Жалпы жансыздандыру. Анестезия – ан – жоқ, естезия – сезім, сондықтан, анестезия - жансыздандыру, сезімсіздендіру немесе ауырсынуды жою.
Анестезия – жалпы жансыздандыру жолымен көбінесе орталық жүйке жүйесіне (ОЖЖ) жасалған фармакологиялық жансыздандырғыш дәрілер әсері арқылы туындайды және естің әлсіреуі, жергілікті ауырсынудың тежелуі мен сезімнің толығымен жоғалуы болып табылады. Ол жергілікті және орнықты әсер етуші фармакологиялық құрылымдардың көмегімен туындайды.
^
Жансыздандырудың өркендеу тарихы.
Хирургиялық операциялар ежелден жасалып келеді. Бүгінгі күнге дейін сақталып келген тарихи құжаттар мен хирургиялық аспаптар біздің заманнан 5000-6000 жылдай бұрын да хирургияның Ассирияда, Индияда, Қытайда, Вавилонда, Египетте салыстырмалы түрде жоғары деңгейде болғанын мәлімдейді. Сол кездің өзінде бас сүйекті тесу әдісімен операция (трепанация) жүргізу, қуықтан тас алу сияқты операциялар жасалып, хирургтар оларды шамалары келгенше ауыртпай жасауға ұмтылғаны белгілі. Жансыздандыру әдістеріне, ойлар мен тұжырымдардың көп түрлілігіне қарамастан ауырсынуды толық жою қолдан келмеді.
ХVІ – ХVІІІ ғ.ғ. жансыздандырудың жаңа амал, әдістерін іздеудің құлдырауы байқалады. Ол кезде жансыздандыру мен хирургияның тәжірибелік жұмыстарымен айналысушы хирургтар «еретиктер», - деп аталып, отқа жағылды.
ХVІІІ ғасырдың соңы және ХІХ ғасырдың басы қоғамдағы революциялық өзгерістермен сипатталады. Соның арқасында теологиялық қоз қарастан арылып, ғылыми ізденістер оянды, металлургиялық өндірістің тууы жанудың жаңа үрдістері мен жаңа химиялық заттарды талап етті.
Дэви мен Хикманның жасаған еңбектері мен жұмыстары үлкен мағыналы болды. Дэви азоттың шала тотығын зерттеу үстінде оның денеге масаттандыру (эйфория) және жансыздандыру сияқты әсерлерін байқады. Сол кезде – ақ Дэви азоттың шала тотығының хирургиялық операцияларда жансыздандыру үшін қолданылуы туралы болжам айтқан болатын. Бірақ, оның ашқан жаңалығы әрі қарай өркендей алмады. Өйткені бұл жаңалыққа сол кезеңдегі дәрігерлердің дайын болмауы бірден – бір себеп болса керек.
Генри Хикман – дәрігер, оның анестизиология тарихындағы үлкен орнын айта кеткен жөн. Ол бірінші болып жансыздандыру жұмысы тек ауырсыну сезімін тежеу ғана емес, сонымен бірге ол операцияның басқа да зиянды жерлерінің алдын алу екенін білді.
Автор өз тәжірибелерінде жансыздандырудың әр түрлі қасиеттерімен қатар олардың тыныс алу, қан айналысы жүйелерінде, жараның жазылуына және т. б. әсерін зерттейді. Ол тыныс алуды қалпына келтіру үшін арнайы өкпе мен тыныс алдырғыш қаптарды (дыхательные мешки) жасанды желдетуді, ал жүрек жұмысын қарқынды жандандырып, жетілдіруге және қалпына келтіру үшін электр тоғын (дефибриллятор) қолданады.
Хикман өзінің жансыздандыру жайындағы тұжырымдарын Англия мен Францияда тапжылмай насихаттады. Замандастарынан қолдау таппай еңбегінің ақталуынан үмітін үзген Хикман 30 жасында дүниеден қайтты.
Эфир мен азоттың шала тотығын қолданып ауырсынуды тежеу қасиетін ашумен, жансыздандыру тарихының бірінші кезеңі аяқталады.
Екінші кезеңі (ғылымға дейінгі) 1842 жылдан 1947 жылға дейін созылды.
Эфирлі наркозды алғаш болып Лонг 1842 жылы тіс жұлу кезінде қолданады. Бірақ, наркоздың туған күні 16 октябрь 1845 ж., бұл алғашқы халық алдында жансыздандыруды сынақтан өткізуді жариялаған күн еді, ал наркозды ашу абыройы дәрігер Мортон мен химик Джексонның атына байланысты болды.
Мортон халық алдында сүт бездерінің ісігін алып тастаудағы операцияда эфир наркозын қолданып, операцияның ешбір ауырсынусыз өтетінін мәлімдеді. Осыған байланысты эфирлі наркозды Америка, Англия, Францияда қолдана бастады. 1847 жылы ақпанда Москвада Ф.И. Иноземцев наркозды операцияны аурханада қолданды. Англияда эфирлі наркозды алғашқылардың бірі болып Сноу қолданды. Англияда эфирлі наркоздың 3 түрлі қалыптасу сатысын ашып, наркозды қолдануға болатын және болмайтын көрсеткіштерді толықтырды.
Наркоздың хирургиялық тәжірибеге енуі әлемде екінші бір ғылыми маңызды із қалдырды.
Бастысы – хирургиялық әрекетпен араласудың көлемі мен сипатының едәуір кеңеюі ішкі ағзалардағы операциялардың түрлерінің, көлемінің, ұзақтығының көбеюімен сипатталады. Бірақ, ендігі жерде операциядан кейінгі өлімнің себептері операциялық шок емес, инфекциялық жұқпалы және іріңді асқынулар себеп екені белгілі болды.
Осының нәтижесінде Листер (1867 ж.) антисептиканы, Бергман асептиканы ойлап шығарды.
Н.И. Пироговтың әртүрлі наркозды кең қолдануда және насихаттауда атқарған орны өте зор. Н.И. Пироговтың 1847 ж. француз тілінде шыққан «Эфирді қолданудың тәжрибелік және физиологиялық зерттеулері» атты ғылыми еңбегі емдеу саласындағы дүние жүзілік әдебиеттердің алғашқысы болып саналады.
Алғашқы рет 1847 ж. Н.И. Пирогов бірінші болып наркозды әскери – далалық хирургияда қолданады. Бірінші болып тәжрибеде трахея ішілік наркозды, ал клиникада алғашқы болып наркоз тұмылдырғын (маска) қолданды және де Н.И. Пирогов наркотикалық заттың әсерінің қалыптасуын түсіндіруге көп еңбек жасады.
1942 ж. Гриффит пен Джексоның кураре затын пайдалануы анестезиологияда шешуші рөл атқарды. Сырқаттың есі мен сезімі жеңіл наркозбен тежелсе, ал бұлшық етінің босаңсуы кураре заттарын егумен шектелді. Бұл әдіс «етті босаңсыту (релаксация) арқылы дамитын наркоз», - деп аталып кетті. Еттердің толық босаңсуы тыныс алу бұлшық еттерінің де босаңсуы сонымен қатар уақытша ажыратылған және қайта қосылған тыныс алудың жасанды түрге алмасуын талап етті. Бұл үшін өкпеге жасанды тыныс алдыру (ӨЖТА) әдісі қолданылды. Бұл болса екі өкпе қуысы бірдей ашық кездерде де жүйелі газалмасуды толық қамтамасыз етеді яғни дененің өмірлік маңызды қызметтерін игеріп басқарудың жағдайы туады.
Жансыздандырудың қазіргі және жетілген әдістері тіршілікке маңызды мүшелердің қызметтерін басқарумен тығыз байланысты болды. Анестезиологияның нақты осы әдістері жансыздырғыш заттармен күшейтілген емдеу жүйесінің негізі болып қалыптасып, үшінші кезеңнің басталуына ғылыми жол ашты.
Үшінші кезең (ғылыми) – денені тосыннан болған әсерлерден қорғаушы бір - тұтас тәжрибелік ғылым – жансыздандыру мен жандандыруды (анастезиология и реаниматология) құру кезеңі. Бұл салада қажетті мамандар, құрал – жабдықтар және тиісті жағдайлар тек 1957 –1966 жылдары пайда болды. Жансыздандыру мен жандандырудың жеке сала болып қалыптасуына А.Н. Бакулев, А.А. Вишневский, И.С. Жоров, П.А. Куприянов, Е.Н. Мешалкин, Б.В. Петровский және басқалардың көп еңбегі сіңді.
Ф.Р. Черняховскийдің пікірінше жансыздандыру мен жандандырудыњ ғылым ретінде қалыптасуы бірнеше кезеңнен турады.
І кезең (1957-1959) тек жекелеген жетекші клиникаларда анестезиологиялық үйірмелер құрылды, алғашқы дәрігер – анестезиологтар пайда болды.
ІІ – кезең (1959-1966) ССРО Денсаулық сақтау министрлігінің №169 бұйрығына байланысты 09.04.60 ж. анестезиология бөлімдері құрыла бастады. Москвада Боткин атындағы ауруханада І-ші жансыздандыру орталығы құрылды. Осы кезеңнің соңына таман (1967) елімізде 4000-ға жуық анестезиолгтар, 300 медицина ғылым кандидаты, 215 ғылым докторлары болды. Ірі қалаларда жансыздандыру мен жандандыру кафедралары құрылды. Бұл кезең – бүкілодақтық анестезиологтар мен реаниматологтардың ғылыми қоғамның құрылуымен аяқталады.
ІІІ – кезең (1966-1970) бір түтас жансыздандыру мен жандандыру жұмыстарының тұрақтануымен сипатталады.
Жалпы жансыздандыру – сезімталдықты жоғалту яғни шартты және шартсыз тітіркену реакциясының жоғалуын жалпы жансыздандыруда тек фармакологиялық дәрілердің О.Ж.Ж. – не тигізетін әсерімен ғана емес сонымен қатар гипноздың көмегімен немесе электр тоғының әрекетімен де түсіндіруге болады.
Жергілікті жансыздандыру - әсер мен сезімнің жергілікті шектелуі. Бұл ауырсынуды және әртүрлі тітіркенулерді сезінудің беткейлі әсері көбінесе жүйке жүйесінің шеткергі талшықтарындағы тежелуге не болмаса олардың өткізгіштік қызметінің төмендеуіне байланысты қалыптасады.
Есірткілік әсер тудырушы заттар жалпы жансыздандырғыштар, - деп аталады (эфир, циклопропан, фторотан, фентанил, стадол, трилен, пентран, ингалан, азоттың шала тотығы, т. б.).
Жергілікті жансыздандырғыш заттар – жергілікті сезім жойғыштар деп аталады. Тек бір ғана жансыздандырғышпен жүргізілген жалпы жансыздандыру – бір құрамды жалпы наркоз деп аталады.
Кейнірек денені жеңіл де анық басқарудың мүмкіндігі қалыптаса бастады. Бұл салада клиникаларда жасанды төменгі деңгейдегі температураны (гипотермия) қолдану қалыптаса бастады. Әсіресе, жүргізілген әр түрлі операциялардан кейін денеде зат алмасудың түріне байланысты жекелеген ағзаларда оттегіне тапшылықтың жағымсыз әсерлерінің алдын алуға төменгі деңгейдегі температура үлкен ықпалын тигізіп отырды.
Ал, қан қысымының төмендеген деңгейін жасанды және басқару әдістерімен қалыптастыру – артерия қысымының шамасын бақылап төмендетуге немесе операция кезінде қан кетудің азаюына мүмкіндік береді.
Ет босаңсытқыштар - миорелаксанттар мен ӨЖТА –ды қолдану газ алмасуды жеткілікті және үнемдеп қалыптастыруға жағдай жасайды немесе жергілікті және жалпы жансыздандырғыш дәрілер құрамының күшеюіне жеткізеді.
Қосарланған наркоз деп – қазіргі кезде бірінен соң бірі қолданылатын есірткілерді және олардың ет босаңсытқыштармен, жансыздандырғыштармен аралас қолдануын айтады. Сезімсіздендірудің қосарланған әдісі қазіргі жансыздандырудың кейбір құрамын күшейтіп және айқындала түсуін жүйелі түрде қамтамасыз етеді. Ол дененің атқаратын қызметтерін оңай және тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
Есірткілік заттарды денеге еңгізудің әдісіне байланысты наркоздар тыныс алу жолдары арқылы (ингаляционный), тыныс алу жолдарынсыз (не ингаляционный) болып екіге бөлінеді.
Түрлі буланғыш есірткілік заттардың буларымен тыныс алу арқылы берілген наркоз ингаляциялық наркоз деп аталады (эфир, фторотан, флюотан, трилен, азоттың шала тотығы, циклопропан).
Еңгізу жолдары: тұмылдырықтау (маска) және көмекейді түтіктеу (интубационная трубка) жолымен берілетін әдіс – есірткілік қоспа тыныс алу жолына көмекейге қойылған түтікше арқылы (интубационный) беріледі. Егер түтікше кеңірдекке (трахея) немесе оның негізгі тармақтарының (бронх) біріне еңгізілсе - кеңірдек арқылы (эндатрахеальное) жансыздандыру тәсілі, - деп аталады. Наркоздың бұл түрінде көмекей арқылы (интубация) түтікше негізгі кеңірдек тармағының біреуіне ғана еңгізілсе - жалғыз өкпелі наркоз, ал егер екі тесікті түтікшемен енгізілсе - бөлектенген наркоз, - деп аталады. Көмекейге орналасатын түтікше мұрын арқылы немесе ауыз немесе кеңірдек тесігі (трахеостома) арқылы да енгізілуі мүмкін.
Наркоздың көмекейге қойылған түтікше арқылы жүргізілу әдісінің ерекшеліктері - тілдің көмекейге қарай түсуіне, жүтқыншақтың қысылуына, танау мен ауыз қуысынан тыныс алу жолына сөлдің жиналуына, құсықпен тыныс жолдарының бітелуі (регургитация) мен құсу кезінде асқазан – ішек сөлдерінің керсінше өңешке қарай, кеңірдекке ағуы сияқты жағдайларға жол бермейді де, өкпенің жасанды тыныс алуын сапалы өткізуге мүмкіндік береді.
Дем алғандағы және дем шығарғандағы газдардың атмосферадағы ауа қатынасына байланысты тыныс алу жолымен берілетін наркоздың мынандай әдістері болады: ашық, жартылай ашық, жартылай жабық, жабық.
1. Эсмарх тұмылдырығы (маска) арқылы бос атмосфералық ауамен тыныс алып, толық түрде атмосфераға дем шығару наркоздың ашық әдісі болып саналады.
2. Жартылай ашық әдіс - араласқан газбен дем алу жартылай жабық әдісіндегідей де, ал шығару - толық атмосфераға тарайды.
3. Есірткілік заттар наркоз аспабының жабық жүйесі арқылы еңгізіліп, ал шығарылуы жартылай атмосфераға, жартылай наркоз аспабы арқылы шығарылса – ол жартылай жабық әдіс болады.
4. Жабық әдісі кезінде дем алу мен дем шығару жабық – бір жағы өкпемен екінші жағы наркоз аспабымен шектелген жүйенің ішінде жүргізіледі. Ол атмосфералық ауадан түгелдей бөлектенген.
Қазіргі уақыттағы анестезиологияда жиі және кең қолданылатын жансыздандырғыштар – эфир, фтортан, пентран, трихлорэтилен (сұйықтар), азоттың шала тотығы, (закись), циклопропан (газ тәрізділер).
Эфир – түссіз, тұнық, жеңіл тұтанғыш, ұшқыш, өзіндік иісі бар сүйықтық. Бір құрамды наркозда ауырсыздану кезеңі – 2-4 көлем % басталады. Қазіргі кездегі жансыздандыруда қолданылатын заттардың саналуан молшылық және таңдамалы жағдайында немесе наркозды жүргізу тәсілінің шеберлену шағында эфирдің жағымсыз жақтары анықтала бастады. Оларға жататыны: ұзақ мерзімді есірткілікке қанығу; есірткі заттардың ұзақ уақыт бөлініп шығуы; тыныс алу жолдарын қоздыру қасиеті; симпат – адреналдық жүйесіне көрсетер әсері; жарылғыштығы, т.б.
Эфирді хирургиялық тәжрибедегі маңызын, өз қасиетін жоғалтты, - деп санауымыз қателік болар еді. Ол басқа жансыздандырғыштармен қоса – қабат әліде кең қолданылып жүр. Эфирдің үлкен емдік мәніне байланысты тәжірибесі аз анестезиологтардың өздері де оны қолдануда өз көзқарастарын әлі күнге дейін жоғалтқан жоқ.
Фторотан – тұнық, түссіз, тәтті, алма иісті сұйықтық, жарылғыш, күшті есірткі есебінде саналады, эфирден 3-4 есе күшті. Соған қарамастан оның қолданылуына лайықты көрсеткіштер көбеюде. Қоспа түрінде басқа есірткілік заттармен қатар қолданылады. Оның азотың шала тотығымен араластырылып қолданылуы кең етек жаюда. Бұл жағдайларда фторотаның мөлшері азайып, шамадан тыс артық берілу қауіпі едәуір төмендейді.
Сонымен, наркоз газ айналымынан тыс орналасқан арнайы булатқыш (испаритель) арқылы жүргізіледі. Наркозды бірқалыпты ұстап тұру үшін 1,2 –1,3 көлем % сақталады. Ал жартылай жабық әдісте 0,7-1 көлем % жеткілікті. Ол қан тамырларын кеңейтіп, жүрек соғысының қабілеттігін төмендетеді.
Трихлорэтилен, трилен – тұнық, түссіз, өзіне тән тәтті иісі бар сұйықтық. Ол жартылай ашық әдіспен қолданылады. Шағын және қысқа уақытта жүргізілетін операцияларда сезімді тежеу үшін қолданылады. Оның мұндай операцияларда қолданылу мақсаты күшті ауырсыздандыру әсері мен құнарлылығына, ал қолдану аралығының кеңдігі 0,4-0,7 көлем %-да ауырсыздандыру (аналгезия) мен 2-3 көлем %- да жансыздану сияқты әсерлік артықшылығына байланысты болды. Оны үлкен операцияларды жүргізуде шамалы қолданады, өйткені оның есірткілік құрамында ерекше улы қасиеті байқалады.
Пентран, ингалан, метоксифлюран – тұнық, түссіз, жеміс иісті сұйықтық. Оның арнайы ерекшелігі – буларының төменгі деңгейдегі қысымы, соның арқасында демалатын қоспада улы мөлшері мүлдем болмайды. Бастапқы кіріспе (вводный) наркозда өте сирек қолданылады. Өйткені сырқатты ұйықтату 8-10 минутқа созылады. Пентранның 0,5-1 көлем % берілгеннен соң – ақ сезімсіздену жағдайы қалыптасады.
Азоттың шала тотығы (закись) – ауадан салмақты, өзіне тән иісі бар, түссіз газ, әсіресе эфир мен циклопропаннан құралған қоспалары жануды жақсы қалайды. Азоттың шала тотығы әлсіз, сезім жойғыш, тәжрибеде оның басқа есірткісіз және ет босаңсытқыштарсыз қолданылуы шектеулі болады.
Тұмылдырық (маска) арқылы таза азоттың шала тотығы қысқа мерзімді операцияларда, байлап – құрсаулауда (шинирование, иммобилизация), операциядан соңғы кезеңде жергілікті ауыру сезімін азайту мақсатында қолданылады, өйткені оның ауырсыздандыру әсері өте күшті.
Демалатын қоспадағы азоттың шала тотығының мөлшерінің 80 % - дан аса жоғарлауы оттегіне тапшылықтың (гипоксия) қауіптілігімен байланысты болады.
Циклопропан – түссіз, өзіне тән иісі бар, жанғыш, жарылғыш келетін газ. Циклопропанды наркоз жүргізу үшін жансыздандырғыш және оттегіне арналған өлшеуіші (дозиметр) бар арнайы наркоз аспабы қажет. Сезім жойғыштық артықшылығы: есірткілік әсері тез басталады және демалатын қоспадағы оттегінің қысымы жоғары деңгейде қамтамасыз етілген. Сезім жойғыштық иісі мен қоздырғышты қасиеттерінің жоқтығы және денеден тез шығарылуы циклопранды тәжрибеде қолдануға мүмкіндік береді.
Кемшіліктері: жарылғыштығы мен қымбаттылығы.
Трихлорэтилен, трилен – тұнық, түссіз, өзіне тән тәтті иісі бар сұйықтық. Ол жартылай ашық әдіспен қолданылады. Кішкене және қысқа уақытты операцияларда сезім жойдыру үшін қолданылады. Оның мұндай операцияларда қолданылу мақсаты күшті ауырсыздандыру әсері мен құнарлылығында. Қолдану аралығының кеңдігі 0,4-0,7 көлем % -те – ауырсыздандыру (анальгезия), ал 2-3 көлем % -те жансыздану сияқты әсерлік артықшылығында. Оны үлкен операцияларды жүргізуде шамалы қолданады, өйткені есірткілік құнарлылығында ерекше улы қасиеті байқалады.
Буланып, ұшпайтын наркотикалық заттарды денеге еңгізудің арқасында жүргізілетін жалпы жансыздандыру тыныс алу жолдарынсыз берілетін (не ингаляционный) наркоз, - деп аталады.
Көмекейге орналасатын (интубационная) түтікше мұрын арқылы, ауыз – кеңірдек (назотрахеальное) және кеңірдек тесігі (трахеостома) арқылы да еңгізілуі мүмкін.
Наркоздың көмекейге қойылған түтікше арқылы (интубационный) әдісінің ерекшеліктері – тілдің көмекейге қарай түсуіне, жұтқыншақтың қысылуына, танау мен ауыз қуысынан тыныс алу жолына сөлдің жиналуына, құсықпен тыныс жолдарының бітелуі (регургитация) мен құсу кезінде асқазан – ішек сөлдерінің ағуы сияқты жағдайларға жол бермейді және де өкпенің жасанды тыныс алуын сапалы өткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен, наркоз газ айналымынан тыс орналасқан арнайы бұлатқыш (испаритель) арқылы жүргізіледі. Наркозды бірқалыпты ұстап тұру үшін 1,2-1,3 көлем % сақталады. Ал жартылай жабық әдісте 0,7-1 көлем % жеткілікті. Ол қан тамырларын кеңейтіп, жүрек соғысының қабілеттігін төмендетеді.
Жалпы жансыздандырудың ішінде тыныс алу жолдарынсыз берілетін наркоз әдістерінің бірі ретінде көп таралған тәсілдің түрі көк тамыр (венаға) арқылы жүргізілетін жансыздандыруды айта кеткен жөн.
Қазіргі уақытта клиникада сезім жойғыш дәрілердің тік ішек, артерия, тері асты арқылы еңгізілу әдістері хирургиялық тәжірбиеде мүлдем қолданылмайды. Көк тамыр арқылы берілетін наркозды тыныс алу жолдары бойымен жүргізілетін наркозбен салыстырып қарағанда көптеген айырмашылығы бар: жылдам және ыңғайлы жүргізілуі, күрделі аспапсыз қалаған жағдайда қолданылу мүмкіндігі, қозу сатысының байқалмайтындығы немесе жоқтығы, қоршаған ортаға, операцияға қатысушы адамдардың денсаулығына қауіпсізділігі болып саналады. Осыған байланысты келешекте жансыздандырудың болашағы тыныс алу жолдарынсыз берілетін наркозда екенінде сөз жоқ.
Фармакологтар мен химиктердің ізденістері табысты болып, тыныс алу жолдарынсыз қолданылатын сезім жойғыштардың тұтас бір тобын ашты: фентанил, виадрил, калипсол, ардуан, риланиум, сомбревин, кетамин, натрий оксибутираты, тиопентал мен гексенал натрий, т. б. нейролептикалық жансыздандыру мен ауырсыздандыру дәрілері.
Соңғы жылдары жансыздандырудың нейролептанальгезия (НЛА) атты әдісі кең қанат жайып отыр (1959). Жансыздандырудың бұл тәсілі фентанильді вена арқылы еңгізумен жүргізіледі. Оның жансыздандыру дәрежесінің жоғарылығы әр түрлі уақыттағы, әр түрлі көлемдегі хирургиялық операцияларды жүргізуге мүмкіншілік береді. Сонымен бірге нейролептикалық дәрі – дегидробенсперидол беріледі. Ол адамның психикалық қабілетін жойдырады, ауырсынуды, сезгізштікті азайтып, өзіндік психикалық тыныштық қалпын орнатады, ал ақыл - есі сақталған қалпында болады.
НЛА – ның жалпы жансыздандырудың бір тәсілі ретінде өзіне тән ерекшеліктері бар:
1. Операциядан кейінгі кезеңге дейін созылатын күшті сезім жойғыштығы.
2. НЛА тыс әсерін фармакологиялық қарсылас заттардың көмегімен оңай түзету;
3. НЛА кезінде қан айналымының қалыпты деңгейде болуы;
4. Өте аз мөлшердегі улы әсері;
5. Сырқаттардың наркоздан тез шығуы,
6. Сырқаттардың наркоздан соңғы кезеңде жүрегі айнып қусуының жоқтығы;
7. Операциядан соңғы кезеңде ауруда өзіндік психологиялық тыныштық қалыптасады.
^
Қазіргі анестезиологияның міндеттеріне мыналар кіреді:
Толық жетілдірілген жалпы жансыздандыру;
2. Хирургиялық озбырлықтың қалаусыз зардаптарын ескерту;
Толық психикалық және физикалық тыныштыққа жету;
4. Зат алмасудың қажетті мөлшерін, бірінші кезекте газ алмасуды қамтамасыз ету;
5. Операция әдістерін ойластыру және тәжрибеде қолданылуы;
Былайша айтқанда, операция кезінде хирург жұмыс істеу үшін ыңғайлы жағдай жасалуы қажет. Сондықтан, жансыздандыру жұмысы мақсатының орындалуы жалпы және арнайы құрамдардың көмегімен шешіледі.
Анестезияның жұмыс құрамы, - деп кез келген операцияны жасау кезінде туған патфизиологиялық өзгерістер жиынтығын айтамыз. Бұл өзгерістер
1. Психологиялық жайсыздық, ауырсыну дамиды.
2. Ет қозғыштығы, нейро – вегетативті және нейроэндокриндік ауытқулар, қан айналысындағы, тыныс алудағы, зат алмасудағы өзгерістер, аурудың операция жасалған жеріне байланысты өзіне тән өзгерістер әсіресе мида, жүректе, өкпеде, іш – құрсақ ағзаларында, т. б. қалыптасады.
Анестезияның жұмыс құрамдары мыналарға бөлінеді:
1. Наркоздың көмегімен есінен айыру. Алғашқыда наркозды тек есінен айыру үшін ғана емес, ауыруды сездірмеу үшін, нейровегетативті, нейроэндокринді ауытқуларда да қолданады.
Наркоздың озбырлық әсерінің өзіндік бір түрі ол өкпе мен жүрек қызметінде қалыптасатын айтарлықтай өзгерістер. Зат алмасу үрдістерін бұзып, эндокриндік жүйеде күрделі ауытқуларға жеткізеді. Неғұрлым наркоз терең, ұзақ болса соншалықты байқалатын өзгерістер де айқынырақ болады.
