Мұхит Мералыұлы 1841 жылы осы күнгі Батыс Қазақстан ҿлкесі, Орал облысы, Қаратҿбе ауданы, Ақбақай деген жерде шағын шаруалы Мералының 8 баласының бірі ретінде дүниеге келген/ шын аты- Мұхамбеткерей/. Ҽнші, күйші, скрипкашы отбасы мүшелері ҿз ҿнерлерін қосымша табиғат сыйы деп қараса, Мұхит қана ҿнер жолына түседі. Домбыраға жетік оның ою-ҿрнекті ҽсем қиятын да ҿнері болады. Ҽкесі старшын болғандықтан, ауылға келген ҿнерпаздардың арасына балаларын еркін жіберіп отырған. Мұхиттың арғы тегі ақсүйек Қаратайдан тарайтындықтан, ҽкесі одан ҽкімшілік адамын шығармақ болады, ал Мұхит ел аралап, ҿнерге деген ҽуестігі арта түседі. Ҽкесінің қолқасымен ауылнай болуға келісіп, 1-2 айдан соң іс пен мҿрді ҿз қолына қайта ҿткізіп,
«басына бостандық алады». Ҽкесі аяғын шырмамақ болып, келіншек ҽперіп, енші бҿледі. Бас-кҿзсіз істетіп, дос-жаранға соя берген соң, ҽдемі киім үшін ұдайы базарға сатқандықтан, мал кетіп, жалғыз сиыр ғана қалады. « Мұхитта мал дегенде жалғыз сиыр, Болады баспағымен екеу биыл. Мұхиттың шаруаменен жұмысы жоқ, елдегі ойын менен жиынға үйір»,-деп, ҽндеткен ақын шаруаға қырсыз болады. Орынбор, Қостанай, Орск/Жаманқала/, Аралға танылады, тҿре тұқымынан шыққан сал бұқараға сіңіп кетеді. Оның алғашқы ҿлеңдері арнау сияқты болып келеді. Шыққан жылдары белгісіз.
«Айнамкҿз» ҽнін шай құйып беріп отырған сұлу Құралайға шығарыпты, «Алуаш» ҽні де осылай. Сейіт байдың Алуаш деген сұлу қызы бар деп, қолынан шай ішкісі келеді, үй жабдығы сайлы бай ҽншінің атағын сыйлап, жақсы күтеді. Тамаша ҽндерді салған Мұхит қызға арнап осы ҽнін шығарыпты. «Қилым» деген ҽні де ҽнші «Қилым» дегеннің даусына риза болғандықтан жасаған тартуы екен. «Жалпақ қоян» деген жұт жылы/мешін-тауық/ Мұхит Жымпитыдағы Мұхтар деген мырзадан кҿмек алып тұрады, кҿктем шыға оның бейілі тарылған соң, ел аралап, бір үйге тоқтайды. Кҿже ішіп, ҽлденген соң, домбыраға қол артып, ҽн шырқайды, ҿзінің Мұхит ҽнші екенін жеткізеді, ертесі бҽйбіше оған бала- шағасына біраз азық салып беріпті, ақын осы сапарын ҿзі ең табысты кез деп айта жүріпті. Ақын Бала Ораздың шығармаларынан Мұхитқа «Жылқышы хикаясы» қатты ұнайды. Ел ішіне ҿзінің «Кіші айдай», «Бала Ораз», «Айдай», «Жылқышы» ҽндерін таратады. Бұл- даладағы Джулетта мен Ромео оқиғасы іспеттес.
Саламын сал Ораздың «Айдайына», Бақ бергей ер жігіттің маңдайына.
Талабың тай жегендей бір бала едің Заманның тап болып ең қандайына.
Не байқалады? Ҿзіне дейінгі авторға сілтеме беріп тұр. Мұхит есейген кезінде ел аузынан Медет деген кісі туралы сҿз естиді. Үш ҽйелінен отыз ұл, жалғыз қызы болған байдың елге келген аурудан отыз ұлы түгел ҿліп, Зҽуреш деген қызы ғана қалады. Медет Орынборға жолаушы шығып келсе, Зҽуреш де ҿлген екен. Медет моланы құшып зарлап қала беріпті. « Қарағым, сенің үшін елден келдім, Баяғы ҿзің кҿрген жерден келдім, Сен неге мен келгенде тебіренбейсің, Иіскеп бір сүйейін деген едім. Құланның түзде кҿрдім шоқырағын, Қайыңның жаста кҿрдім жапырағын, Сен қалған отыз ұлдан жалғыз Зҽуреш, Бір уыс бұйырмады топырағың... Кҿңілімді тұра алмадым елде тыйып, Бір құлаш қалқам жатыр жерге сыйып. Кҿзің бар жанарындай құралайдың, Кім кҿмді бұл орынға кҿзі қиып. Отырмын аят оқып, аттан түсіп, Шыдамай мезгіл-мезгіл қабір құшып. Кҿрмесем бір сағат та тҿзбеуші едім, Ғайып боп кеткенің бе қолдан ұшып.. Ақ бетің айдын кҿлдің алабындай, Қасың бар молдалардың қаламындай. Алдыңнан тағдыр құдірет жарылқасын, Кешікпей мен де артыңнан барамын-ай»,- деген ҽн сҿздері зарлы ҽуенмен ұласып, естіген адамның сай сүйегін сырқыратады. Бұл ҽнді А.Жұбанов Реквием сатысына кҿтеруге жарайтын қаралы маршқа санайды. «Иіс» деген ҽнінің шығу жолы да бҿлекше. Қазақта кісісі ҿлген үйге кҿңіл айта келгенде жанына қара жетелеп келеді екен не басқа бұйым берген. Осы ҽнді асқа келгенінде шығарыпты. Мұхит ҽндерін кҿбінесе Шынтас Қаратаев пен Ғарифолла Құрманғалиевтар орындаған. «Паңкҿйлек», «Дҿң асқан», «Майда қоңыр» деген ҽндері ҽлі де ел аузында айтылуда. Мұхит қазақ ҽндеріне қоса орыс ҽндерін де айтып, би музыкасын домбырада да салған. «Невозвратное время» вальсін Жүсіп, Ақжан, Сақып, Шайқы жҽне ҿзі бесеу болып қосылып тартады екен. Степан деген досымен араласып тұрыпты. Мұхит естігенін ұмытпайтын ҿте зерек болған. Бірде Кҿкжар жҽрмеңкесін аралап жүріп, «Мұхамедияны» айтып отырған шалды кҿріп, біраз тыңдап, ҽлгіні ҽдемілеп айта жҿнеліпті, бҿрікке толған ақшаны шалға беріп жҿніне кетіпті-мыс. Мұхит ҿнері жалғасын тапқан .Оның ұрпақтары, туыстары ҽнші, скрипкашы, домбырашы болып Қазақстанның ҽр жерінде ҿнер кҿрсетуде. Бах ҽулеті сияқты Мұхит ұрпақтары ҿнерді жалғастырып, консерватория, мектептерде дҽріс беруде.
Ұлы жүз, дулат елінің адамы Баймырза деген кісіден тараған Нұрмағамбет