Дәріс. Конфликтологияның басқа пәндер арасында алатын орны. Конфликт ұғымы Мақсаты



бет6/39
Дата30.03.2023
өлшемі356,37 Kb.
#77459
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Практикалық сұрақтары:

1.Конфликтологияның ғылым ретінде қалыптасуы қандай себептерге байланысты.


2. Конфликт ұғымына жалпы сипаттама.
3.Конфликтология ғылымының даму кезеңдерін ашып көрсетігңіз.
4.Р.Дарендорв және Л.Козердің конфликтологияның басталуына байланысты көзқарастарына баяндама дайындау.
5.Конфликтінің пайда болу себептерін топтастырып көрсетініңіз.



  1. Дәріс. Конфликтология ғылым ретінде



Мақсаты: жалпы конфликтология ғылымы, оның мақсаты, пәні мен міндеті туралы студенттерге теориялық білім беру.
Жоспары:
1. Конфликтология ғылым ретінде және конфликтілерді шешу өнері
2. Конфликтологияның пәні мен критерилері
3. Конфликтситуациядағы инциденттерді топтастыру
1. Конфликт – (лат.тіл. conflictus- қақтығыс) – күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық күйлермен байланысты әр түрлі мәселерге бойынша өзара түсіністіктің болмауы. Кез-келген конфликтінің астарында қандай да бір мәселеге байланысты қарама-қарсы позициялардан, мақсаттардан тұратын ситуация жатады. Яғни конфликтілі ситуация конфликт субъектілері мен объектілердің міндетті түрде бар болуын талап етеді. Дегенмен де конфликт арық қарай даму үшін инцидент болу керек. Егер қарама-қарсы жақ тура солауй жауап қайтарса, онда конфликт болашақта тікелей және жанама, деструктивті және структивті болып дамуы мүмкін.
Конфликтология дамушы ғылым ретінде әлеуметтік-психологиялық, заң және педагогикалық білімдердің жиынтығына сүйенеді. Бұл ғылым конфликтілердің дамуы мен оны шешу, сонымен қатар оның кері салдарын жою заңдылықтары туралы ғылым.
Конфликтология тек қана ғылым ғана емес, ол сонымен қатар қақтығыс пен диалог жүргізу шеберлігінен тұратын өнер. «Өнер» термині тұлғалық-шығармашылық фактордың маңыздылығы мен конфликтология аймағындағы кешенді білімдер жүйесінің практикалық іске асуын білдіреді. Себебі, тіпті идеалды білімнің өзі практикада конфликтілі ситуациялардың кері салдарын жою технологиясын шеберлікпен қолданусыз іске аспайды.
«Конфликтология» ұғымымен «конфликтолог» ұғымы тығыз байланысты. Конфликтілерді конфликтологтар басқарады.
Конфликтолог – конфликтіде делдалдық жұмыс шеберлігін меңгерген, конфликтілі ситуацияны конструктивті басқара алатын шебер.
Осы мәселенің ерекше өзектілігіне байланысты қазіргі таңда конфликтология ғылым ретінде өзіне жоғары қызығушылықты тартып отыр.
2. Конфликтінің жағымсыз салдарын жою мен оны конструктивті мақсатта қолдану үшін оның ішкі және сыртқы себептерін анықтап, оның болашақтағы даму жолдарын түсініп, болжай білу керек.
Конфликтілі жағдайды объективті түрде талдау оның құрылымын анықтауға мүмкіндік береді.
Конфликтілі ситуация конфликтінің негізі болып табылады:

  • конфликт пәні – қарама-қарсы күресуші жақтардың шешуге тырысатын қайшылықтары (мәселелері);

  • конфликт объектісі – оппонент қызығушылықтарының қайшы қызығушылықтары негізінде пайда болған, оны басқару мен бақылауды қажет ететін мәселелі ситуация;

  • конфликт субъектісі – конфликтінің тууына себепші болған конфликтілі тұлға немесе мәселе;

  • Оппоненттер – конфликтіге қатысушылар. Олар жеке тұлғалар, адамдар тобы немесе ұйымдар болуы мүмкін. Конфликтілі ситуацияның субъектілері мен оппоненттері белгілі бір қатынастармен бір-бірімен байланысты. Мұнда оппоненттердің әрқайсысы субъектілерді монипуляциялауға тырысады.

Субъектіні манипуляциялау – тұлға үшін маңызды болып табылатын белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған жасырын немес ашық әрекеттер. Мысалы: жауапкершілікті өзге бір адамға бере отырып,одан құтылуға болады.Осылайша субъект пен оппоненттер арасындағы қатынас біріншіден конфликт субъектісінің манипуляцияға түсуіне байланысты.
3.Инцидент- кофликтінің пайда болуына себепші болған жағдайлардың , яғни конфликтілі ситуацияның өршіту. Инцидент оппоненттердің инициятивасы бойынша немесе еріктен және объективті, кездей соқ жағдайлардан пайда болған тілектен тыс пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар конфликтілі ситуациялар да оппоненттердің инициятивасы бойынша немесе еріктен және объективті, кездей соқ жағдайлардан пайда болған тілектен тыс пайда болуы мүмкін. Конфликтілі ситуация мен инцидент белгілі бір мағынада бір-біріне ұқсамайды.Мысалы: конфликтілі ситуация объективті жағдайлармен анықталса, ал инцидент кездей-соқ пайда болуы мүмкін.Сонымен қатар конфликтілі ситуация оппоненттер тарапынан әдейі құрылуы мүмкін, ол қандайда бір мақсатқа жету үшін құрылғанмен де мақсаттың жоқ болуына байланысты жеңіліс тауып , кейде өзіне зиян шектіруі мүмкін.Бұл инцидентке де қатысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет