Дәріс. Конфликтологияның басқа пәндер арасында алатын орны. Конфликт ұғымы Мақсаты



бет3/39
Дата30.03.2023
өлшемі356,37 Kb.
#77459
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
3-кезең -1990жыл –қазіргі уақыт. Алғашқы пәнаралық зерттеулер пайда болды, конфликтология жеке ғылым болып, ал конфликт психологиясы –оның жетекші саласы болып бөлініп шыға бастайды.Публикациялардың жыл сайын санының шұғыл артуы байқалады (жылына 165-290-ға дейін), конфликтілерді зерттеуге және реттеуге байланысты психологиялық орталықтар, топтар құрылады.Бұған А.Л.Анцупов,Н.В.Гришина,Ю.А.Канатаев,М.М.Рыбакова,Б.И.Хасан,А.И.Шителов,В.А.Хащенко,Э.З.Хащенко және т.б. сияқты психолог зерттеушілер айтарлықтай еңбек сіңірді.
3.Конфликт психологияның даму тарихын қарастыра отырып, осы құбылыстың қазіргі психологиялық концепцияларын зерттеуге көшеміз.
Шетелдік сияқты отандық психологияда да конфликт мәнінің жалпы қабылданған түсінігі әлі қалыптасқан жоқ.Авторлардың бір бөлігі оны қақтығысу, қарама-қарсы әрекет ретінде, қайшылық ретінде түсіндіреді.Кейде конфликт қарым-қатынас түрі, ситуациялық сәйкессіздік, тығырықтан шыға алмау ситуациясы, бәсекелесті өзараәрекеттесу түрі ретінде түсініледі.
Конфликт проблемасына байланысты психологиялық әдебиетте бірнеше бағыттар бөлініп көрсетіледі.Оларды жүйелеуге байланысты алғашқы әрекеттер Р.Л.Кричевский мен Е.М.Дубовскийдің «Психология малой группы»(1991) атты еңбектерінде мазмұндалған. «Басқару контекст-бірлесіп жүзеге асырылатын іс-әрекет-целеполагание – когнитивті процестер» тұлғааралық конфликтісін талдау схемасын негізге ала отырып төрт бағыт бөлініп көрсетіледі: ұйымдастырушы (организационное) іс-әрекеттік, мотивациялық, когнитивті мотивациялық бағыт тек қана батыс психологтарының еңбектерінде көрініс тапқан.Ұйымдастырушылық (организационное) және іс -әрекеттік сияқты бағыттарды бөліп көрсету сәтті болып табылады.Ал, мотивациялық және когнитивті бағыттарға келер болсақ , отандық конфликт психологияда олар ерекшеліктеріне қарамастан тұлғалық деп атауға болатын бір бағыт болып табылады.Демек, конфликтінің қазіргі отандық психологиясында аталмыш құбылыстың мәнін қарастырудың үш негізгі бағыты бөлініп көрсетіледі: ұйымдастырушы (организационное) іс -әрекеттік және тұлғалық.
Ұйымдастырушы (организационного) бағыттың мәні конфликтіні ұйымның қызмет атқаруындағы белгілі бір алауыздықтардың, аталмыш жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін байланыстардың бұзылу процесі немесе салдарлары ретінде қарастырудан тұрады.Мұндай позицияны С.И.Ерина, А.Г.Ковалев , Ю.И.Мягков , А.А.Ершов т.б. сияқты белгілі психологтар ұстанды.
Іс- әрекеттік бағыттың өкілдері (А.И.Донцов, Т.А.Полозова, М.А.Иванов, Е.В.Первышева, В.В.Волков және т.б.) конфликтілерде бірлескен іс-әрекеттерге тән заттық-іскерлік байланыстардың көрінуін зерттеуге көңіл бөледі.
Тұлғалық бағыттың жақтаушылары Н.В.Крогиус, Н.И.Фрыгина, Л.А.Петровская, Н.В.Гришина және басқа да психологтар тұлғаны конфликтілі өзара әрекеттесудің орталық звеносы ретінде қарастыруға сүйенеді.Конфликтіні зерттеудің әр түрлі бағыттарына қарамастан, оның отандық психологтардың басым көпшілігі мойындайтын негізгі мәнді белгілерін бөліп көрсетуге болады.Мұндай белгілердің қатарына төмендегілер жатады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет