Дәріс. Конфликтологияның басқа пәндер арасында алатын орны. Конфликт ұғымы Мақсаты



бет8/39
Дата30.03.2023
өлшемі356,37 Kb.
#77459
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39
2-кезең-1924-1990ж.ж. Бұл период жекелеген конфликтологиялық салаларының, оның ішінде конфликт психологиясының да пайда болу, қалыптасу және даму периоды. Конфликт әуелі үш (заңтану, әлеуметтану, психология) ал периодтың соңына қарай 11 ғылымның шеңберінде жеке құбылыс ретінде зерттеле бастайды. Отандық конфликтология тарихында екінші период төрт негізгі этаптан тұрады.
Бірінші этап-1924-1934ж.ж. Ол публикациялардың алғашқы "толқынын" қамтиды. Конфликт проблемасына байланысты психологтар мен әлеуметтанушылардың алғашқы еңбектері шыға бастайды. 1924жылы орыс әлеуметтанушылары мен психологтары, конфликт проблемасына байланысты алғашқы отандық еңбектердің бірінің авторлары П.О.Гриффин мен М.М.Могилевскийдің ғылыми еңбегі жарияланады. Екінші этап-1935-1948ж.ж. Публикациялардың мүлде толығымен жоқтығымен сипатталады. Бұл Ұлы Отан соғысымен және тұтас елдегі жағдаймен байланысты. Үшінші этап–1949-1972ж.ж. Бұл кезеңде конфликт проблемасына байланысты жыл сайын еңбектер жарияланады, алғашқы 25 кандидаттық дисертация қорғалады. Конфликшіні жеке құбылыс ретінде зерттеу философияда, педагогикада, тарихи және саяси ғылымдарда басталды.
20 жылдардан бастап 70-жылдардың ортасына дейінгі кезеңде конфликтіні психологиялық зерттеулер фрагменттік сипатта болғанына назар аудару қажет. Конфликтіні зерттеудің методологиялық және теориялық базасын қалыптастыру үшін қажетті қорытындылайтын сипаттағы еңбектер болған жоқ. Бұл кезеңде конфликт психологияның дамуына Н.С.Кровчун, А.Д.Глоточкин, Н.Ф.Феденко, М.Н.Дьяченко, М.Л.Гамелаури, А.И.Утетипов, А.И.Китов және т.б. сияқты ғалымдар елеулі үлес қосты.
Төртінші этап-1973-1989ж.ж. Бұл этапта, 70жылдың екінші жартысында жиналған эмпирикалық материалды теориялық ұғынуға әрекет жасаған психологтардың еңбектері шықты (Н.В.Крынцс, 1976; А.И.Донцов, Т.А.Полозова, 1977). Конфликтіні психологиялық талдаудың түсінікті схемасы ұсынылды (Л.А.Петровская,1977). Бұл кезеңде конфликтологиялық проблемаларды зерттеуге ғалым психологтар Н.В.Гришина, А.А.Ершов, И.В.Пономарев, А.Л.Свенцицкий, В.П.Галицкий, М.П.Крапивин және белсенді түрде қатысты. Төртінші кезеңнің қорытындысы отандық конфликт психологияда аталмыш құбылысты зерттеудің үш бағытының:ұйымдастыру, іс-әрекеттік және тұлғалық – қалыптасуы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет