Дәріс. Конфликтологияның басқа пәндер арасында алатын орны. Конфликт ұғымы Мақсаты



бет10/39
Дата30.03.2023
өлшемі356,37 Kb.
#77459
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39
Байланысты:
дәрістер кешені 2

-фрустрациялық-агрессивті (Д.Даллорд, Д.Берковитц, Н..Миллер);
-мінез-құлықтық (А.Басс, А.Бандура, Р.Сирс);
-социометриялық (Д.Морено, Э.Дженигс, О.Додд, Г.Гурвич);
-интеракциониетік (Д.Мид, Т.Шибутани, Д.Шпигель).
Психоаналитикалық бағыт ең алдымен, адамзат конфликтілігінің алғашқы концепцияларының бірін жасаған Зигмунд Фрейдтің (1856-1939) есімімен байланысты. Фрейдтің көбінесе ішкітұлғалық конфликтілерімен шұғылданғанына қарамастан оның сіңірген еңбегі тұлға аралық конфликтілердің себептерін санасыздың сферасынан іздеу қажеттігін көрсетуі болып табылады. Фрейдтің ізбасары Альфред Адлер (1870-1937)
тұлғаның микроортамен конфликтілерінің мазмұнын индивидтің толық жетілмегендік және біреулерінің басқаларынан басым болу сезімінен арылу әрекеттерінен көрді.
Карен Хорни (1885-1952), Эрик Фромм (1900-1980), Гарри Салливен (1892-1949) конфликт табиғаты түсінігі кеңейтті, оған әлеуметтік контекст енгізуге тырысты. Сонымен, Хорни индивид пен оны қоршаған ортаның арасындағы конфликтілердің негізгі себебі жақын адамдар бірінші кезекте ата-ана тарапынан тілектестіктің жетіспеушілігі деп санайды. Фромм бойынша конфликті-қоғамда тұлғалық ұмтылыстар мен мұқтаждықтарды іске асыра алмауға байланысты пайда болады.
20-30 жылдары конфликт әлеуметтік психологтардың назарын аудара бастайды. Уильяма Мак-Дугаллдың (1871-1938) пікірінше, қоғамда конфликтілерден қашып құтыла алмайсың, өйткені адамдарға қорқыныш, айуандық, өзін таныту т.б. сияқты әлеуметтік инстинктер тән. Олар тұқым қуалау арқылы беріледі, сондықтан адамдар үнемі конфликт туғызады.
Конфликтіге этологиялық бағыттың бастамасы 30-жылдары австрия жаратылыс зерттеушісі, Нобель премиясының лауреаты Конрад Лоренцтің (1903-1988) еңбектері болды. Әлемдік ғылымда тұңғыш рет ол әлеуметтік конфликтілердің басты себебі индивид пен тобырдың агрессивтілігі деген гипотеза айтты. Лоренцтің пікірінше, жануарлар мен адамда агрессивтіліктің пайда болу механизмдері ұқсас, ал агрессия-тірі организмнің тұрақты күйі.
Топтық динамика проблемасын зерттей отырып, гермондық –американдық психолог Курт Левин (1890-1947) индивид пен орта арасындағы тепе-теңдік бұзылған кезде күштену үстінде болатын мінез –құлықтың динамикалық жүйесі концепциясын жасады. Бұл күштену конфликтілер түрінде көрінеді. Конфликтінің көзі топ лидері іс-әрекеттің жағымсыз стилі болуы мүмкін. Левин конфликтілерді шешу жолдарын тұлғаның мотивациялық аймақтарын және индивидтердің өзара әрекеттесу құрылымдарын қайта құрудан көрді. Йельского университетінің (АҚШ) психологтар тобы конфликтінің жаңа гипотезасын +«фрустрациялық агрессивтік–ұсынды». Бұл концепцияда конфликтілердің биоәлеуметтік себебі – индивидтің агрессивтілігі мен әлеуметтік себеп – фрустрация интеграцияланды.
«Мінез –құлықтық» бағыттың өкілдері конфликтілердің себептерін адамның туа біткен саналарынан ғана емес, сондай-ақ оның осы саналарды өзгертетін әлеуметтік ортасынан да іздейді.
3. Джекоб Морено (1892-1974) жасаған социометрия теориясы бойынша, тұлғааралық конфликтілер адамдар арасындағы эмоционалдық қатынастар күйімен, олардың бір-бірімен қатынасына байланысты симпотиялары мен антипотрияларымен анықталады.
Символдық интеракционизмнің негізін салушы–американдық психолог және әлеумет танушы Джордеж Мидтом (1863-1931) кейін Чикого мемлекеттері өкілдерінің зерттеулері кең резонансқа ие болды. Олардың пікірлерінше, конфликтілердің себептері әлеуметтік өзара әрекеттесу процесінде жатыр. «Индивид орта» қатынастарында ауытқудың пайда болу кезінде субьект ішкі диегормония мен дискомфортты сезіне бастайды. Оларды жойуға талпына отырып,индивид ортаға бейімделу үшін белсенді әрекеттер жасайды. Бейімделу барысында конфликтілер пайда болады.
Қарастырылған кезеңде конфликтіні зерттеу бағыттарын талдау, олар психологияның дәстүрлі бағыттар арқасында олардың теориялық констуктісін көрсете отырып қалыптасқандығын көрсетеді. Бұл бағыттар соңғы 40-45 жылда конфликтіні зерттеукезінде батыс психологтары сүйенетін негіз болды. Мысалы; 60–жылдары психооанализ бен интеракционизм идеяларын синтездеу негізінде трансактілі анализ теориясын жасаған американдық психотерапевт Эрик Берннің (1902-1970) еңбектері жарияланды. Берн бойынша тұлға құрылымы («Мен») үш компонетті – күйді енгізеді. Бұл – «Бала» (еркін эмоциялар, талаптар мен сезімдер көзі) «Ата-ана» (стереотиптерге, нанымдарға, қорытындылауға, үйретулерге көңіл қою) және «ересек» (өмірге рационалды және ситуативті қатынас). Адамдардың өзараәрекеттесу барысында тралекциялар жүзеге асады. Егер қиылыспайтын трансакция іске аса, онда ол конфликтісіз қатынастарды қамтамасыз етеді. Егер қиылатын трансакция пайда болса онда ол конфликтіге әкеп соқтыруы мүмкін болатын қарым-қатынас процесінің бұзылуы жайлы белгі береді.
Қазіргі шетел психологиясында конфликтілерді зерттеу келесі бағыттар бойынша жүреді:

  • теориялық–ойын (Мортон Дойч);

- ұйымдастырушы жүйелер теориясы (Р.Блейк, Дж. Мутон, К.Томас);
- байланыс процесінің теориясы мен практикасы (Роджер Фишер, Уильям Юри)
Теориялық – ойын бағытының өкілдері негізгі міндет конфликтілі ситуацияда өзараәрекеттесудің универсалды схемасын құру және оны шешу деп санайды. Конфликтілі ситуациядағы мінез – құлықтың әр түрлі стильдері мінез-құлықтың екі негізгі түріне топталады: кооперативті және конкурентті.
Жүйелі түрде аталмыш бағыт американдық әлеуметтік психолог М.Дойчаның еңбектерінде көрініс тапқан. Оның концепциясы конфликт психологияның әлеуметтік – психологиялық бағытын тұтас жасау болып табылыды. Автордың пікірінше, конфликтінің негізінде тұлғааралық өзараәрекеттесуге қатысушылар мақсаттарының сыйымсыздығы жатыр. Қарама-қарсы жақтардың мотивтеріне (назар аударуға) көңіл бөлінетіндіктен, осы тәріздес еңбектер көбінесе мотивациялық концепцияға жатады. Теориялық-ойын бағытының жақтаушылары конфликтілер конструктивті, сондай-ақ, деструктивті жолмен шешілуі мүмкін деп санайды. Қатысушылары алға қойылған мақсаттарға қол жеткізгендігіне сенімді болатын конфликт өнімді болып саналады.
Дойча идеяларын дамыта отырып, қазіргі батыс зерттеушілері нақты топтарда эксперименттік ситуациялар туғызады ситуация түрлерінің арасынан конкурентті, кооперативті және аралас ситуацияларды бөліп көрсетеді. Оқыту процесінде конкуренттік ситуацияның мотивациялық эффектісі (әсері) бар. Кооперативті оқыту ситуациясы дәстүрлі дербес оқытуға қарағанда үлкен эффект береді.
Қазіргі психологияда конфликтіні зерттеудің екінші бағыты ұйымдастырушылық жүйелер теориясы бойынша табылады. Бұл концепция ойын теорияларының альтернативасы ретнде пайда болады. Ұйымдастырушылық жүйелер негізінде тұлғалардың конфликт проблемасына (байланыс) қатысты Блейком, Мутон және Томас жасаған бағыт нақты жағдайларда адамдардың конфликтісі мінез–құлық стильдерін зерттеудің өзіндік бағдарламасы болып табылады. Бақталасқа қатынас және өз мақсаттарына жету бағдарларын үйлестіруде
Авторлар конфликтілі ситуацияда мүмкін боларлық мінез-құлықтың бес статиясын анықтады: Конкуренция, бейімделу, бойын аулақ салу, компромисс, ынтымақтастық..
Адамдардың конфликтісі мінез – құлық стильдерін анықтауға мүмкіндік беретін тест американ психологы К. Томастың есімімен аталған.
60-70 жылдардың аралығында конфликтілі өзара әрекеттесудің бөлігі ретінде сөйлестіру процесін зерттеуге байланысты дербес бағыт қалыптаса бастайды. Қазіргі кезде сөйлестіру процесінің теориясы мен практикасы қолданбалы психологияның ең перспективалы бағыттарының бірі ретінде қарастырылады. Зерттеу екі проблеманы шешуге бағытталған: 1) конфликтіге қатысушы жақтардың келісімге келу шешімін қабылдауға мүмкіндік беретін жағдайлардың жиынтығын анықтау; 2) келісімдер процесінің өзін зерттеу келісім процесінің технологиясы әжептәуір жасалған.
Қорытынды ретінде, қазіргі кзде конфликталогияның басқа салаларының арасында конфликт психологияның ролі үздіксіз артып отыратындығын баса айтып кету қажет. Сонымен, конфликт психологиясы–конфликтілердің пайда болу, даму, конструктивті реттеу және аяқталуының психологиялық заңдылықтары мен механизмдерін зерттейтін конфликтологияның жетекші салаларының бірі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет