады. Ақын енді ҽкесінің шағын тұрмысына малданбай, ел кезіп, ҿмір кҿру мақсатымен ҿзге ақындармен кездесіп, ел аралай бастайды. Оңтүстік, шығыс, Орталық Қазақстан жерін түгел аралап, Майлықожа, Майкҿт, Қаңтарбай, Тезекбай, Бақтыбай сияқты ақындармен кездескен. Кейіннен табылған бір ҿлеңінде ақын ҿзінің жасы 73- те екендігін айтады, бұрында 68 жас жасаған деп келген еді. Сүйінбай ҿлерде айтқан бір ҿлеңінде, «Сүйінбай Алатаудай, атым дардай» ҿзінің бірде-бір шығармасының жарық кҿрмегенін айтып ҿкінеді. Ҿзі қайтыс болған соң ҿлеңдері де ізсіз ҿше ме деп ҿкініш білдіріп, туысы Жұмыққа ҿкпе айтады. Ҿлеңдерін қағазға түсіретін адам тап десе, ол құдай алдында кінҽлы болмай, жайыңмен ҿл деп кҿмектеспейді. Сүйінбайдың «Жұмыққа» деген ҿлеңі сонда шыққан: Атың емес, Жұмық-ай, ойың Жұмық, Бір басыңнан шығады нелер қылық. Сүйінбайдың аты бар ҿлеңі жоқ, Жүргендей боп кеттім-ау кҿзім жұмып. Сүйінбайды апарып кҿмгеннен соң, Отырарсың жотада жалғыз ұлып. Ҿмірді келген , кеткен аңдамайсың, Адамның болашағын болжамайсың...».
Сүйінбай – халқымыздың поэтикасына жетік шебер тілді, жүйрік ақын. Ҿзі туралы айтқанында: «Ақылымды қараңғы басып қалған, Сау күнімде құдайым еске салмай, Ауру билеп, бойымнан ҽлім кетті-ау, Бауырсаққа иленген кескен нандай». Сүйінбайды қазақ қана емес, Орта Азия ақындары да жақсы білген, ҽсіресе, қырғызға танымал. Орманбет хан ҿлген соң оның хан болған баласы Үмбетті де сынап отырған.
Жетісу ақындары оны пір тұтқан. Жамбыл оны ерекше қастерлеген. Менің пірім - Сүйінбай, Сҿз сҿйлемен сыйынбай. ... ақындардың ақыны, айдын кҿлдей ақылы, жыр тұлпары- Сүйінбай.. Үмбетҽлі ақын Сүйінбайға арнауын 1935 жылы шығарған. Ғалым Е.Ысмайылов оның ұстаздық ҿнегесі жайлы былай дейді: «Сүйінбайдың бүкіл Жетісу ақындарына, ҽсіресе, ең таланты шҽкірті, келешегінен зор үміт күткен Жамбылға берген ақындық, ұстаздық жолында екі үлкен ерекшелік бар. Бірі айтыста болсын, шындықты жеткізіп, ҿткір, шешен, тапқыр тілмен тыңдаушыны құмарландырып сҿйлеуі, екіншісі— тарихта болған батырларды үнемі желілі жырға айландырып айтуы /Ақындар, 103-бет/. Сүйінбай шығармашылығының баспасҿз бетін кҿруі. 1935 жылы «Сүйінбай ақын» деген тұңғыш жинағы шықты. 1926 жылы С.Сейфуллин оның «Кҽрілік» деген ҿлеңін «Жаңа ҽдебиет» журналында жариялайды. Қ.Жұмалиев пен Е.Ысмайылов оның шығармаларын 1940 жылғы жинаққа енгізу ҽрекетін істеген. Сүйінбайдың ҿмірбаянынына қатысты деректерді С.Бегалиннің Жамбыл туралы жазған жазбаларынан кездестіреміз. Халық ақыны Ҽбдіғали Сариевтан 1950 жылдардың ішінде кҿптеген шығармалары жазылып алынған. 1960 жылы Х.Сүйіншҽлиев « Қазақ ақындарының қалыптасу кезеңдері» жинағында біраз мҽлімет берген, кейінгі оқулықтардың бҽрінде де Сүйінбай ақын туралы айтылады. 1975 жылы «Жазушы» баспасынан «Ақиық» атты жинағы шықты., бұл 1990 жылы қайыра басылды, Ақынның қолда бар шығармаларын үш топқа жіктеген: толғау, арнау, айтыстар. Бірінші саланың мазмұнына шет жұрттық басқыншылардан елді қорғау, ерлік істер, батырлар тұлғасы, дүние, ҽлем, бақ, дҽулет туралы ұғымдар жатады. Ҿмір эволюциясын бейнелі түрде суреттеген. Жақсы мен жаманды саралап тұрып кҿрсетеді..Оның «Датқаларға» ҿлеңі Абайдың «Болыс болдым, мінеки» ҿлеңімен үндес.
«Ханмын деген тҿреге» арнауы.
Сүйінбай халық батырларына арнап дастандар шығарған, бірақ бізге толық жетпеген. Оның «Тотан батыр» жырын Ҽ.Сариев жырлап келген-ді. «Сұраншысынан» үзінділер ғана бар. Ақын кейбір сапарларын ҿзі қайыра да жырлап беріп отырған. Кейбір адамдармен тіл қағыстырып еске алады. «Сүйінбай мен Қарға», «Сүйінбай мен Тезек», «Сүйінбай мен
сары ат, кҽрі қой», т.б. Ал ҿнер адамдарымен сҿз жарыстырулары ҿз алдына бір тҿбе: Қаңтарбай, Кескен кекіл, Күнбала, Уҽзипа, Қатаған..
Енді осы топқа жататын жыр жүйріктерінің бірі – Базар Оңдасұлының шығармашылығына тоқталмастан бұрын, ҿмірбаяны туралы біраз мҽлімет беріп ҿтейік. Себебі, адамға ҿскен ортасы мен қоғамдық жағдай үлкен ҽсер етеді. Ол Қызылорда облысының Қазалыға қарасты Кҿшербай болысы, 6-шы ауылда туып-ҿскен. Шыққан тегі - кедей. 16 жасынан бастап ҿнер жолына бет бұрады. Ақынның ұрпақтары қазірде Ҿзбекстанның Бұхара облысы, Тамды ауылы, Қосбармақ деген жерде тұрады. Діни кітаптар мен шығыс қиссаларынан сусындаған ақын ҿздігінен ізденіп, ҿнерін ұштау үстінде болады. Суырып салма ақынның ҿлеңдері кеңестік үкімет кезінде жинақтала бастады. Ҽ.Диваев, С.Сейфуллин, Ҽ.Марғұландар алғашқы жазып алушылар тобы, 1925 жылы Ташкент қаласынан шыққан «Терме» деген жинақтың бір тарауы жырау жырларына арналған. С.Сейфуллин 1931 жылы оның заман жайлы толғауларын 200 жолға жуық «Қазақ ҽдкбиетінің ескі нұсқаларына» енгізді. Базар ҿлеңдері «18-19 ғасырлар ақындар шығармалары»,/1962/, «Үш ғасыр жырлайды»/1965/, «Бес ғасыр жырлайды»/1989/ жинақтарына енген. Ақынның қолжазба қорында жатқан шығармалары баршылық. «Мақпал-Сегіз», «Айна-тарақ», «Ҽмина қыз», «Ахметжүсіп» атты лирикалық толғаулары. Ғашық жүректер сыры мен ҽрекеттерін шертетін бұл туындылардың назиралық та сипаты бар. Ақынның алғашқы жинағы 1986 жылы шығарылды. Оның жырларын бертінге дейін Жұмақымет, Сүйкімбай сияқты жыраулар жырлап келді. Ҿзі туралы айтқан: Дабылымды есітіп, құмар дейді кҿр-мекке. Сонау тҿмендегі Аштарханның бойында, Он екі ата Байұлы, Мұндағы ҽлім мен шҿменнің, Мен елім даңқты шайыры. Екі ананы тел емген, - Күпшек санды күреңі- деген ҽсіреелеуі нақты-ақ. Оның «Халық үшін туған қайратты ер», «Жігіттік», «Жиырма бес», «Назекеңе», «Ғашық жарым», «Дүние» ҿлеңдерінің мҽні ерекше. Базар адамның қуатты шақтарын қартайған күндеріне қарама-қарсы қойып, жастарға ақыл айтады, ақыл мен қуатты ұштастырып, ҿркенді іс қылуға үндейді. «Жиырма бес» деген ҿлеңі жастық қызуын ҿзінше жеткізе білген туынды.
«Ҿзімдей-ақ ұл туар», «Ҿлеңнің аққан кҿзі едім» ҿлеңінде: Қайыңның қатты безі едім, Есіткендерді емірентіп,
Ҿлеңнің аққан кҿзі едім. Ҿртедім талай ҿзегін.
Сҿйлер сҿзге келгенде Талай жерді таңдантып, Шебердің құрған тезі едім. Қызыл тілді безедім.
Оның жырларынан екпінді бір сел тасқынын кҿргендей боласыз . Поэтикалық тілді жырау ұтымды қолданып отырған.
Қазақ даласындағы айтыс ҿнерінің мҽні. Айтыс ҿнерінің ерте түркі дҽуіріндегі кҿріністері. Айтыс түрлері. Қыз бен жігіт айтысы. Ҿлі мен тірі айтысы (Ақбала мен Боздақ). Орыс зерттеушілерінің қазақтардан жазып алған нұсқалары. В.В.Радловтың
«Ескі сҿз – ел қазынасы» атымен берілген жинағындағы айтыс үлгілері. Айтысқа түсетін ақындардың шыңдалу мектептері. Ҽлеуметтік ҿткір мҽселелердің сҿз болуы. Сҿз барымтасын бағалау. Қазақстанның түрлі ҿлкесіндегі атақты ақындар. Шҿже Қаржаубайұлының ҿзіндік ерекшелігі. Сүйінбай қалыптастырған дҽстүр. Сыр сүлейлері. Құлыншақ ҿлеңдерінің ерекшелігі. Құлан ақын. Ноғайбай ақынды Абайдың жоғары бағалауы. Орынбайдың Шоқанды жоқтауы. Айтысқа түскен қыз-келіншектер. Ұлбике ақын туралы аңыздар. Сара ақын мен Біржанның ҿнер қағыстыруы. Бұрынғы айтыстар мен қазіргі айтыстардың айырма, ұқсастықтары. Базар мен Мҽделі, Майлықожалар ҿнері.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет