Өкпе гангренасы Өкпе гангренасы (Ganqrena pulmonum) – өкпенің өліеттеніп шіруі бұл өкпе ұлпаларының іріп-шіріп ыдырауы. Өкпе абсцессінен өкпе гангренасының айырмашылығы, мұнда өкпенің сау бөліктері зақымданған жерлерінің араларында шекаралық жолақ болмайды. Өкпе гангренасы жылқылар арасында жиі, қойларда сирегірек, ал малдың басқа түрлерінде анда-санда ғана кездеседі.
Себептері. Өкпе гангренасы көбінесе аспирациялық немесе метастаздық пневмонияның асқынуы салдарынан пайда болады. Бронхопневмонияның ателактазды, гипостазды не крупозды пневмониялардың асқынулары да өкпе гангренасына әкеліп соқтырады, бірақ мұндай жағдайлар сирек кездеседі. Өндірістен шығатын газ не түтінмен көп мезгіл тыныс алуда өкпе гангренасын тудыруға себепкер болады.
Дамуы. Организмнің жалпы қарсылық күші әлсірегенде қабыну ошағында іріңдеткіш-шіріткіш микрофлоралар (пневмококктар, стрепкокктар, стафилококктар т.б.) қарқындап өсе бастайды. Ол микробтар қабыну ошақтарына ауа, қан, лимфа арқылы не кеуде қуысы өтпелі жарақаттанғанда енеді. Микробтардың әсерінен қабыну ошақтары іріп-ыдырайды, орны қуыстанады, қуыстар қоңыр-қызғылт түсті, сасық иісті сұйық заттар мен газға толады.
Симптомдары. Ауру үнемі жіті түрде өтеді. Аурудың бастапқы кезінде, дерт қай пневмонияның негізінде басталса сол қабыну түрінің тән белгілері білінеді (дене қызуы көтеріледі, жөтеледі, тыныс алуы киындап жиілейді, сырылдар пайда болып, перкуссиялық дыбыстары күңгірттенеді т.б.). Өкпе гангренасымен ауырған малдың көпшілігінде жүрек қантамыр жүйесі қызметінің әлсіздік белгілері үдей түседі: жүрек саздарының күшеюі және бәсеңдеуі, тамыр соғу толқынының азаюы, сырт қан тамырлары толуының нашарлауы, мойынның көк тамырының қанға толып кетуі. Өкпе гангренасының асқынуы плеврит, пневмоторакс, өкпелерден қан ағу, гемоторакс т.б. ауруларды тудыруға себепкер болуы мүмкін.
Балау ауруға тән клиникалық белгілері мен анамнезіне негізделеді. Қанын зерттегенде нейтрофильді лейкоциттердің көбейгені, лейкоциттердің удан дақтанғаны, эозинофилдің азайғандығы, ЭШЖ-ның артқандығы анықталады. Танау ақпаларының тұнбасын микроскоппен қарағанда лейкоциттердің, микробтардың, май тамшыларының, альвеол ұлпаларының серпімді талшықтарының көбейгендігі байқалады.
Емі. Гангрена ошағында жүріп жатқан іріп-шіру процесін денеге жайылтпау үшін емді іріңдеткіш-шіріткіш микробтардың өсіп-өнулерін басуға бағыттайды. Осы мақсатпен антибиотиктермен бір ем курсын өткізеді. Антибиотиктерді тері астына өте үлкн мөлшерде тәулігіне 3-4 реттен, кем дегенде 5-8 күн қатарынан енгізеді. Антибиотиктерді қолданардың алдында оларға деген микробтардың сезімталдығын анықтап алады. Сонымен қатар, кеңірдек қуысына тәулігіне 2-3 реттен зарарсыздандыратын дәрілердің судағы ерітінділерін 2%-ды этакридин немесе 10%-ды норсульфазол ерітінділерін енгізу ұсынылады.
р/№
Мерзімі
Т.А.Ж.мекен-жайы
Түрі-түсі
Жасы
Жыны- сы
сырға
№,лақап аты
Анамнез,жалпы зерттеу
t
p
d
Ауру барысы-ағымы
Диагноз
Күтіпбағу,азықтандыру.
Емі.
Аурудың нәтижесі
жесі
1.
12.04.
Малшыбай.Қ.Қордай ауылы Жібек-жолы көш № 9
М.ІҚ.
Қара-ала
5-жасар
ұрғашы
KzH 37965310
11.04.Кешегі кештен бастап жем-шөпке қарамай қалды,су ішпейді,сүті азайып қалды,жатқан жерінен жәй тұрады,ауырсынады.
Ауру мал Әүлие-ата тұқымды сауын сиыр, қоңы ортадан төмен,терісі жұқа,жарақат орны,ісік білінбейді,түгі үрпиген,тірек-қимыл қабілеті қалыпты жағдайда. Тері асты лимфа түйіндері үлкеймеген.Көз,ауыз қуысы,қынаптың кілегей қабықтарының түсі ақшыл-күлгін түсті,тұтастығы сақталған,ауыз қуысынан жағымсыз иісшығуда.
40
90
35
Ауру сиыр құйрығын бұлғақтатып,оқтын-оқтын бүйірін тебуде.Күйіс қайырмайды,мес қарынның жиырылуы 2-мин-1рет.Төс сүйегінің шеміршек тұсын қатты нұқыған кезде ауырсынады.Нәжісі тығыз
Rp.:
Сапалы азықтандыру...
р/№
Мерзімі
Т.А.Ж.мекен-жайы
Түрі-түсі
Жасы
Жыны- сы
сырға
№,лақап аты
Анамнез,жалпы зерттеу
t
p
d
Ауру барысы-ағымы
Диагноз
Күтіпбағу,азықтандыру.
Емі.
Аурудың нәтижесі
жесі
1.
12.04.
Малшыбай.Қ.Қордай ауылы Жібек-жолы көш № 9
М.ІҚ.
Қара-ала
5-жасар
ұрғашы
KzH 37965310
11.04.Кешегі кештен бастап жем-шөпке қарамай қалды,су ішпейді,сүті азайып қалды,жатқан жерінен жәй тұрады,ауырсынады.
Ауру мал Әүлие-ата тұқымды сауын сиыр, қоңы ортадан төмен,терісі жұқа,жарақат орны,ісік білінбейді,түгі үрпиген,тірек-қимыл қабілеті қалыпты жағдайда. Тері асты лимфа түйіндері үлкеймеген.Көз,ауыз қуысы,қынаптың кілегей қабықтарының түсі ақшыл-күлгін түсті,тұтастығы сақталған,ауыз қуысынан жағымсыз иісшығуда.
40
90
35
Ауру сиыр құйрығын бұлғақтатып,оқтын-оқтын бүйірін тебуде.Күйіс қайырмайды,мес қарынның жиырылуы 2-мин-1рет.Төс сүйегінің шеміршек тұсын қатты нұқыған кезде ауырсынады.Нәжісі тығыз