Сондықтан, қазірде жеңіл наркозды жиірек қолданады, ал қалған сәттерде фармакологиялық заттардың көмегімен толықтырып, жетілдіреді - (барбитураттар, транквилизаторлар, т. б.).
Ауырсыздандыру (анальгезия) – бұл кезеңде жартылай естен айырылудың белгілері байқалады, ауруда ойлану – сезіну, нейро – вегетативтік, нейроэндокриндік сезім әсерлері сақталып қалады.
Эфир мен пентранның көмегімен жүргізілген наркоздар айқын ауырсыздандырғыш әсерлерімен белгілі, бірақ фторотан науқастың ауырсыну сезімін мүлдем баса алмайды, ал гексенал болса ауырсыну сезімін күшейтіп жібереді.
Ауырсыну сезімін анағұрлым және арнайы тек жергілікті жансыздандыру ғана басады немесе жоя алады. Бұл жағдайда ол ең бір ұтымды әдіс болып саналады.
3. Нейро – вегетативті тежеу (блокада) не болмаса шеттен тыс жағымсыз өзгерістердің алдын алу алғашқы екі құрамның көмегімен қаматамасыз етіледі және тек жансыздандыру мен ауырсыздандыру арқылы қалыптасады. Бірақ, қиын жарақатты операцияларда немесе өте сезімтал аймақтарға операция жасауда қалыптасқан, асқынған өзгерістерді қосымша жою қажет. Олар қосымша фармакологиялық дәрілерді (холиномиметикалық, адреномиметикалық заттар) қолдануға байланысты болады.
4. Қозғалыстың тежелуі мен бұлшық ет салдануы (миоплегия) – наркоз арқылы жергілікті сезімсіздендіру мен шартсыз қозғалыс әрекеттерін және аурудың қозуынан жоғарғы деңгейдегі ет қатаюын болдырмайды (перидуральды, жұлынды жансыздандырулар).
Наркоз кезінде еттің босаңсуы тек наркоздың едәуір терең деңгейінде болады, ал перидуральды және жұлын бойын сезімсіздендіруді жүргізу көптеген әдістемелік қиындықтар мен күрделі қауіптерге байланысты болады. Осы мақсатпен қазіргі уақытта жалпы жансыздандыру мен жеңіл наркоз жүргізгенде бұлшық еттерді босаңсыту үшін ет босаңсытқыштарды (миорелаксант) қолданады.
5. Жеткілікті газ алмасуды қолдану – сезімсіздендірудің негізгі құрамы. Ет босаңсытқыштарды қолдану өкпеде жасанды ауа алмастыруды (ӨЖАА) жүргізуді қажет етеді. Бірақ, тыныс алудың бұзылуы тек ет босаңсытқыштарын пайдаланғандықтан ғана емес, сол сияқты операция кезінде науқастың стол үстінде физиологиялық қалыпта жатпағандығынан немесе тыныс жолдары өткізгіштігінің бұзылуынан да болуы ықтимал.
Бұл өзгерістер төменгі деңгейдегі ауа алмасуы (гиповентиляция) мен жоғарғы деңгейдегі ауа алмасуына (гипервентиляция) және көмір қышқылды газдың көбеюіне (гиперкапния) немесе оның азаюына (гипокапния), ұлпаларда оттегінің жетіспеушілігіне (гипоксия) әкеліп соғады.
Газ алмасудың осы ауытқуларының алдын алу мен болдырмау анестезиологтың жауапты жұмысы болып саналады. Осы мақсатта ол бірқатар әдістерді қолданады:
а) сыртқы тыныс алуды басқару;
б) қандағы оттегі мөлшерін жасанды түрде көбейту (оттегімен емдеу, жоғарғы қысым деңгейінде оттегін қолдану – (ЖҚО - ГБО)):
в) ұлпаларда оттегіне қажеттілікті төмендету (төменгі деңгейде суыту (гипотермия);
г) Тыныстық аналептик заттардың көмегімен өзіндік тыныс алуды өрбіту, бірақ олар сирек қолданылады, өйткені әлсіреген дененің қабілетін тежейді;