1. Конфликт мәселесіне қатысты дайындалған диссекртациялық жұмыстардың динамикасын айтып беріңіз.
2. Конфликтологиялық білімдердің көздеріне нелер жатады?
3. Мәдени-тарихи психологиядағы конфликт
4. Қазіргі шетел психологиясында конфликтілерді зерттеу мәселесі қандай бағытта жүріп отыр?
5. Мінез –құлықтың динамикалық жүйесі концепциясы деген не және оның негізін кім салды?
4. Дәріс. Конфликтілерді топтастыру
Мақсаты: ЖОО студенттерінде конфликтілерді топтастыру мәселесіна байланысты теориялық білімдермен қаруландыру.
Жоспары: 1. Топтастырудың негізгі түрлері
2. Конфликтілерді С.М.Емельянов бойынша топтастыру
Кез-келген ғылымның маңызды міндетті оның зерттеу обьектісі болатын құбылыстардың жиынтығы жайлы білімдерді жүйеге келтіру болып табылады. Классификацияның (топтастырудың) негізділігі (дәлелділігі), әр түрлілігі мен детальдылығы ғылымның даму дәрежесінің критериі қызметін атқарады. Топтастыру–барлық көпшілік объектілерді ажырататын және содан соң қандай – да бір белгі негізінде топтарға біріктіретін ғылыми әдіс. Объектінің қандайда бір, топқа қатыстылығының критериі (өлшемі) ретіндегі белгі, көрінуінің белгіс, шамасы (болмауы) немесе дәрежесі топтастырулық негізі деп аталады.
Конфликтілерді топтастыру олардың маңызды белгілерін, байланыстарын, функцияларын, қатынастарын, деңгейлерін және т.с.с. салыстырмалы зерттеу мақсатында қажет.
Топтастырудыңнегізгі түрлері: типология, систематика және токсономия болып табылады.
Систематика – конфликтілердің кейбір жиынтығы жайлы түсініктерді жүйеге келтірумен сипатталады. Бұл жағдайда топтастыру конфликтінің түріне қарағанда, оның маңызы аз белгісі негізі болып табылады.
Токсономия - әдетте иерархиялық құрлымы бар объектілер топтарын топтастыру және жүйелеу теориясы болып табылады. Конфликт психологиясында бұл құбылыстың таксономиялық топтастыруы мүмкін болғанмен де, әзірге жоқ. Бүгінгі күнде конфликт психологиясында ең кең тараған типология түріндегі топтастыру болып табылады.